Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев: ЕАЭО болашағы зор екендігіне сенімдімін

Н.Назарбаев: ЕАЭО болашағы зор екендігіне сенімдімін

Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы зор деп мәлімдеді бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер делегациялары басшыларымен болған кездесуде ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Мен әр уақытта да ТМД зор әлеуетке ие екендігін айтып келемін. Үкімет, мемлекет басшылары кездесуінің өзі, екіжақы және көпжақты келіссөздер өздігінен-ақ зор құндылық", - деді Н.Назарбаев. Дегенмен, Елбасы қазіргі барлық елдер дағдарысты бастан кешіріп отырғанын, жаһандық дағдарыс өз жалғасын тауып отырғанын баса айтты. «Жекелеген елдерде экспорттық тауарлардың бағасы төмендеуде. Мұның барлығы да бірлескен жұмыс пен кооперацияны талап етеді. Меніңше, егер барлық саяси оқиғалардан көңілді бөліп қарайтын болсақ интеграцияның баламасы жоқ. Бұл түсінікті де. Сондықтан да біз үнемі интеграциялық процестерге бастамашы болып келеміз. Бізде Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істеуде. Мен бұл одақтың болашағы зор екендігіне сенімдімін», - деді мемлекет басшысы. Н.Назарбаев бүгінгі күнгі қиындықтарға, тенденцияларға қарамастан одаққа жүктелген мақсаттар мен міндеттердің дұрыс екендігін баса айтты. Ақпарат көзі: kazinform

Похожие материалы