Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Moody's: Қазақстандықтардың девальвациядан ұтатыны шамалы

Moody's: Қазақстандықтардың девальвациядан ұтатыны шамалы

Moody's халықаралық рейтинг агенттігі сарапшыларының айтуынша, теңге курсының төмендеуінен келер пайда көп болмайды. Бұл жөнінде Informburo.kz хабарлайды.

Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, долларға қатысты теңгенің құнсыздануынан қазақстандық экспортшыларға түсетін пайда аз. Девальвациядан келетін пайда шетелдік валютадағы шығындардың есебінен кетіп отырады. "Теңгенің әлсіреуі инфляцияны көтереді. Өнімдерінің өз бағасы төмендеуінен пайда көремін деп отырған компаниялардың үміті жоққа шығады. Импортталатын тауарларға деген бағалардың өсуі сұраныстың азаюына әкеледі", – делінген хабарламада. Теңге құнсыздануы есебінен пайда тапқанымен, кәсіпкерлердің қарызы мен шығындары өседі дейді экономистер. Басқаларға қарағанда импорттаумен айналысатын компаниялар көбірек зиян шегеді. Себебі, оларға баға өсімін еңсеру қиынға соғады. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан 20 тамыздан бастап теңгенің еркін айналымына көшкен еді.

Похожие материалы