Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мерекелік демалыстан кейінгі шетел валюталарына қатысты теңге курсы

Мерекелік демалыстан кейінгі шетел валюталарына қатысты теңге курсы

Ұлттық банк мәліметі бойынша, 25 қыркүйекте доллар бағамы -264,12 теңге, 1 еуро – 293,6, 1 рубль – 4,00, 1 фунт стерлинг-405, жапон йені — 2,20, қытай юаны — 41,37, 1 қырғыз сомы — 3,75 ал өзбек сомы -10,10 теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, KASE-нің 23 қыркүйектегі кешкі сессиясындағы жабылу көрсеткіш 1 долларға 262,65 теңгені құраған еді. Кешкі сауда-саттықтан кейін Казком 1 долларды 262,11 теңгеге, Халық банк 264,50 теңгеге сатты. Ақша айырбастау пункттері сауданы сол баға диапазонында жүргізді. 23 қыркүйек Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 270,23 теңгені құрап, сауда-саттық көлемі - 13 100 мың доллар болды. Еуромен ешқандай операция жүргізілмеді. Қазір Казком 1 долларды 268,36 теңгеге, Халық банк 268,50 теңгеге, Сбербанк 269,50 теңгеге сатып жатыр.

Похожие материалы