Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістемесі (дәріс)

Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістемесі (дәріс)
Адамдардың экономикалық іс-әрекеті белгілі нақты экономикалық тәртіппен жүріп отырады. Сонымен, адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін, оларды жүргізу барысында пайда болатын және өздеріне сәйкес институттар мен олардың жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалық проблемаларды микроэкономиканың зерттеу объектісі деп айтамыз.

Осы объектіні зерттеу арқылы микроэкономика өзінің пәнін анықтайды. Бүған экономикалық субъектілер, экономикалық игіліктер және экономикалық іс-әрекеттер (қызметтер) жатады. Экономикалық субъектілер - бұл экономикада жеке қызмет атқаратын кез келген бірліктер. Бұндай бірліктер адамдар, сонымен қатар олардың тобы, қоғамдастықтар болуы мүмкін. Кез келген қоғамдастық микроэкономикада субъект болып қарастырылмайды. Ол үшін адамдардың белгілі тобы бірігіп, қызмет істеп, алдарына қойған мақсаттарына  жетуі тиіс.

Зерттеліп отырған экономикалық субъектінің экономикалық іс-әрекетін - олардьң белгілі бір шешім қабылдап, әрі қарай соны жүзеге асыруы деп сипаттауға да боладьі. Қазіргі кездегі микроэкономикалық теория шешім қабылдау процесіне көп көңіл бөліп, зерттеуге бағытталған.

Сонымен микроэкономиканың пәні деп экономикалық субъектілердін, экономикалық игіліктер туралы шешім қабылдауын айтамыз

Микроэкономикалық зерттеулер бірнеше іргелі алғышарттардан туындайды:

  1. экономикалық атомизм: микроэкономика өздігінен шешім қабылдап, соны іске асыратын экономикалық бірліктерге көп көңіл аударады.
  2. экономикалық рационализм - экономикалық субъектілердің ұтымдылық қимылын болжауы.

Экономикалық рационализм тұжырымдамасының (концепциясының) түпкі мәні біріншіден, экономикалық субъектілердің өз қызметтерінен түсетін тиімділігін анықтау болса; екіншіден, осы тиімділікке жету үшін кеткен шығындарын есептеу; нәтижесінде осы көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып, өз пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізе білу болып есептеледі.

Бұл жерде пайда - экономикалық субъектілердің тапқан игіліктері, ал шығындар - экономикалық субъектілердін осы пайдаға қол жеткізу жолында жүмсаған игіліктері болып табылады. Шығындары мен пайдаларын салыстыру арқылы экономикалық субъект ұтымды шешім қабылдайды.

Экономикалық іс-әрекет нәтижесінде кіріс пен шығыс арасындағы айырмашылықты ақша түрінде табыспен көрсетуімізге болады. Экономикалық субъектілердің оңтайлылығы экономикалық қызметтегі табыстың ең жоғары деңгейге жетуімен бағаланады.

Микроэкономикалық талдаудың негізгі ерекшелігі шекті немесе маржиналдық талдау. Бұл талдау экономикалық іс-әрекеттердегі өзгерістерді зерттейді, яғни экономикалық субъект тек қана жалпы түсім мен жалпы шығындарды ғана салыстырмайды, сонымен қатар, өнім мөлшерін көбейткендегі қосымша түсім мен қосымша шығындарды да  салыстырады.

Шекті (қосымша) түсім  > шекті (қосымша) шығыннан болса, шекті (қосымша) пайда оң сан болады.

Шекті (қосымша) түсім  =  шекті (қосымша) шығын болса, шекті (қосымша) пайда ең жоғары  деңгейге  жетеді де, сонда ғана рационалды (тиімді) субъект өз мақсатына жетеді.

Микроэкономикада функционалдық талдауға да үлкен мән беріледі. Бұл зерттеуді жүргізгенде экономикалық өзгерістер кезіндегі басты көрсеткіш анықталады, ал содан кейін оған әсер ететін факторлар іздестіріледі. Сөйтіп олардың арасындағы тәуелділікті функция көмегімен көрсетеді.  Микроэкономиканың жоғарыда қарастырылған ерекшеліктері экономикалық модельдер құрғанда анық байқалады.

Кез келген модельде айқын және айқын емес түрде белгілі болжамдар болады. Әр түрлі қүбылыстар, олардың қасиеттері, сонымен қатар олардың өзара байланыстары символдық түрде, соның ішінде сандық және айнымалы шамалармен бейнеленеді. Модельдерде экзогенді және эндогенді деп аталатын екі экономикалық айнымалылар қолданылады.

1.2 Экономикадағы таңдау және шектеу Экономикалық шешім қабылдау қажеттілігі төмендегі себептерден туындайды:

  1. экономикалық субъектінің экономикалық іс-әрекеттер жасауға мүмкіндігі болғанда,
  2. осы экономикалық іс-әрекеттерді орындаудың әр түрлі тәсілдері болғанда.

Экономикалық іс-әрекеттердің әр түрлі тәсілдері міндетті түрде баламалы немесе бірін-бірі ығыстыра алатын (жоққа шығаратын) болуы тиіс.

Бұдан түсінетініміз, экономикалық шешімді қабылдау проблемасы - шын мәнінде экономикалық іс-әрекеттердің бірнеше баламалы нұсқаларының ішінен біреуін таңдау проблемасы және бұндай жағдай берілген экономикалық субьектіге нақты мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар баламалы қадамдардьгң ішінен тандау қажеттілігі де берілген уақытта туады.

Әрбір экономикалық іс-әрекет өзіне сай қажеттілікті анықтаудан басталады. Қажеттілікте шек болмайды. Белгілі уақыт аралығындағы қажеттілікті уақытша қанағаттандырғанда, ол басқа жаңа қажеттіліктер туғызып, күрделене түседі. Сондықтан бұл мәселелер көбінесе тұрақты болады. Ал екінші жағынан, біздіқ  қажегтілігімізді канағаттандыратын ресурстар мен технологиялар әркашанда шектеулі болады.

Біріншіден, бұл табиғатта кездесетін игіліктердің әр түрлі мөлшерде болуы, немесе өте аз болады.

Екіншіден, адамзат қолымен жасайтын игіліктер де шектелуі. Бұл тек белгілі уақыт аралығындағы белгілі игілік түрінің қор мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар оны толықтырып отыру мүмкіндігіне де байланысты

Баламалық қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен канағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық іс-әрекеттердің шығындары туралы айтып өтуіміз керек, себебі кез келген экономикалык қызмет шығындарсыз орындалмайды. Бұған жататындар: ақпарат алуға, шешім қабылдауға, берілген шарттарды жүзеге асыруды Қамтамасыз етуге кететін шығындар. Экономикалық қызметтің шығындары әр түрлі институционалдық жүйеде әр түрлі формада болуы мүмкін.

Игіліктердің шектеулілігін және балама тәсілдердің ішінен таңдап алу қажеттілігін ескере отырып, кезкелген экономикалық қызметтегі шығындар проблемасын қарастыратын болсақ, ондатөмендегідей қортындылар шығаруға болады. Белгілі бір игілікті алуға бағытталған кез-келген әрекет дәл осы мезгілде басқа баламалы игіліктерді алудан бас тартуға мәжбүр етеді. Мысалы, 30 тг-ге 1 сүт алу үшін 1 бөлке наннан бас тартуға тура келеді немесе темір қүймадан гайка жасайтын болса, онда осы дайындамадан болт жасай алмайды.

Көп жағдайларда тандау мүмкіндіктері екі варианттан көп болады. Экономикалық субьект әр баламалық нүсқаларда қолданатын ресурстардың тиімділігін бағалап, нәтижесінде пайдасы ең жоғары деңгейде болатын баламалық нүсқаны тақдап алады.

Балама шығын деп жүзеге аспаған балама мүмкіндіктердің ең жақсысынан түсетін пайданы айтамыз.

Балама шығынның кәдімгі өндірістік шығынан айырмашылығын былай көреміз:

Экономикалық таңдау кезіңде балама шығындарды есептеу микроэкономикалық. талдаудың маңызды принциптерінің, бірі болып есептеледі. Балама шығындарды өндіріс мүмкіндіктерінің қисығы арқылы көрсетуге бола-ды. Бүл қисық - екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы шикізаттан дайын өнім өндіргенде бір ғана балама игіліктін, өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа иггілік өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының балама мүмкіндіктері өте көп болады.

Айналым моделі

Экономикалық іс-әрекетгердің жалпы проблемаларына балама мүмкіндіктерді талдау мен шектеулі ресурстарды үнемдеу тұрғысынан қарайтын болсақ, онда «Не өндіреміз?» «Қалай өндіреміз?», «Кім үшін өндіреміз» деген негізгі проблемаларды шешудің жолдары анықталады.

Игіліктерді орналастыру мәселелерін талдау кезінде біз экономикалық субъектілердің өзара байланысын қарыстырамыз. Әр экономикалық субъект өзінің табыстары мен шығындарын бағалап, тандау жасағаннан кейін, қоғамда жеке субъектілердің экономикалық қызметгерін ұштастыру мәселесі пайда болады. Оған төмендегілер жатады:

  1. өндірушілер   арасындағы   өзара   шешімдерді   келістіру;
  2. тұтынушьтлар шешімдерін келістіру;
  3. жалпы түтыну мен өндіру шешімдерін толықтай келістіру.

Бұндай қажеттілік көптеген себептерден туады.

Нарыктық жүйе жағдайында нарықтық мәмілені іске асыру кезіндегі экономикалық іс-әрекеттердің шығындары трансакциялық шығындар деп аталады. Олардың құрамьна: ақпараттарды жинау және өндеу (жөндеу) шығындары; келіссөз жүргізу және шешім қабылдау шығындары; тексеру шығындары және келісімнің орындалуын занды түрде қорғау шығындары кіреді.

Нарық жағдайында үйлестіру мәселесі айналым моделі  мен сұраныс және ұсыныс модельдерінің көмегімен талданады.

Айналым моделі экономиканы екі секторға бөледі: үй шаруашылықтары және фирмалар. Үй шаруашылықтары өзінің сатқан ресурстарынан, яғни еңбек, капитал және жер сатудан түскен табыстарын өздеріне қажетті тауарлар сатып алу үшін және фирмалардьщ қызметін пайдалануға жұмсайды. Фирма өздері ендірген тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен ақшаларын үй шаруашылықтарының ресурстарьтн сатып алуға жұмсайды.

Нарық механизмі

Үй шаруашлыктары не  тұтынатынын шешеді, олай болса, не өндіреміз деген сұрақ туады. Мүндай шешімдер фирмалардың өндірістік жоспарларының негізі болуы. Бұдан фирма шектеулі ресурстарды қалай пайалаңу туралы шешім қабылдауы керек.

Нарықтық жүйеде үйлестіру мәселесін нарықтың екі түрі шешеді: өндірістік ресурстар нарығы және  тұтынушылар игілігінің нарығы.

Кәсіпкерлік сектор мен үй шаруашылығы секторының өзара байланысын сұраныс пен ұсыныс моделі түсіндіреді. Бұл екі сектор тауар нарығында сату және  сатып алу жөнінде әрекет ететін болса, онда модель баға мен сатылатын тауардың санын анықтайды. Әрбір нарықта шешім қабылдайтын белгілі екі экономикалық субъектілер болады, олар: сатушы мен сатып алушылар. Нарықтағы шешім қабылдау теңдестік бағамен, әр игіліктің теңдестік санымен үйлестіріледі.

Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысының нәтижесі - баға. Бұл көрсеткіш үй шаруашылықтар мен фирмалардың қабылдаған шешімдері туралы келісімге келуі үшін маңызды ақпарат береді.

Біріншіден, баға тұтынушылардың шығын деңгейін анықтап, оларды таңдауына, қалап алуына шығындар тұрғысынан әсер етеді.

Екінші жағынан, өндірушілердің түсімі бағаға тәуелді, ал түсім экономикалық шешім қабылдаған маңызды көрсеткіш болып есептеледі. Мысалы, нанның бағасының жоғарылауы - сатып алушылардың бұл тағамды түтынуды шектеуіне белгі береді, ал фирмалар үшін - нан нарығындағы теңдестікті қалпына келтіру үшін өнім көлемін көбейтуге болады. Тауарды тепе-теңдік кезіндегі бағамен сатып алғысы келетін тұтынушылар, осы тауарды пайдаланады, ал осы бағамен алғысы келмейтін немесе төлей алмайтындар бұл тауарды тұтына алмайды.

Позитивті және нормативті талдау

Позитивті талдау - болуы мүмкін жағдайларға байланысты  жүргізіледі. «Егер сапалы өнім көп боса, онда пайда да көп болады».

Нормативті талдау - заңдылықтар мен нормативті-құқықтық негіздерге сүйеніп жүргізіледі. Онда не орындалуы қажет екендігі туралы ереже беріледі. «Тауар сапалы болуы керек».

Похожие материалы