"Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қордан 686 млрд теңге бөлінеді. Қаржыландыру бюджет және "Бәйтерек" холдингі арқылы іске асырылады. Бұл туралы бүгін қаржы вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.
Бюджет арқылы қаржыландыру негізінде 423,5 млрд теңге нақтыланды. "Төлем төлеу үшін қажеттінің барлығы дайындалды, нақтыланған бюджет қабылданды, қаржыландыру графигі құрылды, бюджеттік 23 млрд теңге игеріліп үлгерді. Қаражат республикалық деңгейдегі автожолдарды жөндеу үшін бөлінген", -деді Р.Дәленов.
Оның сөзінше, 2015 жлы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларға 207,8 млрд теңге, тұрғын-үй - коммуналды шаруашлыққа және тұрғын үй құрылысына 39,2 млрд теңге бағытталады, агроөндіріс кешеніне 20 млрд теңге, мектептер құрылысына - 17,3 млрд теңге, "Балапан" бағдарламасын қолдауға - 12,7 млрд теңге қарастырылды.
"Сондай-ақ, бірнеше жоғарғы оқу орындары мен институттарың материалды- техникалық базасын жасақтау үшін және геологиялық барлау үшін сәйкесінше 8 млрд теңге және 6 млрд теңге бөлінді", - деп атап өтті вице-министр.