Мобильді технологиялардың экономикалық нәтижесі триллион долларға бағаланды
The Boston Consulting Group-тың (BCG) "Мобильді революция: қалай мобильді технологиялар бірнеше триллион доллар көлемінде экономикалық нәтиже тудырды» атты баяндамасында, мобильді технологиялар қолданушыларға, кіші және орта кәсіпорындарға, сонымен қатар әлемдік экономикаға түгелдей пайда әкеледі
2014 жылы мобильді технологиялар саласының кірісі 3,3 трлн.долларға жуық қаржыны құрады, бұл сала 11 млн жұмыс орнын қамтамасыз етіп отыр. Одан бөлек, 2009 жыл мен 2013 жыл аралығында мобильді компаниялар тек қана жеке сектормен ұсынылған қаржыландыруға сүйене отырып күрделі қаржы шығындарына және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарға 1,8 трлн.доллар жұмсаған.
Сондай-ақ алдағы уақытта инновацияның енуі және әлемдік масштабта өсуді қамтамасыз ету үшін мобильді технологиялар саласының өкілдері 2020 жылға қарай 4 трлн.доллар көлемінде инвестицияны іске асырып, күрделі мәселелерді шешуі тиіс делінген баяндамада.
BCG баяндамасы мобильді технологияларды қолдану туралы ақпараттарға және осыған қатысты АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Бразилия, Қытай және Үндістан сияқты алты мемлекеттегі пайда көзіне негізделіп жасалған.
Осы елдердегі 7,5 мың қолданушы жауап берген сауалнама нәтижесі бойынша қолданушының жыл сайынғы қосымша пайда жиынтығы, яғни мобильді технологиядан алатын қолданушы пайдасы олардың төлейтін қаржысынан жоғары – $6,4 трлн. Бұл АҚШ пен Қытайды қоспағанда әлемнің кез-келген елінің ЖІӨ-нен де жоғары.
Дамыған елдердегі (АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея) қолданушылар мобильді технологияларды қолданудан түсетін пайданы жылына 6 мың доллардан жоғары немесе өз кірістерінің 12 пайызындай болатын мөлшермен бағалайды.
Дамушы елдерде қолданушы пайдасы мен олардың кірістері арасында үлкен айырмашылық бар. Қатайдағы және Үндістандағы қолданушылардың айтуынша мобильді технологияларды қолданудан келетін пайда орташа кірістің 40%-ын құрайды.
Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі мобильді телефондарды қолдануды жалғастыру үшін бір жылға мейрамханаға барудан немесе еңбек демалысына шығудан бас тартуға дайын екендіктерін айтқан. Қытайда және Кореяда қолданушылардың көпшілігі мобильді телефонсыз өмір сүргенше, үйлерге қосылған интернетсіз өмір сүргенде қалаған.
Сондай –ақ BCG мобильді технологиялардың компанияларға және мемлекетке қандай әсері барын анықтау үшін алты елдегі 3,5 мың кіші және орта кәсіпорындар арасында сауалнама жүргізіп, елдің экономикасын бағалаған.
Сауалнама нәтижесі бойынша мобильді технологияларды қолданатын кіші және орта кәсіпорындардың бәсекелестеріне қарағанда кіріс деңгейі жоғарылағанын және олар жұмыс орындарын бәсекелестерінен сегіз есе жылдам құра алатынан көрсеткен.
Одан басқа, «мобильді жарылыс» - жақын арада мобильді технологиялар саласындағы көшбасшылар мен аутсайдерлер арасындағы өрлеу қарқыны айырмашылығы ұлғаю мүмкін. Баяндамада алты мемлекеттің сауалнамаға қатысқан кіші және орта кәсіпорындарының арасындағы «жарылысты» жою алдағы үш жылда 7 млн жұмыс орнын құруға және ЖІӨ-ді 0,5%-ға арттыруға көмектеседі деп көрсетілген.
Мобильді технологиялардың алты елдің ЖІӨ-не(олардың әлемдік ЖІӨ үлесі 47%) қосқан жиынтық пайдасы қазіргі уақытта $1,2 трлн құрайды. Мобильді технлогиялардың ЖІӨ-дегі үлесі Оңтүстік Кореяда рекордтық 11%-ды құрайды, ал қалған бес елдің әрқайсысында үлес көлемі 2-ден 4% дейін.
АҚШ-та мобильді технологиялардың ЖІӨ-дегі үлесі 3,2% құрап, көңіл көтеру, көлік, көлікқұрастыру, қонақ үй бизнесі және ауыл шаруашылығы сияқты маңызды салаларды артта қалдырды.
«2020 жылға қарай мобильді қосылымдар саны 8 миллиардтан асады деп күтілуде, сол себепті қосымша қызмет көрсету мүмкіндіктеріне сұраныс қарқыны жоғарылады- дейді Qualcomm Incorporated компаниясының бас директоры Стив Молленкопф. -Qualcomm ақпарат алмасу және өзге де кеңейтілген функциялар арқылы әлемдегі барлық қолданушылар және кәсіпорындар пайда табуы үшін жаңа ұрпаққа арналған түйінді мобильді технологияларды қаржыландыруды жүзеге асырады.