Мамыр айында Microsoft компаниясы аутистерге арналған жұмыс орындарын ашу туралы бағдарлама бастамақ. Бұл жөнінде компанияның копроративтік бөлімінің вице-президенті Мари Эллен Смит (Mary Ellen Smith.) компанияның ресми блогында хабарлады.
Аталған бағдарлама аясында аутизм дертіне шалдыққан адамдарды Редмондтағы Microsoft-тың штаб-пәтеріне толық жұмыс күніне алу жоспарланып отыр. Аутистер есте сақтау қабілеттері мен ұсақ детальдарға мән беріп, электронды кесте және құпия сөздермен жұмыс кезінде көрсете алатын математикалық қабілеттері арқылы компанияның мүмкіндіктерін арттырады деп күтілуде.
Сонымен қатар, Мари Эллен Смит те аутист-баланың анасы. Бағдарлама аутизм дерті туралы ақпарат алғаш таралған күн 2 сәуір күніне орайластырып жария етілді.
The Huffington post ақпаратына сүйенсек, алдымен жұмысқа он адам қабылданады. Қазіргі таңда бос орындардың бір пайызы (шамамен, мың жұмыс орны) мүмкіндігін шектеулі жандарға арналған. Ол орындарға арнайы жоғары біліктілік қажет емес. Яғни, іс-шаралардағы жұмыс, кафеде қызмет көрсету және жүк тасымалдау секілді жұмыстар.
Аутистер адамдармен қарым-қатынас жасауға қиналады. Қоғамнан жырақ қалса да, олардың бойында ерекше қасиеттер болады. Мәселен, үлкен көлемді мәтінді жаттап алу, жылдам есептеу және т.б