Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттік бюджетке 5,8 трлн теңге көлемінде табыс түскен

Мемлекеттік бюджетке 5,8 трлн теңге көлемінде табыс түскен

Астана. 20 желтоқсан. 7kun.kz - Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында осы жылы мемлекеттік бюджетке түсетін табыстың өскенін мәлімдеді. 

Оның сөзінше, мемлекеттік бюджетке (трансфертсіз) 5,8 трлн теңге көлемінде табыс түскен. Мемлекет бюдежт табысын артығымен орындау 396 млрд теңге болды. Республика бойынша - 255 млрд теңге, аймақ бойынша - 141 млрд теңге. "11 ай ішінде өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің табысы 31,8%-ға өскен. Республика бойынша өсім 41,1%, аймақ бойынша 13,6%", - деп атап өтті Сұлтанов. Жалпы алғанда мемлекеттік бюджеттің табысы 107,3%-ға, республикалық бюджет табысы 106,6%-ға және аймақ табысы 109,1% орындалған. Жыл қорытындысы бойынша, салық түсімдері шамамен 250-300 млрд теңге көлемінде болуы мүмкін. "Бұл бізге Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт тартпауға мүмкіндік береді", - деді ведомство басшысы. Мемлекеттік бюджет шығыны 20%-ға өсіп, 9 трлн теңгені құрады. Жалпы алғанда, мемлекеттік бюджеттің шығын 97%-ға, республикалық бюджет шығыны 98,2%-ға және жергілікті бюджет шығыны 96,6%-ға орындалған.

Похожие материалы