Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нарықтық экономикада кәсіпорын табысының қалыптасуының маңызы

Нарықтық экономикада кәсіпорын табысының қалыптасуының маңызы

Қазақстан орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға  өтуі қоғамдық  өндірістің сипатын өзгертуде.

Өркениетті мемлекеттерде экономикалық қаржыландырудың басты жолы – кәсіпкерлік қызметті дамыту болып табылады. Әрине, біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Сол  себептен, кәсіпкерлікке кең ауқымды  мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта  бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту  шараларын жүзеге асыру өте маңызды  болып келеді.

Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына  жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді.Экономканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін беруде.

Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік – экономикалық әлеуетті еселей  дамытуда  кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз  ырзығын теруді қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.

Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның  табысты болуының  маңызы орасан зор. Кәсіпорын пайдасы  бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден – бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру  үшін  қаржыландыруға  пайдаланады.

Ұлттық  тарихымызда тамырын тереңге  жайған нарықтық қатынаста кәсіпкерлік қызметтің  арта түсетіні сөзсіз. Кәсіпкерлік қызмет табыс табудың тетігіне айналады.\

I.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын табысының қалыптасу қызметінің маңызы.

1.1.Кәсіпорын табысы және оның экономикалық мәні.

Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар  түрліше  маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында  ақшалай құнына  ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі  немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.

Кәсіпорынның табысы олардың акивтерінің артуы немесе капиал меншігінің көбеюіне  әкелетін мідеттемелердің кемуі. «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда ( жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда  (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.

Кәсіпорынның жалпы табысына  ақшалай  түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден  түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі  алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.

Жиі қолданылатын «таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы  айырмашылығы болып  саналады.

Экономикалық теорияда табыс деп, тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты- бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:

  • жалпы табыс (ЖТ) –бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.
  • Орта табыс(ОТ) – жалпы табысты (ЖТ) өнім өшемінің мөлшеріне бөлу (К)

                        ОТ= ЖТ / К

- Шекті  табыс (ШТ)- бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі

                        ШТ= ЖТ/К

Шекті  табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін  бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігіне құндық бағдарлар қызмет етеді.

Таза  пайда экономикалық санатының маңызды және кез – келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда  пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.

Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз- тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда –бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші.Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі – қосымша еңбек –қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да , сатқанда бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?

Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер белгілі  бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігіарып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырады деген сөз.

Пайда жоспары бағалар мен келісім- шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар негізінде  жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей әдісімен анықтау- өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.

Пайда, белгілі бір нысандарды орындайды.

Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды.

Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады.Оның   мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарынының негізгі элементтері болып табылады.

Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден – бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және  басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.

Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өкізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды  азайтуға бағыт көрсетеді.

Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынық деңгейі – кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтері болатындар:

  • өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;
  • негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;
  • өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.

Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кеткен шығындар. Нарықтағы өнім бағасы  - сұраныс пен ұсыныстың өзара іс – қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.

Пайда :

  • өндірісті ұлғайтудың көзі болып табылады;
  • ресурстарды пайдалану деңгейін және оларды үлестірудің оңтайлығын сипаттайды;
  • инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру.

Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі:

  • Жалпы пайда = жалпы табыс - өндіріс шығындары
  • Экономикалық пайда = жалпы табыс – барлық ресурстардың экономикалық шығындары
  • Бухгалтерлік пайда = жалпы табыс – оның шығындары
  • Таза экономикалық пайда= бухгалтерлік пайда - өндірістің анық шығындары
  • Таза пайда =жалпы пайда – салықтар,міндетті төлемдер
  • Қалыпты пайда= капиталға нормативті қайтарым –кәсіпкерлік табыстың мөлшері
  • Шаруашылық пайдасы = қалыпты пайда – экономикалық пайда
  • Шекті пайда = шекті табыс – шекті шығындар

1.2. Кәсіпорын табысының түрлері.

Өндірістік капиталдардың қалыптасуы кәсіпкерлік қызмет бастауының объективті алғышарты болып табылады. Бұ қызметтің нәтижелері дайын өнім (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер) нысанында көрінеді.

Өндірістік капиталды пайдаланудың нәтижесі арнайы қаржылық  көрсеткіштермен сипатталады және кәсіпорынның қаржы менеджментінің нәтижелігін дәлелдейді. Бұл нәтижелік  өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс мөлшерінде , кәсіпорыннң шығынында айқындалады.

Бөліністің классикалық  сызбасында түсім – ақша – бұл өнім өткізуден, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызметтен шаруашылық жүргізуші субъектінің шотына түскен ақша. Ол өнім (жұмыс, қызмет) өндіруге жұмсалынған қаражаттарды өтеудің (орнын толтырудың), орталықтандырылған және орталығтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады және өзіндік құнды , табысты, акциздерді, қосылған құнға салынған салықты қамтиды. Оның дер кезінде түсіп тұруы қаражаттардың ауыспалы  айналымының толассыздығын, өндірістік процестің үздіксіздігін  қамтамасыз етеді. Ал табыстың уақтылы түспеуі, өндірістегі бос тұрып қалушылыққа, табыстың төмендеуіне, шарттық міндеттемелердің бұзылуына , қаржы санкцияларына ұрындырады.

Түсім – ақшаны одан әрі болу негізгі капиталдр мен материалдық емес активтерді  ұдайы өндірістің көзі ретіндегі амортизациялық аударымдарды қалыптастырумен байланысты. Табыстың қалған бөлігі жалпы табыс немесе жасалынған құн болып саналады, ол жалақыны төлеуге және шаруашылық жүргізуші субъектінің  таза табысын  қалыптастыруға бағытталады. Таза табыстың бір бөлігі өнімнің өзіндік құнында салықтар мен алымдар, әлеуметтік қажеттерге аударылаын аударымдар және басқалары түрінде есепке алынады. Қалған бөлігі кәсіпорынның табысы болып табылады. Оған негізгі капитал мен кәсіпорынның басқа мүлкін өткізуден түскен табыстар, сондай – ақ өткізу операцияларынан тыс кірістер қосылады.

Түсім –ақшаның ауқымы кәсіпорынның, фирманың өнім өндіру мен оны өткізуге жұмсаған шығындарының (ақшалай жұмсалымдарының) көлеміне байланысты болады.

Кәсіпорын табысының түрлері::

  • өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс;
  • үйлерді, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді, олардың құнын инфлияцияға орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен табыс;
  • сату операцияларынан тыс табыстар, оның ішінде:
    • пайыздар бойынша табыстар;
    • дивидендтер;
    • тегін алынған мүлік пен ақша қаражаты;
    • мүлікті жалға беруден түскен табыс;
    • роялти;
    • мемлекеттік бюджеттен алынған жәрдемақыларды қоспағанда, заңды тұлғалар алған жәрдемақылар;
    • кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе кәсіпорынды жабуға келісім бергені үшін алынған табыстар;
    • банк және сақтандыру ұйымдарының резервтік қорларының мөлшерін азайтудан түскен табыстар;
    • қарызды жабудан түскен табыстар;
    • негізгі құрал-жабдықтарды сатудан түскен табыстар;
    • амортизациялық аударымдар және негізгі құрал-жабдықтар бойынша шегерістер жасау.

Тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс

Егер Қазақстан Республикасының трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау жасау мәселелері жөніндегі заңдарында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы мен акцизді қоспағанда, өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс болып табылады.

Тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс:

  • тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған кезде;
  • мәміле шарттары өзгергенде;
  • өткізілген тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) үшін бағалар, өтемдер өзгерген кезінде;
  • теңгемен төлеген кезде өткізілген тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсету) құнындағы айырма алынған жағдайларда түзетілуге тиіс.

Табысты түзету аталған өзгерістер болған салық кезеңінің қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс.

Құн өсімінен түсетін табыс үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынған активтерді қоспағанда,  амортизациялауға жатпайтын басқа да активтерді өткізу кезінде  құрылады.

Амортизациялауға жатпайтын активтерге:

  • жер учаскелері;
  • құрылысы аяқталмаған обьектілер;
  • орнатылмаған жабдық;
  • салық төлеуші тауарларды өндіруде, жұмыстарды орындауда, қызметтер көрсетуде пайдаланбайтын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
  • бағалы қағаздар;
  • кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаға, консорциумдарға қатысу үлесі;
  • Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған салық заңдарына сәйкес бұрын толық құны шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;
  • инвестициялық салық преференциялары бойынша құны шегерімге жатқызылған, инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген тіркелген активтер жатады.

Өсім аталған активтерді сату құны мен олардың баланстық құнының арасындағы айырма ретінде анықталады.

Активтер өткізілген айдың бірінші күнінде бухгалтерлік баланста көрсетілген құны олардың баланстық құны деп аталады.

Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды өткізу кезінде құн өсімі өткізу құны мен салық есебінде айқындалатын қалдық құнның арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімі мыналар:

  • борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша - өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы оң айырма;
  • борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткізу күніндегі дисконт амортизациясы және сыйлықақы ескертілген, өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы купон есепке алынбаған оң айырма.  

Дивидендтер   -    акциялар  бойынша  төленуге   тиісті  табыс;  заңды  тұлға  өз   қатысушылары,   құрылтайшылары    арасында   бөлетін  таза   табыстың  бір   бөлігі;    заңды   тұлғаны  тарату   кезінде,  сондай-ақ    құрылтайшының,   қатысушының   заңды   тұлғаға   қатысу    үлесін   алып  қойған  кезде,  құрылтайшының, қатысушының      жарғылық   капиталға   салым  ретінде   енгізген   мүлкін  қоспағанда, мүлікті  бөлуден    түсетін  табыстар.

Сыйақы  -  кредиттер  үшін;  қаржы  лизингі  бойынша  немесе  сенімгерлік  басқаруға  берілген  мүлік  үшін;   депозиттер   бойынша; жинақтаушы  сақтандыру  шарттары    бойынша;  борыштық  бағалы   қағаздар  бойынша  төлемдер  -  дисконт  не  купон.

Оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі

Бағамдық айырма (оң, терiс) - шетелдiк валютамен жасалған операциялар бойынша пайда болатын айырма.

Бұл айырма бухгалтерлiк есепте ұлттық валютамен жасалған операцияны көрсету нәтижесiнде операция жасалған күн мен осы операция бойынша есеп айырысқан күн арасында пайда болады.

Роялти – мынадай құқықтар  үшiн төленеді:

  • біріншіден, пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
    • екіншіден, авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етудi, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар белгiлерiн немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн төленетiн төлем. Бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңіз және әуе кемелері өнеркәсіптік жабдыққа жатады

Ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар

Қатысу  үлесі  -  жеке  және   заңды  тұлғалардың  бірлесіп  құрайтын   ұйымдарға,   консорциумдарға,  акционерлік    қоғамдарды   қоспағанда,  мүлкімен    қатысу   үлесі. Ортақ үлестік меншіктен табыстарды мүшелердің арасында тең үлеспен бөлінеді.

Банктер жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар

Борышкер банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның талабын орындаған кезде, бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар сомалары жасалған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп аталады. Бұл ретте, борышкер орындаған талап сомасына барабар мөлшердегі провизиялар сомасы табысқа енгізіледі. Сондай-ақ цессия шартын жасасу жолымен жол беру туралы шарт, новация шарты, талап құқығын басқаға қайта беру негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздерде борышкерге талаптар мөлшерін азайту кезінде бұрын шегерімге жатқызылған  провизиялар сомасы да табыстар деп танылады. Сонымен қатар талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялардың азайтылған сомасы да табыстар деп танылады.

  1. Кәсіпорын табыстылығын талдау.

2.1. Өнімді өткізуден түскен пайданы есептеп шығару

Өнім өткізуден алынған түсім –ақша (қосылған құнға салынатын салық пен акциздерсіз) мен оны өндіруге және өткізуге жұмсалынған шығындардың  арасындағы айырма өнім өкізуден алынған пайда болып табылады.Оған кәсіпорынның негізгі қорлары мен басқа мүлігін өткізуден түскен пайда, сондай- ақ өткізу операцияларынан ыс алынған табыстар қосылады.Өнім өткізу кезінде түсім – ақша  мен өзіндік құн арасындағы нәтиже де –зиян шегуі мүмкін.Сондай-ақ өткізу операцияларынан тыс  зияндар болуы мүмкін: алынған айыппұлдардан төленгендердің асып түсуі, валюта  есеп- қисаптары мен операциялары бойынша теріс бағам айырмасы, күші жойылған тапсырыстар бойынша зияндар, дүлей апатардан, авариялардан, басқа апаттардан болған сақтық өлемдерден  өтелмейтін ысыраптар және т.б.

Жалпы аталған құрамды бөліктер кәсіпорынның балансық пайдасын немесе зиянын құрады.

Қазақстан Республкасында бухгалтерлік есептің сандарары бойынша «Өнім (жұмыс, қызмет)  өткізуден алынған табыс» көрсеткішінде негізгі қызметтен алынған табыс қамтып көрсетіледі, ол тауар – материалдық босалқы қорларды, орындалған жұмыстарды, көрсеілген қызметерді өткізуден алынған табыстардан басқа,қосылған құнға  салынаын салықты, акциздерді, басқа салықтар мен міндеттемелерді, қайтарылған тауардың құнын және  сату мен бағадан шегерімдерді алып тастағаннан кейінгі сыйақы, яғни пайыздар, дивидендтер, қаламақы және рента түріндегі алынған табысты да қамтиды.

Өнімді өткізуден алынған табыс пен оның өзіндік құны арасындағы айырым жалпы табысты құрайды.

Кәсіпорынның  жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіш - өнімнің өзіндік құны болып табылады. Оның деңгейіне кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерге ұлғаймалы өндірістің қарқындары, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тәуелді болады. Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын талдау маңызды болып табылады. Өзіндік құнды талдау –оны кеміту жөніндеі тапсырманы орындауына жалпы баға беруге, оның орындалуының себептерін ашуға тиіс. Өндірістің неғұрлым жоғары техникалық деңгейі, өндіріс пен  еңбекті жақсы ұйымдастыру, жабдықты тиімді пайдалану, еңбек өнімділігін арттыру, шикізат материалды, отын мен энергияны үнемдеп жұмсау, ысырап пен өнімсіз шығындарды жою мен азайту арқылы кәсіпорын табысының мөлшерін жоғарлаутға мүмкіндік береді.

Өнімнің өзіндік құнын талдау объектілері:

  • жалпы және шығындар элементтері бойынша тауарлы өнімнің толық өзіндік құны;
  • тауарлы өнім 1теңгесіне кеткен шығындар
  • салыстырмалы тауарлы өнімнің өзіндік құны
  • жекелеген бұйымдардың өзіндік құны
  • шығындардың бөлек элементтері мен баптары.

Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын есептеу және жоспарлау шығындардың баптары бойынша  есептеледі. Шығындардың элементі, материалды шығындар, еңбекақы шығындары, әлеуметтік қажеттіліктерге  аударымдар, негізгі құралдардың амортизациясы, материалды  активткрдің тозуы, жол төлемі, банк несиелері  бойынша проценттер. Егер еңбекақының үлесі  азаятын болса, ал амортизациялық үлесі көбейетін болса, онда бұл кәсіпорынның техникалық деңгейінің жоғарлауы және еңбек өнімділігінің өсуін көрсетеді.

Өнімнің өзіндік құны, яғни өнімді  өндіру мен өткізуге кеткен шығындар ақшалай көріністегі өндірістің барлық факторларының шығындарын білдіреді.Бұл ұсыныс бағасын анықтау үшін, сонымен қатар, тиімді кәсіпкерлік саясаты өңдеу үшін қажет болатын маңызды ішкі  өндірістік көрсеткіш. Кәсіпорын тауарды пайда алу мақсатымен өндіреді. Сонымен бірге ол пайда мен шығындар арасындағы ара қатынасты  максималды етуге тырысады. Бірақ нарықта бір сатушының  белгілі бір мүмкіндіктері нарықтық жүйенің түрімен шектеледі және баға бірқатар факторлардың әсерімен қалыптасады. Сондықтан өндіруші үшін шығындарды төмендету, пайданы арттырудың негізгі, кейбір жағдайда бір ғана көзі  болып табылады. Осыдан табыстарды нарықтық талдаудың негізгі мақсаты – ол шығындар мен табыстардың  арасындағы оптимальді арақатынасты анықтау. Себебі, бұл  фирманың өмір сүруі мен сәттілігінің маңызды сипаты.

Өнімнің өзіндік құнының маңызды  жалпылама  көрсеткіші- тауарлы өнімнің 1 теңгесіне кеткен  шығындар. Ол біріншіден, универсалды өндірістің  кез- келген саласында  есептелінеді. Екіншіден, өзіндік құн және пайда арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Ол тауарлы  өнім  толық өзіндік құнының кәсіпорынның көтерме    бағасындағы тауарлы өнімге қатынасымен  анықталады. Тауарлы  өнімнің 1 теңгесіне  кеткен шығындар келесі факторлардың ықпалымен өзгереді:

  1. Бұйым құнының төмендеуі
  2. Өнім құрамындағы ассортименттік жылжулар
  3. Энергияның жүк тасымалдауға тарифтік өзгеруі
  4. Өнімге көтерме бағалардың өзгеруі

Тауарлы өнімнің өзіндік құнын төмендетудің барлық  резервтерін келесі негізгі  топтарға біріктіруге болады:

  1. Жұмысшылардың еңбек өнімділігін жоғарлату;
  2. Жалақы бойынша  тікелей шығындарды салыстырмалы төмендету;
  3. Озат техниканы және технологияны енгізу.

Өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:

  • шығын мақсатына, негізгі қордың мазмұнына қарай есептеу объектілеріне бөлінеді;
  • өнімнің өзіндік құны, негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші және қосалқы өндірістерге бөлінеді;
  • өндірістік шығынның есептеу объектісі бойынша жалпы сомасы анықталады;
  • ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бойынша егін шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құны жеке-жеке есептеліп шығарылады.

Өнімнің өзіндік құнын есептеуде мына төмендегі екі бағыт сақталады:

  • өзіндік құнның калькуляциясы;
  • шығын сметасы.

Өзіндік құнның калькуляциясы — өнімді өндіру мен оны өткізуге, жұмыс пен қызметке жұмсалған шығынның ақшалай мөлшерін анықтау.

Калькуляция  баптарының тізіміне төмендегілер жатады:

  1. шикізат және материалдар;
  2. қайтармалы қалдықтар;
  3. сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар. Сырттағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы қызметтері;
  4. технологиялық мақсаттарға арналған отын және энергия;
  5. өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы;
  6. әлеуметтік қажеттіліктерге аударылатын жарналар;
  7. жалпы шаруашылық шығындар;
  8. жарамсыз өнім шығындары;
  9. жалпы өндірістік шығындар.

Шығын сметасы — шығынның экономикалық белгілері бойынша жасалады, бұл кәсіпорынның өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсайтын шығындарының толық жиынтығы.

  1. Өнімдерді өндіру және сатуда шығын сметасы негізінде жоспарланған тауарларды шығару бойынша пайдасы, мұнда жоспарлы уақытта шығарылған тауарлардың өзіндік құны анықталады:

Мұндағы:

 Птп — жоспарлы уақытта шығарылған тауар бойынша пайдасы;

Цтп - жоспарлы уақытта өткізілетін бағамен шығарылған тауардың құны (қосылған құн салығы, акциз, сауда және өткізу шығындарын қоспағанда);

Стп — жоспарлы уақытта шығарылған тауарлардың толық өзіндік құны (өнімді өндіру және өткізуде, шығын сметасы есептелінген);

  1. Өнімді өткізуден келтірілген пайданы былай да есептеп шығаруға болады:

Мұндағы:

 Прп — сол уақытта өткізуге байланысты өнімдер бойынша жоспарланған пайда;

Врп — сатылатын бағамен өнімді өткізуден түсетін жоспарлы түсім;

Срп — сол уақытта өткізілетін өнімнің толық өзіндік құны;

Мұндағы:

Прп — жоспарлы уақытта өнімді өткізуден түскен пайда;

По1 - жоспарлы уақыттың бастапқы кезеңінде өтпей қалған, өнімнің қалдығындағы пайда;

Птп — сол кезеңдегі жоспарлы шығарылған өнімдердің тауарлы бөлігінен түскен пайда;

По1 - дайын өнімдердің жоспарланған кезеңде өткізуге болмайтын қалдығы бойынша алынған пайда.

2.2.Кәсіпорын пайдасының бөлінуін және пайдалануын бақылау.

Пайданы үлестіру объектісі кәсіпорыннның  баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы – салық және басқа да төлем шарттары  түрінде түрлі деңгейде  бюджеке түсетін бөлігі.Пайданы үлестірудің бағытын анықтау, кәсіпорынның қарауында  қалатын, құрылым статьясын пайдалану , кәсіпорынның құзіретіне жатады.

Пайданы үлестірудің принциптері:

  • Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған пайданы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;
  • Мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес. Салықтың құрамы мен алымы, оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;
  • Салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын пайда мөлшері өнім көлемінің артуы және өндірістік –шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек,
  • Кәсіпорынның қарауында қалатын пайда әуелі кәсіпорынның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған бөлігі тек тұтынуға кетеді.

Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда  екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі – кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қаысады.Екіншісі- тұтынуға пайдаланылатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен, тұтынуға бағытталған барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге  байланысты  пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жыдардағы  мүмкін болатын залаладарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағыталады.

Бөлінбеген пайда  кен мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін  қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.

Кәсіпорындарда пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді.

Табысты бөлу қолданып жүрген салықтар мен басқа міндетті төлемдерге сәйкес заңмен белгіленген үлеспен бірінші кезекте оның бір бөлігін мемлекеттік  бюджетке немесе мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға  аударуға саяды.

Пайданы бөлу тәртібі салық салудың заңмен белгіленген сызбаларына байланысты.

Әуелде әртүрлі негіздемелер бойынша баланстық (жалпы) пайданы көбейтуге немесе азайтуға  түзету жасалынады:

  • Басқа мөлшерлемелер бойынша бөлек салық салынатын пайда немесе табыстардың сомасы (дивидендтер, пайыздар және т.т.) шығарылады;
  • Жергілікі бюджеттерге төленген салықтар мен алымдар шығарылады;
  • Резерв және оған ұқсас қорларға аударылған аударымдар ескеріледі.

Әр түрлі нұсқаларда баланстық пайдадан  басым мақсаттарға (өндірісті ғылыми –техникалық жетілдіру, күрделі жұмсалымдар, әлеуметтік және табиғат қорғау шаралары, сауықтыру және қайырымдылық қорлары, мәдени және табиғи мұралардың объектілерін қалпына келтіру) пайда есебінен болатын шығындар толық көлемде  немесе бекітілген нормативтер шегінде шығарылады.

Жүргізілген түзеуден кейін салық салынатын пайда алынады, оған кәсіпорындар қызметінің әр түрлі жақтарын ынталандыру үшін жеңілдікер белгіленуі мүмкін.

Табыстың бөлу тәртібі де салық салудың қолданылып жүрген сызбасына байланысты. Мәселен Қазақстан Республикасында  жиынтық жылдық табыс және еңбекке ақы төлеу шығындарын қамтитын заңмен белгіленген шегерімдер бойынша  сызба қабылданған.

Басқа сызбаларда бұл шығындар жалпы табысқа кіріктіріледі және оның құрамында салық салуға жатады. Салықтарды төлегеннен кейінгі табыс, бұл нұсқада  еңбекке ақы төлеуге  және кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бөлінеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері жеке көрсеткіштер бойынша  тиісіті есепте қамтып көрсетіледі. Бұдан басқа, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп жасалады, онда  бұл қозғалыс үш бағыт бойынша көрсетіледі:

  • Операциялық қызметтен ( шаруашылық жүргізуші субъектінің нгеізгі қызметін сипаттайтын);
  • Инвестициялық қызметтен (ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын);
  • Қаржылық қызметтен ( меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын).

Бағыттардың әрқайсысы бойынша  ақша қаражаттары  түсімдерінің  нақтылы түрлері, тиісті қызметтің нәтижелерінде олардың шығып  қалуы мен көбеюі немесе азаюы көрсетіледі. Қаражаттардың құрамы, олардың  көздері  және белгілі  бір күнге  орнластырылуы  туралы  мәліметтер бухгалтерлік баланста келтіріледі.

Табысты (пайданы) бөлудің негізге алынатын қағидаттардың бірі – біріншіден, ең алдымен мемлекет алдындағы қаржылық  міндеттемелерді алғашқы кезекте орындау; екіншіден, меншікті ұлғаймалы  өндірістің  қажеттіліктерін тиісті  қаражаттармен қамтамасыз ету; үшіншіден, кәсіпорынның резервтерін қалыптастыруға бағыттау; кәсіпкерлік  тәуекел  едәуір өсіп отырған жағдайда мұның маңызы ерекше.

Табыстың (пайданың) сан қырлы мәні, маңызы экономиканың нарық шаруашылығының негіздеріне  көшуіне қарай  күшейе түсуде. Істің мәні  мынада болып отыр: қаржылық  дербестік пен тәуелсіздікке ие болған әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың бюджетке салықтар және басқа да міндетті  төледер мен аударымдарды  төленгеннен кейін қалған пайданы қай мақсаттарға және қандай көлемде  жұмсауға құқығы бар.

Бүгінгі шаруашылық жүргізуші субъектіде  табыстар мен пайданың толып жатқан жүйесі іс- әрекет етеді. «Қосымша құн» мен «пайда»   категорияларының эеономкалық мазмұны  іс жүзінде  бара – бар. «Табыс» категориясының  « қосымша құн» категориясынан айырашылығы  оның ақы төлеуге жұмсалатын табысарды өзіне қамтуында.

Жалпы алғанда, табыстар құн көрінісінде алынған игіліктерде  және оған жұмсалған қажетті шығындардың айырмасы ретінде  анықталады.

Жалпы табыс кәсіпорын иелерінің табысы және жалдама қызметкерлердің табысы болып бөлнеді, соңғысы жалақы деп аталады. Егер барлық табыстан жалақыны шегеріп тастаса, онда негізінен жалпы  пайда қалады.

Тауар айналысы  сферасының салаларында (сауда, қоғамдық тамақтану, маркетинг, дайындау) «өнім өткізуден түскен түсім ақша» категориясының орнына «тауар айналымы» категориясы пайдаланылады. Тауар айналымының мәнін сатып алу – сату жолымен ақшалай табыстарды тауарларға  айырбастаумен байланысты  болатын экономикалық  қатынастар құрайды. Шетелдік практикада

« Түсім – ақша» атауының орнына  көбінесе «жалпы табыс» атауы пайдаланылады. Алайда,  бұл осы  атаудың өте кең  баян етілуі, жалпы табыс экономикалық категория ретінде қайта жасалған құнды немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің таза өнімін білдіреді.

Саудада жоспарлау мен есеп жүргізудің практикасында  жалпы табыс деп сауда  үстемелерінің  (жеңілдіктерінің) сомасын, қоғамдық амақтануда сауда үстемелері мен қымбаттаудың сомасын айтады.

2.3. Кәсіпорын қызметі пайдалылығын талдау.

Тиімділік деп, кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:

  • кәсіпорынның тапқан пайдасының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;
  • кәсіпорынның тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік қатысы.

Кәсіпорын қызметінің тиімділік деңгейін бағалау үшін алынған нәтижеге (жалпы табыс,пайда) кеткен шығындар немесе пайдаланған ресурстармен салыстырылады. Пайданың шығындармен өлшемдестігі пайдалылықты  немесе толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді.

Практикада пайдалылық мөлшерін өлшеу екі нұсқада пайдаланады. Бұл пайданың ағындағы шығындарымен қатынасы (кәсіпорын шығындары, өзіндік құн) немесе аванстық жұмсау (негізгі өндірістік қорлар және айналым қаражаты). Бұл екі өлшеуші  аванстық жұмсау айналымы жиынтығының  көрсеткішіне өзара байланысты. Кәсіпорынның пайдалылық мөлшерін мына төмендегі формуламен есептеуге болады:

                 Пт = Ө( Б – Қ) / Нқ + Ақ

Мұнда: Ө - өнім көлемі;

             Б - өнім өлшемінің бағасы;

             Қ - өзіндік құн;

            Нқ – негізгі өндірісік қорлардың құны;

            Ақ – айналмалы қаражатың көлемі.

Практикада  кәсіпорын  қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері қолданылады.

  1. Өнімнің пайдалылығын барлық сатылған өнімнің және оның жеке түрлерін есептегенде  ғана болады. Бірінші жағдайда  ол өнімді сатқандағы пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындардың қатынасын анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын  тауарлы өнімді сатудан  алынған пайданың өткізуден алынған  түсімнің қатынасына есептеп шығарады; баланстық пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы  пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы  шығындарының тиімділігі және өнімді  сату табысы жөнінде түсінік білдіреді.
  2. Өндіріс қорларының пайдалылығы баланстық пайданың негізгі өндірістік қорлардың және айналым қаржыларының жылдық ораша құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да есептеуге  болады.
  3. Кәсіпорынның жұмсалым пайдалылығы оның қарауындағы мүліктердің  құны арқылы  есептелінеді. Есептегенде баланстық және таза  пайданың көрсеткіштерін пайдаланады.

Кәсіпорынның жеке қаржысының пайдалылығы  оның қарауындағы мүліктердің құны арқылы  есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.

Пайданы қалыптастыруға ықпал ететін несие бойынша  процент мөлшерлемесі:

  • Басқа кәсіпорындардың үлес қосуынан түскен табыстар;
  • Құнды қағаздардан түскен табыстар;
  • Алынған айыппұлдан асып түсу, өсімақы төлемнің тұрақсыздығы.

Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімдету – шаруашылықы жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлай қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен  материалдарды жұмсай отырып, шикізаттың әрбір өлшеміне  неғұрлым көп өнім алуға , шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арыруға жету керек.

Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса,онда оларды үш топқа бөлуге болады. өндіріс тиімділігі,біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылуын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндірістік қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың  және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттырылады.

Рентабельділік немесе тиімділік неміс тілінен алынған "пайдалы" немесе "кірісті" деген ұғымды білдіреді. Бұл — кәсіпорын жұмысы тиімділігінің көрсеткіші. Ол пайданың негізгі өндірістік қорлар мен мөлшерленетін айналым қаржысының орташа жылдық құнына қатысы арқылы айқындалады.

Рентабельділік деңгейін анықтаудың екі бағыты бар:

  • кәсіпорынның пайдасы;
  • ағымдағы шығындарының (өзіндік құн) немесе авансталынған салымдардың (негізгі өндірістік қор және айналым қоры) қатынасы.

Бұл екі өлшем өзара авансталынған салымның айналым жылдамдығының көрсеткіштеріне байланысты.

Мұндағы:

Р — пайда;

Р'1 Р'2 - пайда мөлшері (бірінші жөне екінші нұсқа);

Фа Фө - авансталынған және өзіндік құн қорлары;

Кәсіпорынның рентабельділік мөлшері мына төмендегі формула бойынша есептелінеді:

мұнда :

Ц — өнім бірлігінің бағасы;

С — өнімнің өзіндік құны;

П — өнім көлемі;

Қо — негізгі өндірістік қордың құны;

Қақ —  айналым қаржысының көлемі.

Рентабельдиік көрсеткіштері:

  1. Өнім рентабельділігі - өткізілген барлық өнімдермен және олардың жекелеген түрлерімен есептелінеді.
  • Бірінші жағдайда, бұл өнімдерді шығарудан және оларды сату шығындарынан кейінгі пайда қатынасы. Барлық сатылған өнім рентабельділігі: өнімдерді сатудан түскен түсімдеріне қарай, тауар өнімдерінен түскен пайда қатынасы ретінде; өнімдерді өткізуден түскен түсімдеріне қарай, баланстық пайда қатынастары бойынша; өнімдерді өткізуден түскен түсімдеріне қарай, таза пайда қатынастары бойынша есептелінеді. Барлық өткізілген өнім рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өткізілген өнімдердің табыстылығы.
  • Екінші жағдайда, рентабельділік өнімнің жекелеген түрлері бойынша анықталады. Бұл мәлімет бойынша, өнім түрлерінің өзіндік құны тұтынушыларға өткізілетін өнімдердің бағасына байланысты болады.
  1. Өндірістік қор рентабельділігі негізгі өндірістік қордың (баланстық пайданың) және материалдық айналым қаржысының орташа жылдық құнына қарай қатынасы ретінде есептелінеді. Бұл көрсеткішпен таза пайданы есептеуге болады.
  2. Кәсіпорындагы салымдар рентабельділігі — оның өнімділігіне қатысты мүлік қүны бойынша есептелінеді. Есеп айырысуда баланс және таза пайда көрсеткіштерін қолданады. Мүліктің құны бухгалтерлік баланс бойынша анықталады.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Табыстылықтық  абсолюттік көрсеткіші – бұл пайдалар немесе табыстың көрсеткіші.

Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі не болмаса  пассивтердің азаюы түріндегі акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолюттік көрсеткіштерінен тұрады. Олар : өнімді, қызметті өткізуден алынаын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің  нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.

Нарық жағдайында табыстық рөлі айтарлықтай артты. Нарықтық  экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы  күшіне айналды.

Сонымен табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.

Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементтері ретінде көрсетіледі. Осыдан табысты құру және бөлу  мәселелрінің маңыздылығы көрінеді. Оның шешімді шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және иелігіндегі қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Табыстылық өз қызметтерін тиімді орындай алу үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

  1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай – ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуімен өзіндік құнның төмендеуін ескеру қажет.
  2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
  3. Табысты бөлу механизмі белсенді рөл атқарады және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда  ынталандырушы  фактор болуы тиіс.
  4. Табысты тиімді пайдалану тек қаржы тұтқаларының жүйесінде (аморизациялық аударымдар, акциздер, жор төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, салымдар, арнайы қорлар, пай төлемдері, инвестициялар, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы) ғана мүмкін.

Табыстылықтың  абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің тиімділігін емес, экономикалық   тиімділігінің көрсеткішіне жатады. Кәсіпорынның табыстылық деңгейінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.

Табыстылықтың  көрсеткіштерін талдау міндетеріне мыналар жатады:

  1. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
  2. Таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
  3. Табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
  4. Табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
  5. Табыстың өсу резервтерін анықтау;
  6. Табыстылықың әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу. 

III. Кәсіпорын  табысының экономикалық тиімділігін молайту мәселесі.

3.1. Табыс   көрсеткіштері

Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты – еңбек өнімділігін барынша  артыру және өзіндік құнын арзандату. Басқа да біркелкі  жағдайларда  өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын тиімділік соғұрлым жоғары  болатыны белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе  шығартаын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал етеді, өйткені жоғары сапалы өндірілеін тауарларды көтеріңкі бағамен сата алады.

Таза пайда экономикалық санатының маңызды және  кез- келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.

Әрбір кәсіпорынның  жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Былайша айтқанда, пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі  экономкалық көрсеткіші. Кез – келген кәсіпорынның негізгі мақсаты – табыс табу болып табылады.

Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Нарықтық экономикаға  көшумен табыс (пайда) кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана  өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені?, қалай?, кім үшін? өндіру кажет деген. Табыспен әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі  шығындарын меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді.Уақытша қаржы тапшылығ кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы  шығындары болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудалармен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, капитал салымдарымен, банктің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін.

Сонымен табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіш болып табылады. Кәсіпорынның қызмет етуі – оның табысының  көлемімен анықталады.

Кез – келген кәсіпорын табыс көлемін молайту үшін, өзекті мәселелерін   талдап, оны шешу жолдарын қарастыру қажет. Яғни кәсіпорынның   табыстылық деңгейін жоғарлату үшін бизнес – жоспар құру маңызды болып саналады.

Бизнес –жоспардың бірінші бөлімі – бұл өнімді (қызметі) бейнелеуден тұрады, яғни кәсіпкер қандай өнім өндіреді  немесе ұсынады.

Бөлімде мына сұрақтарға жауап берілуі тиіс:

  • Сіздің өніміңіз (қызмет) қандай тұтынуды қанағаттандырады?
  • Сіздің өніміңізден (қызмет) қандай пайдалы тиімділік алуға болады
  • сіздің өніміңіз бәсекелестің тауарынан қандай айырмашылығы бар?

Пайдалы тиімділік бұл не үшін қолданылатынын анықтайды.

  1. Сату нарығын сараптау, ол үшін тауар және қызмет нарығын зерттеу керек. Бизнестегі тұтынушының әлеуетін, олардың талғамын, сұранымын, ақшалай мүкіншіліктерін және кемшіліктерін алдау қажет.

Сараптау жұмыстарында мына жағдайларға  баса назар аударылуы қажет:

  • сатып алушылар сіздің тауарыңызды қандай көлемде пайдаланады, үнемі ме, әлде сирек пе, қызмет бабында  олар сізбен қандай қарым – қатынаста?
  • өнімнің барлық партиясын сату үшін немесе қызметтің бір түрін көрсетуде сіз қанша уақыт жұмсадыңыз?
  • Сатып алушылар сіздің тауарыңыздың баға деңгейіне қалай қарайды, қалай бағалайды?

3.Бизнес – жоспардың үшінші бөлімі – бәсекелестердің мүмкіндіктерін анықтауға арналады.

  1. Төртінші бөлім – бұл маркетинг жоспары. Маркетингтің басы формуласы «Не өндірілетінді емес, сатылатын нені өндіру керек»
  2. Өндіріс жоспары – барлық өндірістік процестің бейнесі.

Негізгі   міндеті – кәсіпорынның жағдайына қарай, қажет кезінде қажетті тауарды нақты өндіру, оның жоғары сапалылығын  қамтамасыз ету.

  1. Ұйымдық жоспары. Мұнда әркімнің өз ісін кіммен бірге ұйымдасыратыны айқын көрсетіледі және оның үздіксіз, табысты атқарымдылығын ретке келтіру жолдары нақтылы қарастырылып, жоспарланады.
  2. Қаржылық жоспар, бұған кіретіндер:
  • Қаражат көздерін анықтау;
  • Ұйымның қызметіне қажетті сату көлемін болжау;
  • Ақшалай шығындар мен түсімдердің балансы;
  • Табыс және шығындардың кестесі;
  • Кәсіпорынның актив және пассив балансының жынтығы;
  • Шығынды аз жұмсауға қол жеткізу жолдары.

Міне, осындай құжатты  жолдарды пайдалану өте тиімді, өйткені бұл кәсіпорынның табыс табу жолдарын ойластыруға  мүмкіндік туғызады.

Кәсіпорын  қызметінің табыстары:

  • сыртқы, бұларға кәсіпорын әсер ете алмайды;
  • ішкі, бұлар кәсіпорын қызметкерлерінің ұйымдастыру жұмыстарын жүргізудегі қабілеттеріне байланысты факторларға тікелей байланысы.

Сыртқы (әлеуметтік) және  ішкі (технологиялық) фактор-лардың өзгерулеріне қарай бейімделу, оларды шеберлікпен ұщтастыра жүргізіп отыру кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінің, өркендеп өсуінің бірден – бір кепілі.

 Кәсіпорын қызметіне әсер ететін сыртқы факторларға мыналар жатады:

  • халық қажеттілігінің өлшемі мен құрылымы;
  • халықтың табыстары мен жинақтарының деңгейі;
  • саяси тұрақтылық және ішкі саясаттағы бағыттар;
  • ғылым мен техниканың тауар өндірісі процесі мен оның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын бағыттарын дамыту;
  • мәдениет деңгейі, яғни тұтыну формасы мен дағдылары;
  • халықаралық бәсеке, мәселен, шетел фирмалары  бір кездерде арзан еңбектің есебімен жеңіске жетсе, ал басқалары – жетілген технология негізінде.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, кәсіпкерлік қызметтің табысты болуы –экономиканы өркендетудің, сайып келгенде  өзіміздің жағдайымызды жақсартудың кепілі.

Кәсіпкерлік қызметті кеңінен  дамыту айтуға оңай болғанымен, жеңіл шаруа емес. Нарықтық қатынастар тамырын тереңге жайған сайын оның маңызы арта түсетіні де анық.

Кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асуына мүмкіндік бермей отырған, оны қорғамай, қолдамай, жемқорлық танытып отырған билік пен басқару  органдарының қызметкерлері, сондай –ақ оның басшылары заңмен қудаланады.

Кәсіпорынның дамуын анықтайтын және оның қызметінің нәтижелі болуы ішкі факторларға байланысты. Ішкі факторлардың маңызы жөнінде мынаны айтуға болады. Мәселен, американдық кәсіпорындардың 90% – ға дейінгісінің  жұмыстарындағы сәтсіздік, міне, осы: тәжірибесіз менеджерлерге; істі жете білмейтін басшылыққа; олардың кәсіпорын жұмысын өзгеріп отыруына сәйкес ұйымдастыра алмағандықтарына байланысты екенін, елде жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсеткен.

Егер белгілі бір кезеңде қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорынның тиімділігін артырады деген сөз.

Жалпы қорыта келгенде, мемлекет кәсіпорынның  табыстылығын жоғарлату үшін, инновациялық және құқықтық негізде қолдау көрсетіп,еркін бәсекені дамыту қажет.

Мемлекеттің тағы бір кәсіпкерлікті қолдау  мен қорғау бағыты ол әр түрлі  қызмет бойынша жеңілдіктерді ұсыну. Мейл, ол құжат жинау мен алудағы жеңілдіктер, салық салу ауыртпалығын азайту, жаңа құрылғалы отырған кәсіпорынға қойылатын талаптарды кеміту.

Өндірістік, шаруашылықтық, коммерциялық және  басқа да қызмет түрлерін бастарда ең алдымен тәуекел  қажет. Яғни, тәуекелге баратын ғана кәсіпорын табысты болу мүмкіндігіне ие болады.

Құқықтық қамтамасыз етілген және инновациялық бағытта ұйымдастырылған кәсіпкерлік ғана экономикада нәтижесін көрсететін, оны алға жетелейді, дамытады.

Қолданылған  әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы. Алматы: Жеті жарғы,1998.
  2. Қазақстан Республикасының «Шаруашылық әрекеттер мен іскерлікті дамыту бостандықтары жөніндегі» Заңы. Алматы:Қазақстан,1991.
  3. В.Д.Грибов, В.П.Грузинов. Экономика предприятия. М.1998
  4. Экономика предприятия:Учебник для вузов. Под. Ред. В.Я.Горфинкеля. М,:Юнити,1998.
  5. Экономический рост предриятий Республики Казахстан. Под.общ. ред. Н.К.Мамырова. Алматы:Экономика,2000.
  6. КрымоваВ. «Экономикалық теория» кестелі оқу құралы, Алматы,2003.
  7. Керімбек Ғ.Е.,Үмбеталиев А.Д. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік» Астана:Фолиант,2005.
  8. «Бухгалтерлік бюллетені» журналы.№ 3 қаңтар 2004
  9. Қаржы-қаражат   3/2002г.
  10. Қаржы- қаражат 3/2003г.
  11. Қаржы – қаражат 3,4/2006г.

Похожие материалы