Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – Микроқаржылық ұйымдар несиелендіруді e-gov порталы арқылы жүргізбекші. Бұл туралы нарық ойыншыларының бірі мәлімдеді, деп хабарлайды abctv.kz.
Ақпаратқа сүйенсек, қазір азаматтар несие алу үшін бірнеше кезеңдік идентификациядан өтеді. Ал E-GOV арқылы бұл үрдіс анағұрлым жеңілдейді. Яғни, кредит рәсімдеу үшін жеке сәйкестендіру нөмірі болса жеткілікті.
Қазір нарықтағы компаниялар жаңа жүйеге өтуге дайын. Тек үкіметтің рұқсатын күтіп отыр. Мамандардың айтуынша, e-gov–қа қосылуға кететін шығын миллиондаған долларға жетуі мүмкін. Ал, инвестицияның қай тараптан бөлінетінін үкімет шешеді.
Айта кетейік, қазір нарықта 150 микроқаржылық ұйым бар. Олар елдегі тұтыну несиесінің 60 пайызын береді.