Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мезгілінен бұрын теңге курсын көтерген айырбастау пункттерін жазаланады

Мезгілінен бұрын теңге курсын көтерген айырбастау пункттерін жазаланады

Ұлттық банк мезгілінен бұрын теңге курсын көтерген айырбастау пункттерін жазалайды. Бұл туралы Астанадағы брифинг кезінде  қаржы ұйымының басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

"Кеше заң бұзғандардың барлығын тіркедік. Олар жазалаусыз қалмайды", - деп атап өтті Қ.Келімбетов. Еске салайық, 19 тамызда банктер мен айырбастау пунктттері 1 долларды 198 теңгеден бағалаған еді. Оның сөзінше, айырбастау пункттерінің бағамды көтергендері дұрыс емес. Олардың бір күн ішінде сатып алу-сату курсын өзгертуге құқықтары жоқ. Дегенмен, Қайрат Келімбетов орын алған жағдайда нарықта ешқандай хаос болмағандығын атап өтті. "Девальвациялық болжамдар, бірінші деңгейден екінші деңгейге көшу артта қалды. Валюта түзетімі өзгереді деген де шешім қабылданбайды. Белгіленген айырбастау курсының иллюзиясы өткенде қалды", - деді Ұлттық банк басшысы. Айта кетейік, бүгін Қазақстан үкіметі Ұлттық банкпен бірген еркін теңге бағамына өту туралы шешім қабылдады. Аталған шешімнен кейін KASE-тегі таңғы саудада доллар бағамы 257 теңгеге дейін қымбаттады.

Похожие материалы