Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы көтерілді, Brent барреліне $49,42 сатылуда

Мұнай бағасы көтерілді, Brent барреліне $49,42 сатылуда
Мұнай бағасы Канада, Нигерия мен Ливиядағы мұнай өндірісінің тоқтауына байланысты әлемдік нарыққа шикізаттың жетіспеуі мүмкін деген қауіптен кейін өсе бастады. MarketWatch-тің хабарлауынша Лондон биржасында таңертең  Brent-тің шілдедегі фьючерсінің құны  0,28% немесе $0,14 өсіп, барреліне $49,42 құрады. Кешкі жабылу кезінде 49,28 болған. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI мұнайы ның құны $0,18 өсіп, барреліне $48,49 болды. Еске салайық, орман өртінің салдарынан Канаданың бірқатар мұнай өндіруші кәсіпорындары жұмысын тоқтатқан болатын. Ал, Нигерия мен Ливияда мұнай өндірісі орындарына қарулы топтардың шабуыл жасауы мен қақтығыстар мұнай өндірісінің көлемін азайтуға мәжбүрлеуде.      

Похожие материалы