Экономика
Moody’s Еуразиялық банктің рейтингілерін қайтарып алды
Moody’s рейтингтік агенттігі Еуразиялық банктің рейтингілерін қайтарып алды. Бұл туралы банк баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада Moody's агенттігі жергілікті және шетел валютасындағы депозиттер рейтингісін, талап ету құқығы артықшылығымен жергілікті валютадағы қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттемелер рейтингісін, жергілікті валютадағы реттелген борыштық міндеттемелер рейтингісі мен кредитті өтеу қабілеттілігінің негізгі бағалауын қосқанда Еуразиялық банктің рейтингілерін қайтарып алды делінген.
Осылайша, Standard & Poor’s Еуразиялық банктің жалғыз рейтингтік агенттігі болып табылады. S&P-тың бағалауынша Еуразиялық банк «Тұрақты» болжамымен «В» ұзақ мерзімді кредит рейтингісіне ие.
«Қазақстан үшін дағдарыстық болып табылатын уақытта акционерлер 2015 жылдың төртінші тоқсанында капиталды 6 млрд. теңгеге ұлғайтып банкке қолдау көрсетті. Бұған қоса Еуразиялық банк өткен жылдың соңында БанкПозитивті сатып алу арқылы бизнес тұғырнамасын нығайтты. Ағымдағы жылда болжалды күрделі экономикалық жағдайда біз жұмыла әрекет етіп, бұдан әрі қарай дамуға барлық қолдағы бар мүмкіншіліктерді қолдана отырып Еуразиялық банктің нарықтағы позициясын нығайтуға ниеттеніп отырмыз»,– деді Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон.
2015 жылдың соңындағы деректер бойынша ҚР ҰБ қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес банк активтері 1,04 трлн теңгені, капитал – 77,7 млрд теңге құрады.