Экономика
"НұрОтан" партиясының депутаттары "Көк Жайлау" жобасынан бас тартуды ұсынды
"НұрОтан" партиясының депутаттары Алматы әкімі Бауыржан Бәйбекке "Көк Жайлау" жобасынан бас тарту туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы total.kz хабарлайды.
Депутаттардың сөзінше, қазіргі уақытта "Көк Жайлау" жобасының жүзеге асырылуы орынсыз болып отыр. Жобаға кеткен қаржы қаланың әлеуметтік мәселелеріне, мемлекттік жәрдемақыларды реттеуге және әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалу керек.
Сондай-ақ, жобаның өтімділігі мен экологиялық аспектілеріне қатысты мәселелер шешілмей қалуы мүмкін. Еске салайық, "Көк Жайлау" тау-шаңғы курортының құрылысы 2015 жылға белгіленген еді. Жоба барысында 50 шақырым халықаралық шаңғы трассасы мен арқанды жол, қонақ үйлер, автокөлік жолдары және мейрамханалар желісін салу жоспарланған.




