Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттік заем

Мемлекеттік заем

Мемлекеттік заем - мемлекеттің өтелмеген қарыздары, міндеттемелері, несиелері және оларға байланысты төленбеген пайыздары бойынша берешегінің жалпы сомасы. Тағы бір анықтамасы - мемлекеттің үкімет немесе орталық (ұлттық) банк арқылы жүргізетін қарыздарлық қатынасы. Бұл - басқа мекелерден, елдерден мемлекеттік бюджеттің дефицитін жабу үшін алынатын қарыз.

Барлық елдер экономикалық саясатты жүзеге асыру тетіктерінің бір ретінде мемлекеттік қарызды пайдаланады. Мемлекеттік борыш бір жағынан, экономикаға ауыртпалық түсіреді және экономикалық жағдаяттың нашарлауына байланысты әсе түседі. Екінші жағынан, мемлекеттік борыш пен бюджеттен қаржыландыру - экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді құралы. Ол ақша айналысына,тұтыну, жинақ ақша, инвестиция деңгейіне тұрақтандырушы ретінде де, тұрақсыздандырушы ретінде де әсер етуі ықтимал, яғни экономикалық өсуге серпін беруі де, оны тежеуі де мүмкін. Несие қаражатының қайдан алынғанына қарай Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыштарға, қызмет көрсету мерзіміне қарай күрделі және ағымдағы борыштарға, мерзіміне қарай

  • қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;
  • орта мерзімді - 1 жылдан 10 жылға дейін;
  • ұзақ мерзімді - 10 жылдан аса мерзімге - борыш түрлеріне бөлінеді.

Мемлекеттік кредит кызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш - бұл алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.

Ішкі мемлекеттік борыш - Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы орғандардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.

Сыртқы мемлекеттік борыш - Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.

Сонымен қатар күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыштарды ажыратады.

Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса айтады.

Ағымдағы борыш - бұл мемлекеттің барлық борышкорлық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.

Мемлекет кепілдендірген борыш - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеепілдіктері бар белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы.

Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Ол бюджеттің шығыс бөлігіне қатысты 2007 ж - 8,0%-ды, 2008 ж - 9,8%-ды құрады. 2009 жылы республикалық бюджет осы жылға жоспарланған ЖІӨ-ге қатысты 3,1% тапшылықпен атқарылды.

Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың кіріктірілген факторлары болып табылады. Халықтан, корпорациялардан, банктерден, басқа қаржы және кредит мекемелерінен қарызға алынған ақшалары өнімді пайдаланылады және аталған қарыз алушылардың активтері ретінде қаралады. Мемлекеттік борыш «ұлттың өзіне өзінің қарызы» ретінде қаралады және ұлттың жиынтық байлығының жалпы мөлшеріне әсер етпейді. Ішкі борышты басқару жөніндегі пайызарды төлеу қажеттігі түріндегі оның белгілі бір теріс зардаптары инвестицияларға немесе елдің экономикасын дамытуға қосымша қаржылық ресурстарды жұмылдырудан болатын оңтайлы нәтижелермен жабылады. Ішкі борыштың өсуі кезінде ұлттық табыс пен байлық кемімейді, мұның өзі, әрине, табыстардың қайта бөлінісімен байланысты болатын бірқатар келеңсіз салдарларды жоққа шығармайды, олар мынаған саяды:

  • Берешекті өтеу мен пайыздарды төлеу бюджет қаражаттары есебінен, яғни салық төлеушілер есебінен жүргізіледі,сөйтіп, табыстар мемлекеттік бағалы қағаздар иелеріне,әдеттегідей, қоғамның дәулетті жіктеріне ағылады.
  • Салықтарды көбейту жолымен мемлекеттік борышты азайту жөніндегі мемлекеттің іс- қимылы кезінде макроэкономикалық тәуекелдер қосылады, жиынтық сұранымның қысқаруы тепе-тең таза ұлттық өнімнің азаюына ұрындырады, кәсіпкерлер тарапынан қаражаттардың жүмсалымына деген ынталандырмалары төмендейді, экономикаға қаражаттарды инвестициялау қысқарады.
  • Жекеше кәсіпкерлердің «инветицияларын ығыстыру» нәтижесі іс-әрекет етеді. Бұл құбылыс мынадан туып отыр. Мемлекет бюджет тапшылығын немесе борышты жабу мақсатымен несие нарығына шыға отырып, ақша рыногында бәсекені күшейтеді, мұның нәтижесінде ақшалай капиталдың пайыздық мөлшерлемелері артады. Бұл жекеменшіқ секторды инвестициялардың бір бөлігінен айырады, ал инвестициялық шығыстардың төмендеуі тепе-тең таза Ұлттық өнімді азайтады.

Егер мемлекет ақша рыногының окшауландырылған қаражаттарын тұтыну мақсаттарына емес инвестициялық тауарларға бағыттаса, егер экономика жұмыспен толық емес қамтылған жағдайда жұмыс істесе мұндай іс-әрекеттің келеңсіз нәтижесі шектелуі мүмкін.

Қазақстан практикасында бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша айтарлықтай ажыратылады. Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары дисконткақарыз алған сомасы екінші деңгей банктері мен басқа коммерциялық құрылымдардың табысына айналады.

Ішкі мемлекеттік борыштың басқа нысандары мыналар болды: бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық банкке берешек; облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша борыш.

Қазақстанда оның дербес дамуының басынан ішкі мемлекеттік борыштың айрықша нысандары болды:

  • ауыл шаруашылығы өніміне, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатка бағалардағы айырманың орнын толтыру және ауыл шаруашылығы өніміне сатып алу бағаларына сараланған үстемақы төлеу бойынша бюджеттің шығарылған берешегі, бұл бөлудің әкімшілік әдістері жағдайларындағы баға сәйкессіздіктерінің нәтижесі болып табылады;
  • банктердің несиелері бойынша су шаруашылығының ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының шығарылған берешегі - қырсыздықтың, кредиттеу қағидаттарының және шаруашылық жүргізудің шаруашылық есебінің бұзылуының салдары;
  • «директивалық кредиторлар» деп аталатындар нысанындағы, сондай-ақ ішкі республикалық есепке алу міндеттемелеріне қызмет көрсету және өтеу бойынша кордаланған берешек. Директивалық кредиттерді дағдарыс жағдайларында кәсіпорындар мен салаларға олардың шаруашылық қызметін қолдап отыру үшін Қаржы министрлігінің кепілдігімен Ұлттық банк беріп отырды. Ішкіреспубликалық есепке алу дебиторлықжәне кредиторлық берешектер бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара борыштарын өтеу үшін жүргізілді. Дерективалық кредиттер мен өзара есепке алуларды пайдаланудың нәтижелері бойынша жағымсыз салдарларына байланысты ішкі кредиттеудің бұл нысандары мұнан былай қолданылмайды.

Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету деп уақыттың белгілі бір кезеңінде қарыз алу шарттарынан туындайтын сыйақы, комиссиялық, айыппұлдар және өзге төлемдердің жиынтық төлемақыларын айтады.

Қарызға қызмет көрсету - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе қарыз алушының шоттарындағы қарыздық қаражаттарды пайдаланудың есебі бойынша банктің және қарыз шарттарына сәйкес қарыз алушының сыйақы, комиссиялық және өзге төлемдерін жүзеге асыру кызметі.

Борышты өтеу - қарыз алушының қарыздың алынған сомасын кредиторлармен келісімшарттармен белгіленген тәртіппен қайтаруы, борыштың басқа құрамды бөлігінің белгіленген тәртібі мен міндеттемелердің орындауы.

Похожие материалы