Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай және алтын бағасы төмендеді

Мұнай және алтын бағасы төмендеді

Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – Жиырма алтыншы ақпанға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: АҚШ президенті Дональд Трамп мұнайдың бағасы тым жоғары және ОПЕК "демалуға" тиіс екенін айтқан соң қара алтынның бағасы 2,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды investing.com. 22:27-де Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына мамыр фьючерстерінің құны 3,43%-ға, барреліне 64,96 долларға дейін төмендеді. WTI фьючерстерінің бағасы 3,60%-ға, барреліне 55,23 долларға дейін арзандады.

Металдар: Алтын фьючерстері Д. Трамптың АҚШ пен Қытайдың сауда келіссөздеріндегі серпіліс туралы айтқан жаңалықтары аясында саудаланды. Нәтижесінде, 22:26-дағы жағдай бойынша сәуір айындағы алтын фьючерсінің бағасы 0,21% төмендеп, бір троялық унциясы 1 329,95 долларға сатылды. Күміс фьючерстің құны 0,39%-ға төмендеп, бір троялық унциясы  15,8 долларға сатылды.

Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының  мәліметтері бойынша  22:20-да bitcoin 3 849,37 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 0,49%-ға қымбаттап, ал оның капитализациясы 67,5 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 1,57%–ға төмендеп, 138,64 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 14,5 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы – 129,8 млрд доллар.

Похожие материалы