Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ал мұндай жоғарғы дамуға қол жеткізу және Қазақстан Республикасының бастан кешкен дағдарыстық жылдарды артқатастап, дамудың тиімді жолына түсу үшін мемлекеттің қолдау шаралары қажет болып табылады. Ал мемлекеттің қолдау, дамыту, ынталандыру шараларының негізгілерінің бірі болып бюджеттік-салық саясаты болып табылады. Бұл саясат өз кезегінде мемлекеттік бюджеттің негізінде, оның жоспарлары мен құрамы, толық қандықамтамасыз етілуімен байланысты болып табылады.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржыны орталықтандырудың арасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші аумақтарына шоғырландырылады.
Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысымның тақырыбын қаржы пәнінен «Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі экономиканың дағдарыстық кезеңінде оның дағдарыстан қысқа мерзімде және тиімді даму жолына түсіретін негізгі мемлекеттік саясаттардың бірі мемлекеттік бюджеттің аясында жүргізілетін ынталандыру, қолдау және қаржыландыру шаралары болып табылады.
Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме:
- Қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну;
- Бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау;
- Экономиканың дағдарыстық кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын шараларын, негізгі қолдау саясаттарын ұлттық экономиканы мысалға ала отырып талдау;
- Әлеуметтік саланың дамытудағы бюджеттің маңыздылығы мен дамыту қызметтеріне тоқталу;
- Мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары негізінде жан-жақты талдау;
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАҒА ҚОСАР ҮЛЕСІ
- Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы
Бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұныны құрайды.
Мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүріп отырады. Сонымен бірге бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ререкшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
- Мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
- Құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтары, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
- Қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет кез келген басқа экономикалық категория сияқты өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді ұйымдастыруды, заң шығарушы билікті, басқару апаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белігілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджетіне мынадай деңгейдегi бюджеттер бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi;
- аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi.
Салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
Салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджетi, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi болып табылады.
Салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi болып табылады.
Қазақстан Ресупбликасының бюджет жүйесі құрылымының унитарлық типімен анықталады. өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың президенттік нысаны және сайланатын парламенті бар унитарлық мемлекет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынатсарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді қамтиды. Қазақстанда жалпылап айтқанда мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетке шоғырланған. Оны келесі 1-ші суреттен көре аламыз.
Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер – облыстық бюджеттер, қалалардың, аудандардың бюджеттері. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
1.2 Бюджеттік процесс және оны жетілдіру
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты функцияларды орындайды.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кзеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін анықтайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Еліміздің Конституциясының 4-ші бөлімінің 53 бабында Палаталардың бірлескен отырысында Парламент: «Ресупбликалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді». /1, 25 бет/.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекеттік заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң). Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн және оны келесі сызбадан көре аламыз.
Мемлекеттік бюджет – ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекетік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика және мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. әлеуметтік саясаттағы басымдықтар – халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларын) қолдау, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етеді.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдалаудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындармен және басқа коммерциялық емес ұйымдармен тығыз байланыста болып отырады.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылу процесінде ұлттық шаруашылықтың қаржы шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түседі.
Бюджеттi жоспарлау принциптерiне келесілерді жатқызамыз:
1) сабақтастық принципi - бюджеттi алдыңғы кезеңде негiзге алынған орта мерзiмдi фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы жылдары бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау;
2) басымдық принципi - бюджеттi алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
3) негiздiлiк принципi - бюджеттi нормативтiк құқықтық актiлер және бюджет жобасына белгiлi бiр түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн айқындайтын басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгi бюджеттi жоспарлаудың негiзгi принциптерi болып табылады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты айқындау процесі келесідей сипатта болады:
- Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
- мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiн;
- бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
- бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
- республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
- бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
- мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
- ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.
- Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтiнiнде:
1) алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттiк кредит беруiнiң, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемдерi;
2) жалақының, зейнетақының, айлық есептiк көрсеткiштiң ең төменгi мөлшерi;
3) жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлар көлемi;
4) республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк субвенциялар көлемi;
5) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервi мөлшерi;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердi орындау сомасы;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитi;
8) үкiметтiк борыш лимитi;
9) басқа да ережелер болуға тиiс.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң бекiтiлетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi жалпы iшкi өнiмге ақшалай түрде және процентпен көрсетiледi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне қарауға табыс етедi.
- ҚР БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ БЮДЖЕТТІК ҚОЛДАУ САЯСАТТАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің дамуы және құрылымы
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді ұйымдастыруды, заң шығарушы билікті, басқару апаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белігілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
- мемлекеттік бюджет немесе федералды бюджет;
- Федерация мүшелерінің бюджеттері;
- Жергілікті бюджеттер.
Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталынады.
Қазақстан Ресупбликасының бюджет жүйесі құрылымының унитарлық типімен анықталады. өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың президенттік нысаны және сайланатын парламенті бар унитарлық мемлекет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынатсарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді қамтиды. Қазақстанда жалпылап айтқанда мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
1991 егемендік алған жылдардан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас мемлекеттердің бюджеттері сияқты КСРО-ның мемлекеттік бюджет құрамына кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері соның ішінде ауылдық және кенттік бюджеттерде қайтаанып көрсетіледі.
Қазақстан Ресупбликасының бюджет жүйесі құрылымының унитарлық типімен анықталады. өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың президенттік нысаны және сайланатын парламенті бар унитарлық мемлекет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынатсарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді қамтиды. Қазақстанда жалпылап айтқанда мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіінң басты бөлігі республикалық бюджетке шоғырланған. Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер – облыстық бюджеттер, қалалардың, аудандардың бюджеттері. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджетердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы және жариялылығы қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіреді. Бюджеттердің бірлігі ел аумағында қолданылып жүрген мемлекет кірістерінің жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекет шығыстарының біркелкілігінде көрінеді. Бұл қағидат бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен ұйымдастырылуының бірлігіне, оның әлеуметтік-экономикалық болжаумен өзара байланысына кепілдік береді.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң негізгі қағидалары келесідей:
Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк қағидасы - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық қағидасы - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу;
3) реалистiк қағидасы - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк қағидасы - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу;
5) дәйектiлiк қағидасы - бюджеттiк қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы;
6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк қағидасы - бюджеттердi бюджеттiк бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз ету;
7) басымдық қағидасы - бюджеттiк процестi республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
8) жауапкершiлiк қағидасы - бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;
9) бюджеттердiң дербестiк қағидасы - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң осы Кодекске сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.
Бюджет бірлігі қағидатының міндеті Парламент тарапының бюджеттік қаражаттардың қозғалысына тиімді бақылауды белгілеуі болып табылады. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етіп алады. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделеді.
Бюджетердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, Қаржы министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен, ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады. Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды.
Бюджеттің дербестігі әр түрлі деңгейдегі бюджетердің арасындағы кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджеттердің толықтылығы бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын шоғырландыруды, әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдері мен шығыстары ескірілетін бюджетті жасауды білдіреді.
Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленген барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық тізбесінің және шығыстарының бюджеттерде міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет жүйесінің деңгейлері арасында түсімдерді шектеу негізіне келесі принциптер жатады:
- кірістердің тиянақтылығы, яғни бюджет жүйесінің әрбір деңгейі бойынша заңды түрде тиісті түсімдер бекітіледі және бюджеттік субвенциялар мен алымдардың көлемі орта мерзімді уақытқа тағайындалады. Бұл принцип жергілікті атқарушы органдардың салықтық потенциалды ұлғайту мен жергілікті бюджет шығындарын объективті жоспарлау жөніндегі құштарлықтарын қамтамасыз етеді;
- кірістердің жеткіліктілігі, яғни бюджет жүйесінің әрбір деңгейінде мемлекеттік қызмет көрсетуді толығымен қамтамасыз ететін қаржы құралдары бар болуы тиіс. Аймақтардың экономикалық дамуы үлкен саралаулы болғандықтан, араларындағы салықтық база орналасуы бір қалыпты еместігіне байланысты тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің деңгейі тең болуы әр түрлі реттеуші кірістер пайдалану арқылы іске асырылады;
- кірістерді ретгеу формалары мен әдістерінің ынтымақтылығы, яғни бюджет жүйесінің әрбір деңгейіне қосымша кірістер беру бірыңғай негізде болуы тиіс. Мұндай жағдай ресми трансферттер мен бюджеттік несиелер пайдалану арқылы іске асады, ал облыс-аудан деңгейінде сонымен бірге кірістер бөлу нормативтер пайдалану арқылы. Кірістерді реттеу формаларын анықтау барысында әрбір бюджет деңгейінің салықтық потенциалы мен аумақ бойынша объективті бюджеттік қажеттілікті бағалауының нәтижесін есептеу және бекітілген натуралды нормаларды, яғни қажетті материалды және материалды емес байлықты пайдалану немесе тұтынудың натуралды көрсеткіштерін қолдану қажет;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі, яғни бюджет жүйесінің әрбір деңгейі мемлекеттік қызмет өндіру мен көрсету барысында ең жоғары нәтижені қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай жағдай мемлекеттік қызмет атқаруды бюджет жүйесінің ең төменгі деңгейіне бекіту арқылы іске асады, себебі олар сол қызмет алушылардың нақты қажеттіліктерін есептей және қызметтерді уақтылы әрі сапалы түрде көрсете алады.
2.2 Экономиканының тиімді дамуын бюджеттік қолдау мен бюджеттік саясаттар
Мемлекеттiң экономикаға әсер етуi салық салу құралдары арқылы жүргiзiледi. Мемлекеттiк шығындар мемлекеттiк бюджеттiң қаржыларын пайдалану нәтижесiнде мүмкiн болады, ал салық бюджеттi қаржымен қамтамасыз ететiн бiрден-бiр құрал.
Ресурстар жұмыспен толық қамтылмаған жағдайда тепе-теңдiк жағдай қалыптаса бередi. Сондықтан пайда болған үзiлiстi жою үшiн, экономиканы мемлекет тарапынан реттеу құралдары пайдаланылады. Олар бюджетке төленетiн салық төлемi мен мемлекеттiк шығындар көлемiнiң өзгеруi арқылы жүзеге асырылады.
Бюджет-салық саясаты (қазыналық (фискальный) саясат) – мемлекеттiк бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттiк шығындардың өзгерiсiн реттеу мақсатында үкiмет тарапынан жүргiзiлетiн шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдiгiн және экономиканың өсуiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (қазыналық экспанция) – бұл саясат қысқа мерзiмдi кезеңде экономикадағы циклдiк құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшiн мемлекет шығындарды өсiрiп, салық ставкасы мөлшерiн төмендету арқылы немесе бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзег асырылады.
Ұзақ мерзiмдiк кезеңде салықты төмендету саясаты өндiрiс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттiң өсуiне алып келуi мүмкiн. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенi салық салық реформасының жүргiзiлуiне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Ұлттық банк жүргiзетiн тежеушi ақша-несие саясатымен және мемлекеттiк шығындардың құрылымынын оңтайландырумен байланысты.
Төлеушi бюджеттiк-салық саясаты (қазыналық шектеу) - экономикдағы циклдiк өсудi тежеу мақсатын көздейдi. Бұл саясатты жүзеге асыру үшiн, мемлекеттiк шығындар төмендеп, салық мөлшерi жоғарылайды немесе бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қысқа мерзiмдiк кезеңде бұл шаралардың нәтижесiнде, өндiрiстiң құлдырауы мен жұмысссыздық деңгейiнiң өсуi салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкiндiк бередi.
Ұзақ мерзiмдiк кезеңде өспелi салық “сынасы” жиынтық ұсыныстың төмендеуiне және құлдыраушылық механизмiн ашуға негiз болуы мүмкiн. Бұл құбылыс әсiресе төменднгi жағдайларда кездеседi: мемлекеттiк шығындардың азаюы бюджеттiң барлық баптарында пропорционалды қысқартып, жүзеге асырылып отырса және еңбек рыногының инфрақұрылымына мемлекекттiк инвестиция берiлуiнде басымдылық болмаса.
Мемлекеттiк шығындарды тиiмсiз басқарумен қатар уақытқа созылған құлдыраушылық экономикалық әлуеттiң бұзылуына әсерiн тигiзедi. Мұндай жағдай экономиканың өтпелi кезеңiнде жиi кездеседi.
Қысқа мерзiмдiк кезеңде салық-бюджет саясаты баланстық бюджеттiң, салықтың және мемлекеттiк шығындардың мультипликаторы әсерiмен байланысты болады.
Мемлекеттiк шығындардың өзгерiсiн көру үшiн кейнс кресiн пайдаланамыз. Мемлекеттiк шығындар жиынтық шығындардың құрауышы болып табылады, олардың өсуi жоспарланған шығындарды да өсiредi.
Елiмiздегi экономикалық циклмен дамуы егемендiгiн алған жылдардан бастап құлдырау және соңында 1994-1995 жылдары дағдарыстың жоғары дәрежесi көрiндi. Ал 1996 жылдан бастап елiмiз экономиканың жандануы, инфляцияның төмендеуi, ЖIӨ-нiң өсуi сияқты көрсеткiштер оң бағытта өсiп экономикалық циклдiң жандану және өсу сатысындамыз.
Республикадағы экономикалық дағдарыстар ең алдымен оның терең тамыр жайып, қоғамдық өмiрдiң барлық саласына әсер етiуiмен сипатталады. Мұның өзi өндiрiс құлдырауының қәусап-күйреу кейпiнен, оның тиiмдiлiгiнiң күрт төмендеуiмен көрiнедi.
Жалпы елiмiздегi экономикалық дағдарыс 1991 жылдан басталған жоқ, ол сонау Кеңес басшылығының 1985-1991 жылдардағы экономикалық саясаты экономиканы дағдарысқа сол кезден бастап бұрған едi. Әуелi кәсiпорындар, сонан кейiн аймақтар қалыптасқан шаруашылық байланыстарын үзе бастады, бартерлік қарым-қатынастарға көштi, мемлекеттiк тапсырыс бойынша өнiм өткiзудi тоқтатты, барлық таза пайданы тұтыну қорларына айналдырды. Мемлекеттiң бюджетiнiң тапшылығы мен инфляция өсе бастады, ақша жүйесi құнсызданып, экономиканы тиiмдi басқару құлдырап кеттi. 1990 жылдары елiмiзге келетiн өндiрiтiк инвестиция тоқталды. 1990 жылы өндiрiс көлемi абсалюттi түрде құлдырап, елiмiз экономикалық дағдарысқа кiрдi. 1991 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнiң құлдырауы 8 пайызға жеттi. Экономикада аласапыран дағдарыстық кезең басталды.
Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өтуде ең алғашқы мiндет – ол экономиканы ырықтандыруға, шаруашылық жүргiзудi демократияландыруға негiзделген, инфляцияны тежеуге бағытталған қатаң қаржы – ақша, бюджеттік саясатымен ұштастырылған түбегейлi реформа жүргiзуді қажет етті.
Осылайша елiмiздiң тәуелсiздiк алған оншақты жыл жалпы дағдарыстарға толы болды. Ол дағдарыстарды былай жiктеуге болады:
- экономикалық өсудегi дағдарыс;
- инфляциялық дағдарыс;
- төлем қабiлетi дағдарысы;
- инвестициялық дағдарыс;
- әлеуметтiк саладағы дағдарыс;
1991-1995 жылдардағы экономикалық өсудегi дағдарыстың басты себебi инфляциялық жағдай болып табылады. Өйткенi 1992-1994 жылдарда елiмiзде инфляция қарқыны тым үлкен болды. Инфляция деңгейi 2000%-дан асып кетiп, гиперинфляцияны құрады.
Осыған байланысты 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi енгiзуiмiзге тура келдi. Алайда соның өзiнде инфляция белең алып отырды. Осы мәселе туралы ұлттық валюта енгiзiлгеннен бастап елдегi банк жүйемiз нақты ақша-несиелiк және валюталық реттеуге кiрiстi. Осының нәтижесiнде экономикада 1995 жылдан бастап инфляция деңгейi төмендей басатады, ал ол өз кезегiнде экономикалық өсуге жол ашты.
Осы жылдардағы дағдарыста экономика секторларының жаппай тоқырауға ұшырауы, елде жұмыс орындарының жабылуы, бұрынғы экономикалық жүйенің бұзылуы, мемлекеттік қолдау шараларының мүлдем болмауы, инфляцияның ең жоғары дәрежелерде орын алуы жалпы ұлттық экономиканы дағдарысқа ұшыратты. Осы дағдарыстан алып шығуда мемлекеттік бюджеттің реттеу және қолдау, көмек көрсету шараларының орны ерекше болды. Сол жылдары мемлекеттік бюджеттің алдына қойған басты мақсаттарына келессілерді жатқызуға болады:
- Мемлекеттің негізгі басқару аппараттарын қаржыландыру, тұрақтылықты және халықтың басты мұқтаждықтарын қамтамасыз ету;
- Әлеуметтік саланы дағдарыстық кезеніндегі жағдайына көмек беру;
- Орын алған инфляцияның жоғарғықарқынымен мемлекеттің тікелей реттеу және оған қарсы саясаттарды жоғары тәуекелге бара отырып мемлекеттік бюджеттің реттеу саясаттарын қатаң түрде қолдану;
- Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларды қаржыландыруды жүзеге асыру;
- Мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. әлеуметтік салаларды ұстап тұру, оларды дамытуға қаржы бөлу;
- Халықтың тұрмысының жоғарлатуға байланысты мемлекеттік бюджет аясында жалақыларды, зйнетақыны және жәрдемақыларды уақтылы беруді қамтамасыз ету және олардың көлемін өсіру болып табылды.
Ал 1996-1999 жылдардан бастап ұлттық экономиканың дағдарыстық кезеңнен шыға бастауы және ендігі жерде экономикалық өсудің тұрақты да тиімді жолына түсу үшін мемлекеттік бюджет өз алдына жаңа мақсаттарды қойды. Оларға:
- Құлдырауға ұшыраған экономика салаларын, өндірісті және өнеркәсіп орындарын қаржыландыру, оларға салықтық жеңілдіктерді енгізу арқылы ынталандыруды жүзеге асыра бастау;
- Шағын бизнесті қолдау және дамытуға байланысты шараларды қаржыландыру, оларды қолдау, жұмыссыздықпен күресті жүзеге асыру;
- Әлеуметтік саланы одан ары дамыту, денсаулық сақтау және білім беру салаларын қаржыландыру;
- Тоқырауға ауыл шаруашылығына мемлекеттен тікелей қолдау шараларын жүргізу, оларға субсидиялар мен субвенциялар көлемін өсіру, ауыл шаруашылығы субъектілеріне салықты барынша азайту;
Қазақстан Республикасының бюджетінің соңғы 2003-2006 жылдардағы бюджеттік бағдарламаларының, жоспарларының басты бағыты ендігі жерді елімізде Елбасының Жолдаулары мен қабылданған стратегиялар төңірегінде болуы анықталды. Бұл тиімді даму Жолдаулары мен стратегиялары ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті экономикаға өтуін, индустриялы-инновациялы экономикаға өту, әлеуметтік саланы дамыған елдер деңгейіне жеткізуге ұмтылу, ал ең негізгі Елбасымыздың биылғы 2006 жылғы халыққа Жолдауында айтқан Қазақстанды әлемдегі дамыған 50 елдін қатарына қосу екені баршаға мәлім. Осы нәтижеге жету үшін мемлекеттік бюджет алдағы жылдары ірі көлемдегі экономиканы шикізаттық бағыттан индустриялы-инновациялы өндіріске өтуіне негіз жасау, ондай экономикалық шараларға бюджеттік қолдау көрсету, бюджеттік ынталандыру саясаттарын жүзеге асырып жән мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржыландыру қолға алынып жатыр.
Әлеуметтiк дағдарыс Қазақстан Республикамызда күнi бүгiнге дейiн орнын таппаған, басты шешiлмеген мәселе болып келдi. Елiмiзде 1990 жылдан бастап жаппай өндiрiстiң құлдырауымен байланысты өнеркәсiп орындары жаппай банкротқа ұшырауы және өндiрiстiң қысқаруы салдарынан жұмыссыздық жаппай орын алды. Халықтың табысы, еңбекақысы төмендеп, қоғамда кедейлiктiң өсуi орын алды. Сондай-ақ бұрынғы Кеңестік кезендегi жүйеге үйренiп қалған халық нарықтық құрылымға бiрден ене алмады. Тiптi кейбiреулерi бұрынғыдай мемлекет жұмыс тауып бередi деп санаса, көбiсi бұрынғысынша жұмыс iстемесем де ақша табуға болады деп ойлады. Ал нарықтық экономика мүлдем мұндай емес едi, онда қаншалықты еңбек iстесен соншалықты табыс табасын.
Сондықтан елiмiз әлеуметтiк мәселелердi шешу үшiн әр түрлi реформалар жүргiзуде. Оның iшiнде ең маңыздылары шағын және орта бизнестi қолдау, осы арқылы халықтың басым бөлiгiн жұмыспен қамту болып табылады. Халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасын жақсарту бұл қоғамдық дамудағы республиканың әлеуметтiк-экономикалық саясаты арқылы жүргiзiледi. 1999 жылдан қазiргi уақытқа дейiн экономикалық активтi халық саны өсiп отыр.
Еліміз экономикасында орын алған осынау орасан зор дағдарыстық кезеңнен шығу, экономиканың құлдыраған салаларын, әлеуметтік орын алған мәселелерді шешуде мемлекеттік бюджеттің де қосқан үлесі аз болмады.
Қазақстан Республикасының нарық жағдайында экономикасының дамуы, мемлекеттің экономикалық саясатының құрылымдық және қаржы саясаттарының шешуші шараларына байланысты. Қаржы саясатының негізі болып фискалдық саясат, яғни үкіметтің салық салу жүйесіндегі және мемлекеттік шығындарды реттеуі төңірегінде жүргізетін бюджеттік-салық саясаты саналады. Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен атқаратын рөлі, қоғамның саяси және экономикалық құрылғысына, мемлекеттің табиғаты мен алдында тұрған міндеттеріне байланысты анықталады.
Қазіргі мемлекеттердің барлығында дерлік, азаматтарды экономикалық қиыншылықтан қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік бюджет аясындағы әлеуметтік қорғау жүйесі бар. Әлеуметтік қолдау дегеніміз – қоғамның табысы аз мүшелеріне қаржылай көмек көрсететін үкімет бағдарламасы.
Фискалдық саясатқа мемлекттің бюджет қорын бөлу қызметі де жатады, яғни бір жағынан салық салу жүйесі арқылы бюджеттің кіріс қорын толтыратын болса, ал екінші жағынан – оларды экономикада және қоғамда қажеттілік туындап отырған салаларға немесе аумақтарға жұмсаумен, бөлумен айналысады. Мемлекет дәр осы қорлардың есебінен ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қоғамдық игіліктері мен қызметтерін тұтынуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ саяси, әлеуметтік, экологиялық және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.
Мемлекеттің салық саясатының басты міндеті болып, салық ставкаларын үкіметтің мақсатына сәйкес өзгерту. Фискалдық саясатты жүргізу – еліміздің заңды органдарының айрықша құқы, себебі бұлар мемлекеттік бюджетті қысқарту және бекіту арқылы салық салуды және олардың жұмсалуын бақылайды. Сондықтан да қаржы тұрақтылығының жалпы ережесі бойынша, дағдарыс кезінде де қаржы ресурстары мен бұларға қарама-қарсы қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері сәйкес болуы керек. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі, өндірілген жалпы қоғамдық өнімнің көлеміне байланысты. Ұлттық табыстағы әлеуметтік қажеттілік көлеміне шектеу енгізу минималды күнкөріс минимумын; минималды тұтыну бюджетін; тұтыну корзинасының құқы; еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы және степендия төлеудің минималды мөлшері сиықты тұтынудың әлеуметтік нормативтерін пайдалануға мұқтаждық етеді. Инфляция жағдайда халықтың өмір сүруінің қажетті әлеуметтік деңгейін сақтап тұруы үшін еңбек ақы мен әлеуметтік төлемдерге индексация жүргізіледі, өтемдік үстемақылар ұсынылады. Мұнымен қатар, халықтың әлеуметтік қажеттілігі мен оны қанағаттандырудың негізі болып, еңбек ақы төлеу түрлері мен жүйелері, табыс жәнеәлеуметтік салықтардың ставкасы арқылы еңбек ақыны салықтық реттеу, тұтынуға бағытталған қордың өсімін немесе еңбек ақы төлеудің жалпы қорын реттеуі саналады.
Егер де әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, кез келген елдің даму дәрежесі әлеуметтік аяға жұмсалған қаржы дәрежесіне тікелей байланысты. Қазіргі заманның өзінде дамыған батыс елдерінің көбісінде инвестицияны әлеуметтік аяға, соның ішінде адамзат капиталына салу, ұлттық байлықтың материалды заттай элементтеріне салынатын капитал салымына қарағанда әлдеқайда жылдам артуда. Сондықтан да бағытты әлеуметтік жағдайға қарай бұрған кезде, қайта бағытталудың мақсаты мен соңғы нәтижесі болып, экономикалық өсудің негізгі көзі мен экономикалық өсудің негізгі факторы болып табылатын – адамзат капиталының ескерілуі қажет.
Әлеуметтік аядағы қаржы механизмінің әрекет етуінің өз ерекшелігі бар. Әлеуметтік ая көп жағдайларда бейнарықтық сала болып табылатындықтан, мемлекеттің реттеуші рөлі экономиканың басқа салаларына қарағанда әлдеқайда қажетті болып табылады. Бұл жерде әрине мемлекеттік бюджеттің қолдау, көмек көрсету шаралары баса қажетті. Соңғы жылдары әлеуметтікмәселелерді шешу жергілікті бюджеттің рөлін арттыра түсуде. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыру үшін жергілікті бюджет қорының жетіспеушілігі салдарынан трансферттер, мақсатты субвенциялар, дотациялар, мақсатты бағдарламалар, бюджеттік несиелер сияқты реттеуші механизмдерді пайдалануды мәжбүр етеді.
Бюджет жүйесін жетілдіру орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігіне мұнай емес түсімдердің есебінен біртіндеп көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.
2007 жылы Бюджет кодексіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мұнай және мұнай емес кірістердің ара жігін нақты ажыратуға мүмкіндік береді.
Ұлттық қорға жіберілетін түсімдер өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдерімен және мұнай операцияларынан және шикі мұнай мен газ конденсатынан түсетін басқа да түсімдермен, оның ішінде бұрын бюджеттік бюджеттік кіріс бөлігіне түскен мұнай келісім-шарттың талаптарын бұзудан түсетін түсімдермен толықтырылды.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, оларың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларын қабылдауды талап етеді. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары ұлғаюда, бұл 2000-2006 жылдар бойы жүргізіліп келген бюджет процесін (Бюджет кодексі, бюджеттік бағдарламалардың паспорттары, тиімділікті бағалау және т.б.) жетілдіру бір жағынан бюджет жүйесін ретке келтірді, екінші жағынан мемлекеттік органдардың жауапкершілігін шектеуге әкеп соқты және олардың мемлекет қаржысын басқару икемділіктерін тудырды. Қазіргі ережелер, нормалар мен нормативтер қиындықпен немесе бюджет қаражатын пайдаланудың нақты нәтижелілігін төмендету есебінен формальды түрде орындалуда.
Бюджет процесін егжей-тегжейлі регламенттеу қажеттілігі бюджет қаражатының жетіспеушілігімен қатар жүрген кең ауқымды құрылымдық қайта құрылулар кезеңінде орынды болды, ел қаржысын басқару кредиторлық берешектің өсуімен және қаржы көздерімен қамтылмаған мемлекеттік міндеттемелер салдарынан сипатталған. Берілген проблемаларды реттемей экономиканы тұрақтандыру және одан әрі өсіру мүмкін емес.
2006 жылға қарай қалыптастырылған рәсімдер бюджетті қалыптастыру мен атқарудың ашықтығы мен есептілігін, сондай-ақ бюджет есептілігінің жеделдігі мен сенімділігінің белгілі бір деңгейіне жетуге мүмкіндік берді. Алайда, бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды бақылаудың қазіргі жүйесі бюджет шығыстарының ресурстарға қажеттілікке сәйкес толық қамтамасыз етеді, бұл бекітілген көрсеткіштер мен нақты кассалық шығыстардың арасындағы максималды дұрыс сәйкестікті қамтуды білдіреді.
Сонымен қатар, бұл ұстаным бюджетті қалыптастыру және оны атқару кезінде жүргізіліп отырған мемлекет саясатының мақсаттарына жету дәрежесін толық көлемде қадағалауға мүмкіндік бермейді және қолда бар ресурстарды тиімді әрі нәтижелі пайдалануға кепілдік бермейді.
Бұл ретте, әкімшілердің жекелей алғандағы көбіне мемлекеттік органның ішкі міндеттерін шешуге тұтастай, елдің және қоғамның міндеттерін шешпеуге бағытталған өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілігіне қатысты шын мәнінде маңызды нормаларды орындаудың формальдылығы байқалады.
Мұндай ұстаным бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелілігінің орнына, қаржы ағындарына бақылауды қалыптастыру мен сақтауға мүдделілігі көрінетін “бюджеттік шектеулердің босаңдығын” айқындап берді.
Аталған жүйелі кемшіліктерді жоюға бюджеттік ресурстарды мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін және нақты, өлшенетін қоғамдық маңызы бар нәтижелерге қол жеткізуде бюджет процесіне барлық қатысушылардың орнықты мүдделілігі мен қызығушылығын жасаумен тұжырымдалатын жүргізіліп отырған әкімшілік реформаның іс-шаралары бағытталған. Бюджет жүйесі формальды емес, нормативтік белгіленген қағидаттар мен ережелерді орындау тұрғысынан іс жүзінде бірыңғай болады.
Берілген міндетке жету үшін біріншіден, әкімшілерге белгілі бір нәтижелер үшін бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын бөлу мен пайдалануда кеңірек тәуелсіздік беру жолымен, және екіншіден, аталған нәтижелерге қол жеткізу мемлекеттік органдардың дербес жауапкершілігін күшейту жолымен жоспарланып отыр.
Бюджетті жоспарлау және атқару бюджет қаражатын пайдаланудың бағыттары мен нәтижелері туралы толық ақпаратпен сүйемелденеді, оның негізінде бюджет саясатын өзгерту туралы шешім қабылданады, ал мемлекеттік органдар өз функцияларының сапалы орындалуына жауапты болады.
Бюджетті жоспарлау мен атқару рәсімдерін жетілдіру шаралары мынадай қағидаттарға негізделеді:
- стратегиялық, орта мерзімді мақсаттармен, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсіру міндеттерімен үйлестіру;
- республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсірудің стратегиялық, орта мерзімді міндеттерінің индикаторларына сәйкес келетін түпкі нәтижелерге және нысаналы индикаторларға қол жеткізу;
- корпоративтік басқару;
- мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ағымдағы және күрделі шығыстарын қалыптастырудың объективтілігіне қол жеткізу;
- бюджетті әзірлеу және атқару жөніндегі рәсімдерді ықпалдастыру;
- мемлекеттік органның ішінде және мемлекеттік органдардың арасында бюджетті атқару рәсімдерінде қайталанатын іс-қимылдарды болдырмау;
- ақпараттық жүйелерді оңтайлы қолдана отырып, бюджетті жоспарлау және атқару кезеңінде еңбек өнімділігін арттыру.
Нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу – бұл бюджет ресурстарын мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен бюджет қаражатын пайдаланудың күтілетін нәтижелерінің қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, мемлекеттің мақсаттары, міндеттері мен функциялары бойынша бөлуді қамтамасыз ететін бюджетті жоспарлау, атқару және атқарылуын бақылау әдісі.
Бұл әдіс шығындар мен нәтижелерді, бюджет қаражатын жұмсаудың ең тиімді жолдарын таңдауға, жоспарланған нәтижелердің деңгейін және олардың сапасын уақтылы бағалауға мүмкіндік береді.
2009 жылдан бастап үш жылдық бюджеттік жоспарлауға көшу іске асырылады. 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу экономика дамуының бюджет кірістері мен шығыстарын орта мерзімді болжамдауда бар тәжірибеге және бюджет процесінің жетілдірілген әдістеріне негізделетін және қолданылатын болады.
Фискалды саясатта орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігі мұнай емес түсімдердің есебінен біртіндеп көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Осы орталықтандырылған қаржылар арқылы мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық маңызды функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналады.
Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Рынокқа өтпелі кезеңде бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық арақатынастарын жақсартуға ықпал етеді, нарықтық инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл шаралар тек салықтардың ынталандырушы рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін болады.
Мемлекеттік бюджеттің негізінде жүргізілетін шаралар арқылы дағдарыстық жағдайда одан шығуға байланысты қызметтер, қолдау мен фнталандыру саясаттары жүргізіледі. Осындай дағдарыстық кезеңдегі негізгі бюджеттік қолдау шараларына келесілерді топтастыруға болады:
- Экономиканы реттеудің, ынталандырудың бірден-бір көзі салық болғандықтан, ал салық мемлекеттік бюджеттің кірісінің негізгі көзі ретінде экономиканы бюджеттік-салықтық реттеу саясаты, яғни ынталандырушы және тежеуші бюджеттік-салық саясаттары жүзеге асырылады;
- Әлеуметтік саланы қолдау, елдің білім беру, денсаулық сақтау мен қарулы күштерін қызметін үздіксіз жүргізуге, ұстап тұруға байланысты оларды қаржыландыруда ең тиімді бюджеттік шараларды іске асыру, әлеуметтік саланың әлсіз жақтарына нақты көмек көрсетіп отыру;
- Экономиканың өндіріс секторларын, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, технологияны және шағын бизнесті дамыту мен қолдауға байланысты оларға бюджет тарапынан жеңілдікті несиелер беру, субсидиялар тағайындау, жеңілдікті салық режимдерін пайдалану болып табылады.
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық деңгейдегі білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыруды және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынана асып отыр. Сонымен бірге өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық жұмыстарды атқаруға, дүниежүзілік қауымдастықтағы біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарналарға жұмсалатын шығындарда күннен-күнге өсуде. Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 бөлігі жұмсалады.
2002 жылдан бастап елдің бюджеттік бағдарламаларының ағымдағы және даму бағдарламаларына бөлуіне байланысты, мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінде ағымдағы шығыстардың бюджеті және даму бюджеті етіп бөлу практикасы қолданылып келеді. Даму бюджетіне инвестициялық және инновациялық қызметті қаржыландыруға жұмсалатын қаражаттар және ұдайы өндіріспен байланысты басқа да шығыстар қамтылады. Ағымдағы бюджетте қолданылып жүрген нормалардан және әлеуметтік қамтамасыз етудің қалыптасқан деңгейінен туындайтын барлық шығыстарды шоғырландыру қарастырылады.
Сонымен жұмысты аяқтай келе, мемлекеттің экономиканы тиімді дамытудың бірден-бір жолы бюджеттік шаралар мен саясаттар негізінде екендігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының алдағы уақыттарға арналған мемлекеттік бюджет жоспарларының негізгі бағыттары болып әлеуметтік саланы бірінші орынға қоя отырып, өндірістің бәсекеге қабілетті салаларын қолдап, инновациялы экономикаға өту және әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылуға бағытталған шаралар жиынтығынан тұрады. Әрине бұл нәтижеге жету үшін қажырлы еңбек пен жоғарғы қарқынды жан-жақты экономикалық дамуға қол жеткізуіміз керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2004 ж. 24 сәуірдегі N 548-II)
- Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2002ж.
- Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
- Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
- Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2001. – 252 с.
- Финансы, денги, кредит. Учебник. Под. ред. О.В. Соколовой. – М: ЮРИСТ, 2001. – 784 с.
- Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
- Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 бет.
- З.С. Мұхамбетова «Мемлекеттің әлеуметтік аяны рететудегі фискалдық саясаттың маңызы» // Вестник КазНУ. Серия экономическая. №4, 2003г.
- Л. Бурлаков «Совершенствовать межбюджетные отношения» // Қаржы-Қаражат, №6, 2005г. 12-17стр.
- Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты.
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2007 жылғы 29 тамыз, №754, Астана, Үкімет Үйі.