Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Mudarabah Capital ісі – Вайнерлер ұйымның қарапайым пирамида екенін біле тұра оны жарнамалған

Mudarabah Capital ісі – Вайнерлер ұйымның қарапайым пирамида екенін біле тұра оны жарнамалған

Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысы бар 14 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Үш вайнер ресми түрде күдікті деп танылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Алматы қаласы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев қоғамда қызу талқыланып жатқан осы қылмыстық іске қатысты тергеп-тексеру жұмыстарының не себепті ұзаққа созылғанын түсіндірді.

“Иә, расымен тергеу ұзаққа созылып кетті. Осыған байланысты қалалық прокуратура бірнеше рет полиция департаментіне жұмысты жеделдетуді ұсынған. Бірақ объективті себептер де бар болды. Экономикалық қылмыстар үшін әрдайым көптеген сараптамалар жүргізу керек. Бұл жағдайда 250-ден астам адам зардап шеккен. Яғни компанияның олардың әрқайсысымен байланысын тексеру керек болды”, – дейді қалалық прокуратура өкілі.

Mudarabah Capital-дың жалпы айналымы 6 миллиард теңгеден асып, шығын көлемі 2 миллиардтан астам қаржыны құраған.

Осы іске қатысы бар 14 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Олардың алтауы – тергеу изоляторында, екеуі – үй қамағында, үшеуі – кепілмен босатылған, біреуі – ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр, тағы екеуі – іздеуде. Үш вайнер – Мейіржан Төребаев, Меірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаев ресми түрде күдікті деп танылды.

Солардың ішінде Саидбаев сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

"Қылмыстық іспен таныстым, тек өз пікірімді айта аламын. Біріншіден, вайнерлер өзінің танымалдылығын пайдаланып, жаңа клиенттерді жастар арасынан тартқан. Мейіржан мен Мейірханның қаржы пирамидасын белсенді түрде жарнамалағаны да анық. Осыған қоса екеуі де компанияның құрылтайшысы, яғни олар кәсіпорын айналымындағы ақшаның ұлғаюына мүдделі болды", – дейді Ауғанбаев.

Прокурор орынбасарының айтуынша, Мейіржан Төребаевтың адвокаттары вайнердің компанияның құрылуына қатыспағандығын алға тартып жатқан көрінеді.

“Тергеу оның құрылтайшылар қатарына кірмей тұрып та, компаниядан тұрақты түрде төлемдер алып тұрғанын анықтады. Бұл табыс жасырын болған, ресми есепте көрсетілмеген. Яғни бұл ақшаға салық салынбаған, олар қара бухгалтериямен өткен”, – дейді Ауғанбаев.

Нұрлан Ауғанбаевтың айтуынша, вайнерлер компанияның ислам инвестициясымен емес, жай ғана ақша тартумен айналысқанын білмей қалуы мүмкін емес.

“Пирамиданы ұйымдастырушылар әлеуметтік желі арқылы жастарды ғана емес, дінге жақын адамдарды да тартуға ниетті болған. Өйткені компания бұл инвестицияның барлығы халал екенін айтып, "дінде адамды алдауға болмайды" деп насихаттаған” – деді Ауғанбаев.

Сондай-ақ ол тергеу барысында Төребаев пен Шерниязовтың заңсыз өндірілген қаражатты бөлуге қатысы жоқ екендігі анықталағанын хабарлады.

«Олар басынан бастап бұның діннің атын жамылған қарапайым пирамида екенін түсінді. Ол жерде ешқандай тендерлер мен мұсылмандық қорлар болған жоқ. Жалпы, компанияның салымшыларға уәде еткендей, пайыздары болмайтынын кез-келген ақылды адам түсінеді. Сондықтан Төребаев пен Шерниязов бұның бәрін білді. Бірақ сонымен бірге қылмыстық әрекеттен түскен пайданы олар емес, басқа адамдар бөліп алған”, – дейді прокурор.

Осы себепті қылмыстық қудалау органы аталған вайнерлерді кепілмен босатқан. Сонымен қатар прокурор егер адам кепілде болса, тергеу басқаларынан қарағанда оларға жеңіл болады дегенді білдірмейтінін айтты. 

“Оған прокуратура келісті. Мен қоғамда Төребаевтың “үстінен қылмыстық іс қозғалса да неге шаңғы теуіп жүргені, Дубайға барғаны, ал оның серіктестерінің түрмеде отырғаны” жайында сөздер айтылып жүргенін білемін? Бірақ, оның компанияның қылмыстық іс-әрекетіндегі рөлінен басқа, басқа да факторлар бар. Мысалға, бес баласының болуы, тұрғылықты жерінің болуы, ол жауап алу мен тергеу әрекеттерінен қашпады”, – дейді Нұрлан Ауғанбаев.

Айта кетейік, дүйсенбіде Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында  Бағила Досмаилова есімді қала тұрғыны өзін-өзі өртемек болды. Осылайша, әйел Mudarabah Capital қаржы пирамидасының басшыларына қатысты қылмыстық істі әділ тергеуге назар аудартқысы келген. Бұған дейін ол Бас прокуратура ғимаратына пикет қойып, өзінің салымшыларына 2 миллиард теңге қайтармаған компанияның тең құрылтайшысы саналатын танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты тұтқындауды талап еткен болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін осы іске зардап шеккендерге келтірілген материалдық шығынды өтеу мақсатында тергеушілер Алматы, Нұр-Сұлтан және Алматы облысында орналасқан төрт жер телімін, 10 пәтер, бес үй, екі көлік, бір дүкенді тәркілегенін хабарлаған едік.

Похожие материалы