Экономика
Выбор редактора
Microsoft LinkedIn-ді 26,2 млрд долларға сатып алады
Бір әлеуметтік желіні бірге басқаратын Microsoft корпорациясы мен LinkedIn компаниясы қорытынды мәмілеге келгенін жариялады. Енді Microsoft LinkedIn-нің бүкіл акциясын 196 доллардан сатып алмақшы. Жалпы сатып алу бағасы 26,2 млрд долларға бағаланып отыр.
Мәміле жасасқаннан кейін, әлеуметтік желінің NYSE-дегі (Нью-Йорк қаржы биржасы) акцияларының құны бірден 47,5%-ға артып, 163,4 долларға дейін жеткен. Жұма күнгі сауданың жабылуында LinkedIn-нің бір акциясы 131,08 долларды құраған. Баспасөз хабарламасында жазылғандай, LinkedIn өз брендін, бағытын, еркіндігін сақтап қалады. Джеф Бинер компанияның бас директоры болып қала береді және Microsoft-тың бас директоры Сатье Наделлаға тікелей бағынатын болады. LinkedIn-нің негізін қалаушы, негізгі бақылаушы акционер, директорлар кеңесінің төрағалары Винер мен Рейд Хофман келісімді қолдайды. Мәміленің жыл соңына дейін жабылатыны күтіліп отыр.
Биылғы жылдың ақпанына дейін LinkedIn акциялары Microsoft ұсынған бағадан қымбат еді. Алайда, ІV тоқсан қорытындылары бойынша, акциялар бір күн ішінде 43,6%-ға арзандап кеткен. Сонымен қатар, сарапшылар компания акцияларының қалпына келетінін болжайды. LinkedIn өз бизнесінің әр түрлі салаларына инвестициялар құйып, сату техникасы бағытында жақсы дамып келеді. Goldman Sachs сарапшысы Хит Терридің пікірінше, LinkedIn бөлімшесі LinkedIn Talent Solutions аудиториясының (өткен кезеңмен салыстырғанда) IV тоқсандағы жылдам көбеюі – LinkedIn-нің өсу әлеуеті бар екенін көрсетеді. LinkedIn-нің өз болжамы бойынша, 2016 жылы оның түсімі 20-22% өседі. Бұл көрсеткіш өткен жылы 35%-ды құраған еді. Өсімнің бұлай баяулауына ақша бағамдарының қолайсыз динамикасы мен әлемдік экономика дамуының бәсеңдеуі себеп болған.