Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев Қаржы министрінің жұмысын сынады

Н.Назарбаев Қаржы министрінің жұмысын сынады
Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінше, қаржы министрі - мемлекет қазынасының негізгі бақылаушысы. «Егер біздің қаржы министріміз дұрыс болғанда, әрбір жұмсалған тиынға мән берер еді. Ал сен сұрағанның бәріне қаржы бердің. Мен саған мемлекеттің қазынасын сеніп тапсырдым. Өкілдердің саны артып, қазынадағы ақша шашылды. Мұндайға қалай жол беруге болады?», - деді Президент қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа. «Қаржы министрі мықты болу керек. Болат Жәмішевті тағайындау керек еді. Ешкіммен сөйлеспейді. Ол біреулерге ұнамауы мүмкін, кейде мағанда ұнамай қалады. Бірақ ол мінезді адам. Мемлекеттің мүддесі үшін жұмыс істейді», - деп түйіндеді ол.

Похожие материалы