Сәуір айында Медеудегі аспалы жол жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады. Бұл туралы паркті дамытудың кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі жиын барысында Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.
Оның сөзінше, жөндеу жұмыстары 11 сәуірде басталады.«Аспалы жол аса ескәре қойған жоқ. Жөндеу жұмыстарын жоспар бойынша орындаймыз. Ал Шымбұлақ пен Медеуге келушілерге арнайы газ таксилері қызмет көрсетеді»,- деді ол.
Сондай-ақ, жиын барысында экологиялық кеңес құру мәселелері талқыланды, міндеті қала табиғатын сақтау жайы сөз болды.Қала әкімінің ұсынысымен спорт кешені аумағында жазға дейін 1000 тал отырғызылмақ.