Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұртай Әбіқаев Сенат депутаты болып тағайындалды

Нұртай Әбіқаев Сенат депутаты болып тағайындалды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Нұртай Әбіқаев Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметі. Ол бұған дейін атқарып келген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметінен зейнет жасына жетуіне байланысты босатылды. «Ол менің қасымда ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп,  қойылған міндеттерді тиянақты орындап келеді. Сондықтан Мемлекет басшысы ретінде оған алғыс білдіремін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада ҰҚҚ-да өткен жиында.  

Похожие материалы