Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда бірқатар бағыттар бойынша теміржол билет тарифі өзгереді

Қазақстанда бірқатар бағыттар бойынша теміржол билет тарифі өзгереді

Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі 2018 жылы бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттерінің бағасын жоспарлы түрде көтеру туралы хабарлады. Бұл өзгеріс тасымалдаушылардың шығындарының артуымен байланысты және маршруттарды сақтап қалу мақсатында жасалып отыр. Тарифтерді түзету күтілетін инфляция шегінен асып кетпейді.

Осылайша, 38 бағыт бойынша билет бағасы 7 пайызға, 3 бағыт бойынша 3 пайызға өседі. Ал, 16 бағыттың билет құнында өзгеріс болмайды.

Бұл бірнеше тасымалдаушының конкурсқа берген өтінімдеріне байланысты жасалып отыр. Ал, тасымалдаушы осы бағыттар бойынша кірістің азайып қалу тәуекелдеріне жауапты болады.

Қала маңына жүретін пойыздардың тариф өсімі 37 пайызды құрайды. Бұл қала маңындағы пойыздарда жолаушыларды тасымалдаудағы базалық ставкалардың ұлғаюына байланысты.

Мысалы, қала маңындағы пойыздардың бұрынғы базалық бағасы 100 шақырымына 324 теңгені құрады. Ал, автокөлік жолдарында 3-4 есе жоғары болды.

Қала маңындағы тасымал шығынын қысқарту мақсатында базалық ставка 30 пайызға артып, бағасы 100 шақырымға 464 теңге болады.

Осылайша, алдағы түзетулер әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жолаушылар тасымалы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Похожие материалы