Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Министрлік Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін атады

Министрлік Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін атады

Астана. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2 миллион 253 мың. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 109 224 теңге», – делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

8 айда қазақстандықтарға 1,9 триллион теңгеден аса зейнетақы төленген. Қыркүйекте республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 244,1 миллиард теңге бөлініп, оның ішінде 74,2 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 169,9 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленген.

Похожие материалы