Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекет АЭА-ны дамытуға 250 млрд теңгеден астам қаржы салды

Мемлекет АЭА-ны дамытуға 250 млрд теңгеден астам қаржы салды

ҚР-дағы 10 арнайы экономикалық аймақты дамытуға шамамен 250 млрд теңге бюджет қаражаты бағытталды, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Айдаров.

«Арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға кететін негізгі шығындар барлық 10 АЭА-тың инфрақұрылымын салу болады. Бүгінгі таңда мемлекет олардың дамуына 250 млрд теңгеден астам қаржы салды», - деді А.Айдаров.
Сонымен қатар, ол инвестициялар сомасы мемлекеттің АЭА дамытуға шығындаған қаражатынан асып түсетінін айтып өтті. «Экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылған жобалардың құны 2,3 трлн теңгені құрайды, АЭА кәсіпорындарында 9200 астам тұрақты жұмыс орындары құрылды. Салық түрінде бұл ақшалар да қайтарылуда. Атап айтқанда, Астанада салық алымдарын қайтару көлемі салынған инвестициялар көлемінен асып түседі», - деді ол.
Сондай-ақ, төраға орынбасары айырбас бағамының өзгеруіне байланысты кейбір инвестициялық жобалардың қымбаттауы мүмкін екендігін тағы бір ескертті.
Фото:news.headline.kz

Похожие материалы