Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекет ипотекалық несие борышкерлеріне көмектеседі

Мемлекет ипотекалық несие борышкерлеріне көмектеседі

Ипотекалық қарыз алған азаматтарды қолдау үшін 130 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетов мәлiм еттi деп хабарлайды bnews.kz.

«2004-2009 жылдары ипотекалық қарыз алған азаматтарды қолдауға 130 млрд теңге бөлінді. Бiздiң бағалауымызша, 25 мыңнан астам отбасы валюталық қарызын 3 пайыздан аспайтын үстемеақымен 20 жылға дейiн қайта қаржыландыру мүмкiндiгiне ие болады», - дедi Қ.Келiмбетов. Оның сөзiнше, Ұлттық банк пен Үкіметтің іс-шаралары банк жүйесін сауықтырып қана қоймай, елдегі несиелеу жағдайын жақсартады.

Похожие материалы