Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Асқар Мырзахметов "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Асқар Мырзахметов "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды деп жазады Ақорда баспасөз қызметі Twitter-дегі ресми парақшасында.

"Президент "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Асқар Мырзахметовты тағайындады", - делінген хабарламада. Асқар Мырзахметов осыған дейін ОҚО әкімі қызметінде болған еді. Оған дейін "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы (2007-2009 ж.ж), Өзбекстандағы Қазақстанның жедел әрі өкілетті елшісі болған. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы министрлігінде де басшылық қызметте істеген.

Похожие материалы