Алматы. 3 қазан. 7kun.kz – «Аманат» кәсіподақтар достастығы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде Мейрам Қажыкенді ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл шешім достастықтың орталық және атқарушы комитеттерінің бірлескен отырысында қабылданды
Мейрам Қажыкен «Астана» халықаралық ғылыми-зерттеу кешенінің экономикалық зерттеулер институтының басшысы қызметін атқарады. Ол оған дейін 2015 жылдың қаңтарында Қазіргі қоғамды зерттеу институтының директоры болып тағайындалды, сонымен бірге 2015 жылдың маусымынан 2018 жылдың тамызына дейін Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының жанжалдарды зерттеу мен шешуді оқыту орталығының директоры болды.