Нұр-Сұлтан. 13 қыркүйек. 7kun.kz – Мұхтар Әбілязовтың тағы бір сыбайласы халықаралық іздестіруден елге қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Антикор мәліметінше, «БТА-Банк» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша 2011 жылдан бастап «Жаңа Қалқаман» ЖШС атаулы директоры Пак Виталий Леонидович іздеуде болды.
«2006-2008 жылдар кезеңінде осы компанияны заңсыз несиелеу арқылы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары 8,9 млрд. теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатты ұрлады», – делінген хабарламада.
2019 жылы Пак ҚХР (Чэнду қ.) аумағында анықталды.
«Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Пак Қазақстанға оралуға ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады», – делінген Антикор хабарламасында.
Биыл 27 тамызда ҚР ІІМ Интерполдың көмегімен Пак Чэнду қаласынан Алматы қаласына келіп, тергеу изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.