Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нарықтық экономиканы құрудағы ұсақ бизнестiң рөлi

Нарықтық экономиканы құрудағы ұсақ бизнестiң рөлi

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсiпкерлiк қызметтiң мемлекет тарапынан қолдау  және кәсiпкерлiктiң  экономика өмiрiнде аткаратын ролiнiң ұшан-теңiз екендiгi дәлелдеудi қажет етпейдi. Казiргi заманда  кемелiне келiп  дамып тұрған өркениеттi елдердiң қайсысы болмасын кезiнде   шағын жөне орта кәсiпкерлiктi дамыта отырып, айтарлыктай дөрежеге жеткенi   баршаға мәлiм.

Кәсiпкерлiк қызмет (кәсiпкерлiк) бiз үшiн  жаңа, бүгiнгi таңда экономикалық және теориялық тұрғыдан әлi де болса айтарлықтай, толығымен қамтамасыз етiле қоймаған   өте тың құбылыс болып табылады.

Оның өзектi  проблемалары әлi де  болса  жеткiлiктi денгейде зерттелмеген. Сонымен бiрге, кәсiпкерлiк қызметтi реттейтiн  заңдардын даму мен жетiлдiрiлуiне арналған зерттеулердiң де жоқтың қасы екенiн  бiлемiз. Бүгiнде республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негiзi  болып табылатын кәсiпкерлiк     қатынастарды дамытып жандандыру оны мемлекеттiк  реттеу әдiстерiн   жетiлдiру күн тәртiбiндегi   мәселелер бойынша бiрiншi   кезекке қойылып отыр.   Оған куә  ретiнде  Қазақстан  Республикасы  Президентi мен Үкiметi тарапынан  жасалынып жаткан   кәсiпкерлiктi қолдау оны  жандандырып нығайту туралы шараларды, сондай-ақ осы шараларды материалдық және құқықтық жағынан камтамасыз ету жөнiнде қабылданған экономикалық маңызы бар нормативтiк  актiлердi атап өтуге болады. Сондықтан бiз кәсiпкерлiктi   елiмiздiң   шаруашылық кызметiнiн жандандырғыш күштерi деп бiлуiмiз кажет.  Осыған орай айта кететiн бiр жәйт мемлекетiмiзде көсiпкерлiктiң   жан-жақты қолдау табуын тек кәсiпкерлiктi   дамьпу үшiн   ғана деп түсiнбей сонымен бiрге оның нарықтық экономиканы дамытуға қосар үлесiнiң  де қомақты екенiн   естен шығармауға тиiстiлмiз.

Демек нарықтық өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлердiң  кызметтерiне айтарлықтай дәрежеде тәуелдi  болады. Тағы бiр ескеретiн  жәйт, бұрынғы тоталитарлы Қазақстан экономикасының жеке меншiкке негiзделген нарықтық экономикаға түрлендiрiлуi кәсiпкерлiк қызметтi дамыту жандандырудың таптырмас    көзi   ретiнде көрiнiс     тауып  отыр.

Бұл жұмыста нарықтық экономиканы құрудағы  шағын  және орта бизнестiң үлесi мен жалпы  кәсiпкерлiк қызметке  мемлекет тарапынан қолдаудың экономикалық және  теориялық  жақтары  қарастырылмақ.

  1. Нарықтық экономиканы құрудағы төменгi және орта бизнестiң ролi

Кәсiпкерлiк  деп, өзара    пайдалы    нәтижеге    жету    және    табыс    табу    мақсатында қатысушыларының  өз   қарамағындағы   мүлiктерi   мен   қаражаттары, сондай-ақ дамытуға берiлетiн несиелер есебiнен, ағымдағы заңдардың көлемiнде (шегiнде) жүзеге асырылатын (мүдделi) шаруашылық және басқа да коммерциялық қызметтi айтамыз. Кәсiпкерлiк халыққа қажеттi  тауарлар,   өнеркәсiп   өнiмдерiн     және   басқа    қызметтер   жөнiндегi қоғамдағы, мемлекетiмiздегi сұраныстар мен ұсыныстар есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет болғандықтан ол тек кәсiпкерге ғана емес халыққа да тиiмдi болып табылады.

Кәсiпкерлiк    қызметтiң    қандайы    болмасын    мемлекеттiң экономикасы аясынан өзiне тиiстi орнын, дәреже-деңгейiн тапқаны бүгiнде баршаға мәлiм. Сонымен бiрге  қазiргi кезде  Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiктiң дамыту  бұл кезек күттiрмейтiн үлкен проблема деп айтуға болады.

Ал бүгiнгi таңда Қазақстандағы кәсiпкерлiктiң туындап, дамуы жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың өзегi ретiнде   көрiнiс   табуда.   Өйткенi,   нарық   экономикасына   көшудiң    бiрден-бiр   жолы   мемлекет   құрылымынадағы   әртүрлi   аяда қызмет атқаратын өндiрiс, кәсiпорындармен тайталаса және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесi бар кәсiпкерлiк құрылымдарын құру, дамьпу  болып табылады.   Демек,  бұл   кәсiпкерлiк   құрылымдардың материалдық базасы  жекеменшiк  инвестициялар   болып  табылумен қатар,   олардың   басқару   бастауында   (бастамасында)   бiлiктi   жөне қайратты кәсiпкер тұруы кажет. Осыған орай, мемлекетiмiздiң  бiрнеше жыл көлемiнде жүргiзiлiп   жатқан жекешелендiру саясаты қандайда болмасын  аядағы  мемлекеттiк  меншiкке   нсеiзделген  монополизмдi жойып   мемлекеттiк   емес   коммерциялық   құрылымдардың   дамып, өркендеуiне бағытталған деп айта аламыз.

 Бұл жайлардың айғағы ретiнде қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасы Елбасының тарапынан көрсетiлiп  жатқан жәрдем, қамкорлықтарды айтуға болады. Бiрақ бұл жерде айта кететiн бiр жай кәсiпкерлiк   қызмет жөнiндегi   бiрнеше заңдар мен басқа да заңға сәйкес актiлердiң  қабылдануына және өркениеттi жекешелендiру саясатының бiрқалыпты жүргiзiлуiне қарамастан кәсiпкерлiктiң, әсiресе өндiрiс, өнеркәсiп   аясындағы кәсiпкерлiктiң   ойдағыдай дамымай отырғаны белгiлi.

Себебi бюрократиялық аппараттың әлi де азаймауы, мемлекет, қоғам мүддесiн    көздейтiн жекешелендiру саясатын жергiлiктi   және басқа деңгейде айтарлықтай жүзеге асырмауы, сондай-ақ салық салмақтарының кемiмеуi.

Қазақстанда кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiлерi заң жүзiнде белгiленген. Олар: Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдiк жеке және заңды тұлға резидентгер болып табылады. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлға-азамат заңды тұлға құрып немесе құрмай айналыса беруiне болады. Ал ұжымдық кәсiпкорындар, кооперативтер немесе әкiмшiлiк-аумақтың кәсiпкерлiк қызметтерi өз меншiктерiнiң  негiзiнде заңды тұлға құру арқылы кәсiпкерлiкпен айналысады. Ендi аздап осы кәсiпкерлiктiң мәнi мен маңызына тоқталайык, Бұл жөнiнде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлi көзқарастардан бөлек келешегi   бар концепцияда адамның мынадай iс-қимыл-әрекетi өзiнiң сипатына байланыста мынадай екi негiзгi типке: бастапқы базистiк еркiн-ерiктi қызметке және қондырма ерiксiз қызметке бөлiнедi делiнген.

Сол бiрiншi ерiктi қызмет кәсiпкерлiкке жатады, өйткенi ол қызметтi жүзеге асырушы тұлғаның     мүддесiне,      жүзеге    асыру    жолдары   мен әдiстерiн таңдау еркше, мақсат еткен нәтижесiне жетуiне, өзiнiң  қаражат-мүлкiне негiзделген. Бiрақ қанша ерiктi қызмет    болғанымен заңда бөлiненген шектен шықпаулары қажет. Өйткенi мемлекет мүддесiне, яғни ұйымдасқан   қоғам мүддесiне     зиян     келуi      мүмкiн.

Мемлекет тарапында жүзеге асырылатын қызметтерге тұлғаның жұмысқа  кiруi ерiктi сипатта болғанымен, басқару қызметi басқарушы органның мүддесiне соған жету жолында жүзеге асыратын фукнцияларына, әдiстерiне      және т.б. негiзделгендiктен қызмет   iстеу ерiксiз болып табылады.

Кәсiпкерлiк мемлекеттiң экономикасының басты элементi болып есептелiнедi, себебi ол өндiрiс аясындағы экономикалық кызмет ретiнде басқарушы қызметтен ерекшеленедi,   мемлекеттiң өзi саяси билiктiң субъектi және мемлекеттiк меншiк иесi болғандықтан    тiкелей шаруашылық кәсiпкерлiк  (коммерциялық) қызметтерге араласпайды, ол тек әзiрше (мүмкiндiгiнше толығымен жекешелендiрiлген) жұмыс атқарып, қызмет көрсетiп жатқан мемлекеттiк кәсiпорындар, шаруашьшық ұйымдары арқылы кәсiпкерлiк      қызметке     араласады.

Бұл турасында ҚР Азаматтық Кодексiнiң 10-бабында дәл айтылған сияқты[1]. "Кәсiпкерлiк-меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңдар тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, кызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет". Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады. Осыған орай кәсiпкерiнiң кiм екенi жөнiнде түсiнiк бере кету қажет. Кәсiпкер деп өз атынан және өз қаражаттары (меншiктi немесе қарызға алған) есебiнен     тауарлар мен өнiмдердi өндiру, сату немесе сатып алу жөнiндегi  жұмыстарды орындау және кызмет көрсету арқылы пайда табу мақсатындағы қызметтi  (кәсiпкерлiк кызметтi) ұдайы (тұрақты) негiзде жүзеге асыратын азаматты немесе заңды тұлғаны айтамыз[2].

Мемлекет тарапынан кәсiпкерлiк   қызмет еркiндiгiне кепiлдiк берiлген, кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғауды мемлекет, мемлекет атынан өкiлеттi   органдар қамтамасыз етедi.

Кәсiпкерлiк     қызметте   әрбiр жасалатын өрекет (iс-қимыл) жөнiнде

арнайы   нормативтiк-құқықтық  экономикалық маңызы  бар акт   қабылдау   арқылы   оны  реттеу  қажет.

Кәсiпкерлiктiң дамуына мол  сенiм,  мемлекет тарапынан  кепiл,

экономикалық   негiз   ретiнде-жеке    меншiк    нысаны,   құқықтық негiзгi

ретiнде-заңдар бар.

Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге     асыратын   жеке    тұлғалар    заңды тұлға     құрмай-ақ осы  қызметпен  айналысуға  патент  алған  кезден  бастап

кұқылы.  Патент бiр мезгiлде азаматтық   кәсiпкер ретiнде тiркелгенi  жөнiндегi  куәлiк      және  кәсiпкерлiк     қызметтi    жүзеге  асыруға құқық

беретiн лицензия болып табылады.

Ал шаруа (фермер) қожалығы құрамында; мердiгерлiк шарт және өзге

де азаматтық-кұқықтық шартгар негiзiнде бiр жолғы жұмыс атқаратын;

көтерме және бөлшек сауда желiсiнен басқа өздерiне тиесiлi мүлiктi,

сондай-ақ өндiрiлген, өнделген, сатып алынған өнiмдердi, оған қоса импорттық өнеркәсiптiк және азық-түлiк тауарларын сол үшiн арнайы бөлiнген жерлерде немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар: жұмыс iстеп, қызмет көрсетудiң түсiмi жылына ең төменгi жиырма жалақы жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттiк тiркеуден босатылады, яғни кызметтерiн   заңды тұлға құрмай жүзге асырады.

Өз қызметiнiң негiзгi   мақсаты ретiнде пайда келтiрудi көздейтiн (коммерциялық) үқйым заңды тұлға болып   табылады.

Кәсiпкерлiк кызметi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттiк кәсiпорындар, толық серiктестiктер, (коммандитiк) сенiм серiктестiктерi, жауапкерпiлiгi шектеулi серiктестiктер, қосымша жауапкершiлiгi бар ерiктестiктер, өндiрiстiк кооперативтер жатады.

Сонымен Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызмет екi түрлi бөлiнедi деп айта аламыз. Оны шағын және орта кәсiпкерлiк, яғни жеке кәсiпкерлiк сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпкерлiкке бөлу кәсiпкерлiктiң экономикалық негiзiнiң заңды маңызын бiлуге және реттеуге себiн   тигiзедi. Кәсiпкерлiктiң түрлерi заңдар арқылы белгiленедi, сондықтан олар оның құқықтық негiзi болып   табылады.

Мысалы, заң    жүзiнде кәсiпкерлiктiң түсiнiгi  берiлген және жоғарыда аталған субъектiлерден басқа да қызмет түрлерi мен субъектiлер туралы айтылған қызмет түрлергне мыналар жатады: инновациялық қызмет; ойын бизнесi; шоу-бизнес; венчурлiк фирмалар; шағын кәсiпкерлiк инфракұрылымы[3].

Субъектiлер: заңды тұлға құрайтын жеке адамдар және қызметкерлердiң орташа жылдық саны 100 адамнан аспайтын және активтерiнiң жалпы кұны орта     есеппен бiр жыл iшiнде алпыс мың еселенген есептiк көрсеткiштен аспайтын, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар болып табылады.

Мемлекеттiк кәсiпкерлiктiң   бiр түрi ретiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң меншiгi    негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi айтуға болады.

Сонымен,   кәсiпкерлiк   қызметтiң   басты   көрiнiсi   оның   жеке меншiкке   негiзделе   отырса   ерiктi   және   еркiн    сипатта   жүзеге асырылуы.    Бiрақ   кәсiпкер   ретiнде   мемлекет   аумағында   жұмыс атқаруына байланысты өз азаматымыз, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға болсын, сондай-ақ кандай да заңды тұлға болмасын өздерiнiң  жүрiс-тұрыстарын реттейтiн  заңдарға мойын ұсынулары қажет және олар сол заңмен белгiленген шеңберден шықпауға тиiстi. Ендi кәсiпкерлерге берiлген кейбiр құқықтар жөнiнде тоқтала кетейiн:

  1. ҚР Заңдарына қайшы келмейтiн кәсiпорындар мен ұйымдардын кандай-да болмасын түрлерiн құру;
  2. Өздерiнiң мүлiгiмен және заңды негiзде алынған мүлiктермен өзге шаруашылық субъектiлерiнiң қызметтерiне   қатысу;
  3. Екi жақтың келiсiмi бойына заңды тұлғалар мен азаматгардың мүлiктерiн пайдалану;
  4. ҚР Заңдарына қайшы келмейтiндей контракт немесе езге де шарттар негiзiнде қандай-да болмасын мөлшерде жұмыскерлердi жалдау немесе жұмыстан босату;
  5. Банк мекемелерiнде өз ақша каражаттарын сақтау үшiн шоттар ашу, есеп айырысу, несиелеу және кассалық операцияларының барлық түрлерiн жүзеге асыру;
  6. Жұмыскерлерiнiң еңбектерiне ақы төлеу нысандарын, жүйесiн, және мөлшерiн сондай-ақ олардың басқа да табыстарын белгiлеу;
  7. Шаруашылық қызметтерiнiң бағдарламасын қалыптастыру, шығарылған өнiмдi (жұмысты, кызметтi) тұтынушылар мен алып жеткiзушiлердi (сатушыларды) таңдау және шарт негiзiнде мемлекеттiк мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшiн жұмыстарды және жеткiзу қызметтерiн орындау;
  8. Заңды тiкелей көрсетiлген жағдайлардан басқа кездерде өз тауарларының (жұмыс, қызметтерiнiң) тарифтерiн, бағасын расценкаларын өз бетiнен белгiлеу;

9 Өздерiнiң меншiк нысандарына негiзделiнген мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктерiн толығымен немесе жартылай сатып  алу, өзге де мүлiктердi алу және оларға байланысты мүлiктiк құқықтарды иелену;

  1. Салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден қалған кәсiпкерлiк қызметтiң табыстарын, пайдаларын еркiн пайдалану;
  2. Мөлшерлерi бойынша шектелмеген табыс алу (табу);
  3. Сыртқы экономикалық қатынастардың қатысушысы болу және валюталық операцияларды жүзеге асыру;
  4. Әлеуметтiк сақтандыру және әлеуметтiк қамсыздандыру жүйелерiн өз беттсрiмен таңдап алу арқылы қолдану.

Негiзiнде кәсiпкерлiк қызмет, оның iшiнде шағын және орта кәсiпкерлiк бәсекелесу рыногының өте маңызды өрi таптырмас факторы болып саналады. Бұл кәсiпкерләктiң, әсiресе шағын кәсiпкерлiктiң басты сипаты кандай да болмасын бағыттағы рынок сұраныстарына өте икемдi түрде ат салысуға қабiлеттiлiгiнiң болуы.

Бұл жерде бiрден айта кететiн жәйт, кәсiпкерлiктiң негiзгi қағидасы: "мұқтаждықты сұраныс арқылы табу және оны өнiм шығару немесе қызмет көрсету арқылы қанағаттандыру" тек шағын кәсiпкерлiктiң арқасында айтарлықтай дәрежеде жүргiзiледi. Оның себебi, бiрiншiден, рыноктардың қажеттi бөлiктерiнде әрекетенедi; екiншiден, олар әрқашанда тұтынушыларға жақын тұрады; үшiншiден сұраныстарды қанағаттандыруға өте бейiмделген; төртiншiден, олардын тұрғылықы халықты жұмыспен қамтамасыз етуi; бесiншiден, бұл    кәсiпкерлiк түрi тiкелей кәсiпкердiң басқаруымен  қызметiн жүргiзе бередi (басқа басқарушы кадрларды кажет қылмайды).

Бiрақ экономика аумағында, халық шаруашылығында осындай бiр сарынмен жүре беруге тағы болмайды. Демек бұл жағдай шағын, орта және iрi кәсiпорындарды ұтымды ұштастыруды қажет қылады. Осыған орай алға қойылатын мақсат - қазiргi кезеңде кәсiпорынның орташа көлемiн  төмендету және жаңа типтегi шаруашылық кешенiн құру арқылы өте икемдi, ұсақ (сериялы) өнiмдердi    шығаруға бейiмделген өндiрiстi аз шығынмен көп өнiм шығаруға бiрте-бiрте ауыстыру. Осы жоғарыда көрсетiлген ерекшелiктердi  бiрiктiру мүмкiндiгi тек iшкi фирмалық кәсiпкерлiк құрылымдарды, яғни шағын, айтарлықтай ерекшеленген толық немесе жартылай құрылған функциялары бар бөлiкелер құру жолымен және өндiрiстi үзбей жаңартып   отыру арқасында туындайды.

Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың құқыктық базасы ҚР азаматтық кодексi сондай-ақ тағы басқа ҚР Заңдары, Заңға сәйкес нормативтiк актерiлерi болып табылады.

Кәсiпкерлiктi дамыту проблемаларын шешу жолдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң  "Қазақстан-2030" көпжылдық бағдарламасында көрiнiс тапқан болатын. Мысалы, Н.А. Назарбаев: "үкiметтiң әлi  де орын алып отырған сауда мен өндiрiске әкiмгершiлiк араласуын жоюға; жылжымайтын мүлiктi, қалған ұсақ және орта кәсiпорындар мен агроөнеркәсiп кешенiн қоса алғанда, жекешелендiру процесiн аяқтауға тиiспiз..."[4], "ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке

шаруашылықтар үшiн кредиттерi арзандатамыз; ... шағын  және орта бизнестi дамытамыз; ... қызмет көрсету саласын, әсiресе туризмдi белсендi дамытамыз деп стратегиялық бағыттарды атап көрсеткен болатын[5]".

2.  Шағын және орта бизнестi  мемелкеттiк қолдау және дамыту  бағдарламаларын жүзеге асыру

Шағын және орта бизнес кәсiпорындарының тұрақты жұмыс iстеуi    қамтамасыз  ету  үшiн    олардың   экономикалық ортасын жақсартуға  арналған        көптеген    нақты    iс-шараларды   қарастыратын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту концепциясын жасау қажет. Өйткенi, кәсiпкерлiктi    дамыту  мәселелерiн концептуалды түрде шешу шағын    және  орта бизнес саласына бағытталған өнеркәсiптiк саясатты еңдiгi жүзеге асыруда жiберiлетiн кейбiр қателiктердiң алдын алуына   және  жұмыс қарқынын үдетуге  көмектеседi.   Сондай-ақ, кәсiпкерлiк қызметтi дамыту жөнiндегi  iс-шаралар да орта мерзiмге арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседi.

Аталмыш концепцияны жасау барысында құқықтық-базаның өзара қатынасын және қаржылық-несиелiк қолдау шараларын, сонымен қатар кәсiпкерлердiң  де, мемлекеттiң де мүдделерi ескерiлген аймақтық аспекiлермен нақты жобаларды қарастыратын, қамтамасыз етушi және     қортындылаушы бөлiмдерден  тұрады.

Концепцияның мақсаты кәсiпкерлiктi     мемлекеттiк    қолдау және  дамыту  стратегиялары мен   оларды  жүзеге   асырудың    нақты  механизiмдерiн   өңдеу   болып   таблады.

Осы  мақсатқа  жету  үшiн  келесiдей  басты  мiндеттердi   шешу  қажет:

 - құқықтық өндiрiстiк ресуртармен қамсыздандыру;

 - кәсiпкерлiктi өндiрiстiк ресурстармен   қамсыздандыру;

 - нарықтық  инфрақұрылымдар институттарын дамыту;

 - кәсiпкерлердiң сыртқы экономикалық қызметтiк мемлекеттiлiк қолдау және ынталандыру;

- кәсiпкерлiк қызмет құрылымдарында жұмыс iстейтiн маман-дарды дайындау;

- кәсiпкерлiктi ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк тұрғы-дан қолдау;

- кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу органдары жүйесiн жетiлдiру.

Концепцияда келесiдей кәсiпкерлiктi дамыту шаралары қарастырылған:

1.Шағын  және орта бизнестi қолдау:

а) өнеркәсiп саласында:

— дәстүрлi өндiрiс салаларында шағын кәсiпорындарды дамыту;

— жаңа технологияларды игеру негiзiнде соңғы өнiмдi өндiру;

— қайта өңдеу өнеркәсiптерi жүйесiн дамыту.

ә) халықтық тұтыну тауарлары өндiрiсiнде:

— отандық шикiзатты қолдануға бағытталу;

— импортты алмастырушы тауарларды өндiру;

— экспортқа бағдарланған онiмдердi шығару.

б) жаңашылдық (инновациялық) қызмет саласында:

— ғылым сыйымды өндiрiстерде ұйымдастыру және дамыту

— шағын жаңашыл кәсiпорындар жүйесiн, аймақтық инно-вациялық және технологиялық қолдау көрсету орталықтарын да­мыту:

— көлiк, байланыс, құрылыс салалары мен құрылыс материал-дары өндiрiсiнде технологиялық және зерттеу парiктерiн, сондай-ақ, бизнес инкубаторларын құру;

  1. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң iрi бизнеспен үйлесiмдiлiгiн нығайту.

Осы бөлiмде Казақстан Республикасындағы шағын орта және iрi кәсiпкерлiк еркiндiгiн қорғауға және мемлекеттiк қолдауға бағытталғын, қолданыстағы заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және жаңа заңдар мен нормативтi  актiлердi шығару үрдiсi қарастырылады.  Соны­мен қатар, жалпы кәсiпкерлiктi құқықтық тұрғыдан қолдау   және қорғау тәжiрибесi үйретiлiп, кәсiпкерлер одағы    мен бiрлестiгiнiң қатысуымен оларды дамы­ту және жетiлдiру ұсыныстары берiледi.

Үкiметтiң кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi саясаты жеке сектордың экономикадағы өсу қарқынын жеделдетуге қолайлы жағдай жасауға және оның нарыққа кiруiн жеңiлдетуге бағытталуы тиiс. Сондықтан да, кәсiпкерлiк құрылымдарының өкiлдерiмен бiрге пайдаланылмаған өндiрiстiк ғимараттар мен құрал-жабдықтарды, жер учаскелерi мен аландарды, аяқталмаған құрылыс объектiлерiн ша­ғын және орта бизнес кәсiпорындарына беру мақсатында санақтан (инвентаризациядан) өткiзу керек.

Концепцияда ұлттық бағдарлама   үшiн шағын және орта кәсiп-орындардың  тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету шарала­ры көрсетiлген.

Кәсiпкерлiктi қаржылық қолдау iсiнiң маңызды шарты инвестициялар болып табылады. Жеке кәсiпкерлiк коғамдары табиғи, адамдық және ұйымдық ресурстарды бiрiктiре отырып, инвестициялардың   барынша  тиiмдi  қолданылуын қамтамасыз етедi.   Сол  себептен шағын және iрi бизнес арасындағы   ынтымақтастық жүйесiн (франчайзинг) қалыптас­тыру мақсатына бағытталған   мемлекеттiк қаржыларды көбейту аса маңызды.

Шағын  және  орта  бизнеске шетелдiк  компанияларды  және жеке кәсiпкерлiктi  қолдау жөнiндегi халықаралық ұйымдар мен қорлардың  қаржыларын  тарту  процестерiн күшейту қажет.

Концепцияда кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң осы саладағы    басты   жобаларды атқаруыны қолдау көрсету мақсатында  оларды  мемлекеттiк несиелермен  қамтамасыз  ету мiндетi  ұсынылған.          Концепцияда шағын және орта   бизнестiң дамуына негiз болатын экономикалық ортаны жақсартуға  бағытталған сақтандыру iсi, несие   және салық жүйелрiне  қажеттi   өзгерiстерютердi енгiзу қарастырылған.

Сондай-ақ,     экономиканың  барлык  салаларда,   әсiресе  халықтық тұтыну тауарлары  мен азық-түлiк өндiрiсiнде  шағын бизнестiң дамуына мүмкiндiк туғызатындай деңгейде  салықтық алымдар мен мiндеттi төлемдер мөлшерiн белгiлей отырып, салық саясатында маңызды толықтырулар жасау қажет.

Кәсiпкерлiктi институционалдық тұрғыдан қамтамасыз ету процесi барлық шаруашылық субъектiлерiнiң жұмысына қолдау көрсететiн және өндiрiс өнiмдерiн өткiзу, шикiзатты алу, кәсiпорындар жұмысының тиiмдiлiгi мен сенiмдiлiгiн арттыру және тәуекел деңгеiнiң төмендету шараларын қамтамасыз етуге бағытталған нарықтық инфрақұрылым элементтерiнiң   қалыптастыру және дамыту мақсатын көздейдi. Әсiресе, нарықтық қатынастарға өту кезеңiнде осы процестi жүзеге асыру мемлекетке құқықтық ба­заны құруға және оны   қадағалауға мүмкiндiк туғызады. Осы кезеңде мемлекет басшылығы   экономиканы  тұрақтандырып,  әрi  қарай дамыту үшiн  нарықтық инфрақұрылым қызметтерiн толығымен қолдануға тырысады.

Кез – келген  кәсiпорыннiң, оның iшiнде шағын және орта биз­нес субъектiерiнiң  табысты жұмыс iстеуi үшiн банк торабына кiру және оның сапалы қызметтерiн пайдалану мүмкiншiлiгiн қалыптастырылуы тиiс. Сондықтан да, Қазақстан Республикасында    банк  iсiн   дамыту   мiндетiн атқару жоспарланып отыр.

Республикамызда шағын  және орта бизнестiң басты салаларын жалпы дамыту мен қолдау және банк несиелерiн алу үрдiстерiн жеңiлдету мақсатында маманданған мемлекеттiк акционерлiк банктердi құру аса маңызды.

Сақтандыру  жүйесi  нарықтық институттарды дамытудың негiзгi  бағыттарының бiрi болып табылады. Әсiресе, оның  мәнi шағын   және  орта бизнес саласында тә­уекел күшейген жағдайда арта түседi. Сондықтан,  кәсiпкерлiк    қызмет  саласын  сақтандыруға  бағытталған     компанияларға  қолдау  көрсетiлуi  тиiс.

Сақтандыру iсiнiң   сенiмдiлiгi  мен сапасын арттыру және сақтандырушының түрлi қиянатынан кәсiпкерлердi қорғау мақсатында сақтандыру компанияларының кызметтiк лицензиялау және тұрақты қадағалау көзделуде. Бұл үшiн арнайы бақылау-реттеу органын құру қажет.       Инвестициялық    қызмет   саласында  әсiресе,   жекешелендiру  iсiнде  аукциондар  мен инвестициялық  сауда  орталықтары  маңызды   орын  алу  тиiс.   Аталмыш   орталықтар   қандай   да    бiр  қозғалмайтын  мүлiктi   немесе  инвестициялық   ресурсты  сатып  алуға   ниет   бiлдiрген  кез-келген   шаруашылық   субъектiсiне   қызмет     көрсетедi.  Қазақстан  барлық    облыстары  мен    iрi   қалаларында   осындай   орталықтарды   құру  ұсынылады.

Қазiргi жағдайда көптеген кәсiпкерлер, шағын және орта кәсiпорындар қызметiне қажеттi құрал-жабдықтар мен қозғалмай­тын мүлiктердi тез арада сатып алу үшiн жеткiлiктi қаржыға ие емес. Сол себептен, өндiрiстi ұйымдастыру барысында лизингтiк фирмалар мен компаниялар аукциондар мен инвестиция­лық саудаларды жүргiзетiн орталымарда қызмет көрсете отырып. маңыздылығын арттыру тиiс. Сондай-ақ  кәсiпкерлiк  қызметтi   тиiмдi   ұйымдастыру  және  жүргiзу   үшiн   консалтингтiк,  маркетингтiк, инвестициялық,  құқықтық  және  тағы  басқа  маманданған фирмалар  мен  компаниялардың  қызмет  көрсетуi  керек.  Қазақстанда аса кажеттi болып табылатын осы саланың дамымағандығы салдарынан аталмыш қызметтердi ұсынатын шетелдiк компаниялар мен фирмалардың бөлiмшелерiн ашуға мүмкiндiк жасау қажет.

Сондай-ақ экономиканың өзге   салаларында   да  кәсiпкерлiк  құрылымды  дамыту  керек.

Кәсiпкерлiк   құрылымдарды  сыртқы  экономикалық  қызметiн  жүзеге  асыру  үшiн  қолайлы  жағдайларды  қалыптастыру  жөнiндегi  мемлекеттiк  органдардың  сыртқы  экономикалық   байланыстарды  реттеуге,  барлық   кәсiпкерлер  үшiн   теңдей жағдай  жасауға   және  шетелдiк  капиталды  алып,  тиiмдi  қолдануын  қамтамасыз   етуге  бағытталу  керек.

Осыған    байланысты   төмендегiдей   шараларды   атқару   ұсынылады:

Шағын  және  орта  кәсiпорындарға  шетелдiк  серiктестiктермен  iскерлiк  байланыстарды  орнатып,  ортақтаса  бизнес   жүргiзуiне  және  лизингтiк  компаниялардың   қатысуымен   шетелдiк  технологиялар  мен   құрал-жабдықтарды  (ноу-хоу)  кешендi   түрде  жабдықтау  жұмыстарын   ұйымдастыруына  қолдау   көрсету,   сондай-ақ,  жеке  кәсiпкерлiк   субъектiсiне  сыртқы    сауда  қызметiн  дербес   жүргiзу  құқығын    беру:

  • шағын және орта бизнестi дамытудың басты бағыттары бойынша техникалық-экономикалық   негiздермен  қамтамсыз етiлген инвестициялық  жобаларға   жеңiлдетiлген   несие  беру  жолдарын қарастыру;
  • экспорттық тауарларды өндiрiтiң кәсiпорындарды ынталандыру шараларын атқару және импорттық экспорттық өнiмдердi шығаруға лицензия бере отырып, кәсiпкерлiк құрылымдарға жеңiлдiк жасау;
  • iшкi нарыққа бағытталған өндiрiстердi мемлекеттiк несие-мен көптеп қамтамасыз ету және жеңiлдетiлген салық жүйесiн қолдану;
  • шетелдiк инвестициялар туралы заңдарды шағын және орта бизнестегi шетелдiк инвестицияларды сақтанлыру ерекшелiктерi жөнiнде қосымша  тәртiптi  орнату.

Кәсiпкерлiк  қызмет  құрылымдарын қалыптастырудың ең маңызды:  элементi нарықтық экономикалық бiлiмi бар мамандарды дайындау болып табылады. Әрбiр   кәсiпкер  табысқа   жету  үшiн   маркетинг,  қаржылық менеджмент-бизнестi басқару және т. б пән-дердi жетiк бiлу тиiс. Мұнымен қоса, кәсiпкерлiк қызметтiң өте  қажеттi  абыройлы және пайдалы  iс екендiгi жөнiнде қоғамдық   ой-пiкiрдi   қалыптастыра отырып, кәсiпкерлiк  бiлiм беру  шараларын    жүзеге асыру керек.

Осыған байланысты бiлiм және кеңес беру орталықтарын ұйым-дастыру арқылы келесiдей    мiндеттердi атқару көзделуде:

  • кәсiпкерлiктiң негiзгi бағыттары бойынша оқытушы-мамандарды жетiлдiру;

кәсiпкерлiктiң негiзгi  құрылымдарында жұмыс iстейтiн қыз-меткерлердi дайындау;

  • шетелдiк ғылыми орталықтар мен компанияларда   бiлiм   алу және   кәсiби деңгейiн  жақсарту   үшiн   мамандар арасында конкурс өткiзу  жүйесiн  орнату.

Үкiметiң нарықтық қатынастар мен кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi саясатының маңызды мiндетi жастарды бiлiм беру жүйесiнiң барлық кезеңдерiнде бизнестi жүргiзу биiктiлiгiне баулу болыл табылады. Осыған байланысты, оқу бағдарламаларына  бизнес және кәсiпкерлiк - негiздерi бойынша курстарды енгiзу жонiнде ұсыныс жасау көзделуде.

Нарықтық инфрақұрылымның ажырамас бөлiгi болып табылатын ақпараттық қамсыздандыру iсiнiң кәсiпкерлiктi дамытудағы орны ерекше. Сондықтан, ақпараттық қамсыздандыру мен құқықтық, статистикалық, ғылыми -әдiстемелiк,   конъюктуралық   және ұйымдық қызметтердi қам-титын мемлекеттiк  жүйенi орнату әрбiр потенциалды кәсiпкердi барлық қолданыстағы заңдық актiлер, нормативтi  құжаттар, экономикалық және конъюктуралық мәлiметтер туралы хабардар етуiге мүмкiндiк беретiн кеңейтiлген ақпараттық орталықтар жүйесiн құру қажет. Мұндай орталықтар барлық жергiлiктi әкiмшiлiктер құрамынан ашылып, республикалық және жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылу тиiс.

Кәсiпкерлiктi ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк тұрғыдан да­мыту үшiн   шетелдiк тәжрибеге негiзделген ғылыми-әдiстемелiк оқу құралдары мен материалдарын басып-шығару керек.

Қазiргi таңда, шаруашылық-қаржылық кызметтi реттейтiн, қолданыстағы заңдық және нормативтiк актiлер пакетi мен өзге де жарғы. келiсiмшарт секiлдi құжаттарды    бiр  орталықтан жариялау сәтi туындап отыр.

Қоғамдық ойды қалыптастыру және жағымды имидждi құру үшiн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кәсiпкерлiкте үгiттеу ке­рек.

Үкiметтiң жүргiзiп отырған әлеуметтiк-экономикалық саясаттарының құрамдас бөлiгi ретiндегi  кәсiпкерлiк   қолдану   мен   дамытуға бағытталған концептуалды    әдiстердi өңдеу және осының негiзiнде бiртұтас мемлекеттiк қолдау механизмдерiн жасау барысында басқару аппараты органдарының қазiргi құрылымын жақсарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мәжiлiсi метсенатында шағын және орта бизнестi қолдау мәселелерiн қарайтын, әрi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссияны (комитет) құру көзделуде.

Басқару органдарының өкiлеттiлiгiмен қызметтерiн басқару   әрекеттерiн дайындау және  iске асыру үрдiстерiнiң кезеңдерi бой­ынша бөлiп, айқындау қажет.

Көзделген  мақсатар мен мiндеттердi тиiмдi орындау және түрлi мемлекеттiк және жеке құрылымдардың өзара әрекеттестетiн күшейту үшiн Қазақстан Республикасының Президенттi аппараты жанынан кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi мемлекiттiк комиссияны құру қажет,

Атқарушы орган ретiнде эконо­мика және бюджеттi жоспарлау министiрлiгi  қарамағынан эконо­миканың кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту агенттiлiгiн тиiстi салалық  құрылымына сай құру аса маңызды[6].

3. Қазақстан экономикасындағы   шет елдiк инвестициялар мен компаниялар

Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттiк инвестициялық саясат  жалпы  ТМД елдерi арасындағы ең озық әрi оң нәтижелiсi  деп айтуға  толық негiз бар. Мiне осы  таяу уақытта Қазақстанда арнайы    инвестициялық қор құрылатын болады, бұл әрине бiздiң елiмiзде инвестициялық саясаттың жаңа  да  сапалы жоғары сатыға  көтерiлгендiгiне куә болары рас.  Бұл қордың  капиталына үлестiк қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндiретiн    қазақстандық     компаниялардың     құрылуына жәрдемдесудi көздеуде.

Қазақстан    Республикасы    экономикалық өсiмнiң   жоғары қарқынын тұрақты ұстап тұру үшiн бiздiң таяудағы 4-5 жылдың    iшiнде негiзгi    капиталдың  жалпы жинақталу көлемiн  28 пайыз деңгейiне дейiн    жеткiзу  керек. Соның    iшiнде    мемлекеттiк    инвестицияларды  2-ден 4 пайызға дейiн   өсiру қажет.

Мемлекеттiк    инвестициялар

Индустриялық-инновациялық бағдарламаның iске асырылуын қамтамасыз ететiн  қаржы институттарын құру мен капиталдандыру мақсатында:

 - Даму  банкiтiң   жарғылық қапиталын ұлғайтуға жөне оның кредиттiк жадығатын молықтыруға - 12 миллиард тенге;

 - құрылатын Қазақстан инвестициялық қорының жарғылық капиталына - 23 миллиард тенге;

- құрылатын     Инноваңиялық    қорға - 3 миллиард тенге;

 - Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация   құру үшiн — 7,7 миллиард тенге жiберiлуi     керек.

Астананы дамыту Астананы елiмiздiң орталығына көшiрудiң стратегиялық қажеттiгi  мен тиiмдiлiгi   және оны осы заманғы үлгiде абаттандыру керектiгi   бүгiнгi   танда    бiр кездегiдей ешкiмның күмән-күдiгiн   туғызбасы      анық.

Бас қаламыздың сәулет сүңғатын келiстi   ету жөнiндегi    жасампаздық  жоспарларды     iске    асыруды қолға    алған,  бұл   iстi   аяқсыз қалдырып, ақырына дейiн   жеткiзукерек.

Елiмiздiң жаңа астанасын салудың экономика­лық, саяси және әлеуметтiк тиiмдiлiгi  өте  маңызды.  Астана қаласын салу мең дамытуды қолға алған жылдардың iшiнде оны абаттандыруға әртүрлi көздерден шамамен 2,5 миллиард   доллар жұмсалып, мұның өзi елiмiздiң экономикалық өсуiне, өндiрiстi   жандандыруға, жұмыс орындарын құруы, айтарлықтай   болады .

Астананың үлгiсi бойынша елiмiздегi барлық облыс орталықтары көркейiп  келедi. "Астананың өркендеуi — Қазақстанның өркендеуi" бағдарламасы жұмыс   iстеп тұр.

Бiз астанамыздың құрылысына елеулi   үлес қосып жатқан достас елдерге, шетел инвесторларына, отандық кәсiпкерлерге ризашылығымызды бiлдiру   керекпiз.

Н.А.Назарбаевтiң    өтiнiшi   бойынша олар бөлген өтеусiз қаражатқа 2003 жылы   200 миллиондай АҚШ доллары сомасына құрылыстар салынып жатыр.

Алайда, алдағы уақытта  астана құрылысын оны дамытудың ұзақ мерзiмдi   және  орта мерзiмдi   жоспарлары мен бағдарламаларының негiзiнде   бюджет қаражатының есебiнен жоспарлы түрде жүргiзуге көшу керек.

Үкiмет Астана қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер құрылысының белгiленген жоспарларға сәйкес жүргiзiлуiне     қамқорлық    жасауға тiис.

Жеке инвестициялар

Бiздiң   экономикамыздағы жеке сектордың рөлi   барған сайын арта беруге тиiс. Бүгiнгi таңда зейнет-ақы жинақтау жүйесiнiң  жиынтық капиталы 300 миллиард тенгеге жуықтап отыр.  Банк жүйесiндегi   депозиттер 600 миллиард тенгеден асып түстi.

 Банктердiң   жиынтық меншiк   капиталы бiр  жылдың  iшiнде үштiң бiрiне    ұлғайып, миллиард доллардан асып түстi, ал экономикаға берiлген кредиттер   соңғы үш жылда 4,5 есе көбейдi.

 Мұның бәрi де экономикалық өрлеудiң  жоғары   қарқынын қамтамасыз етедi[7].

Сонымен шетел инвестициясын елiмiздiң экономикасына  тартып оны  тиiмдi пайдалау үшiн бұл саясатты қолдап оны   дамытып жүзеге асыру   үшiн оларды  жүзеге   асырудың    нақты  механизiмдерiн   жасау қажет.

Инвестициялық саясатты  тиiмдi жүзеге асырып экономикалық қал-ақуалды жақсартыру үшiн  келесiдей  басты  мiндеттердi   шешу  қажет:

 - құқықтық өндiрiстiк ресуртармен қамсыздандыру;

 - кәсiпкерлiктi өндiрiстiк ресурстармен   қамсыздандыру;

 - нарықтық  инфрақұрылымдар институттарын дамыту;

 - кәсiпкерлердiң сыртқы экономикалық қызметтiк мемлекеттiлiк қолдау және ынталандыру;

- кәсiпкерлiк қызмет құрылымдарында жұмыс iстейтiн маман-дарды дайындау;

- кәсiпкерлiктi ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк тұрғыдан қолдау;

- кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу органдары жүйесiн жетiлдiру.

Кәсiпкерлiктi дамытуға арналған  шаралары қарастыру қажет:

1.Шағын  және орта бизнестi қолдау:

а) өнеркәсiп саласында:

— дәстүрлi өндiрiс салаларында шағын кәсiпорындарды дамыту;

— жаңа технологияларды игеру негiзiнде соңғы өнiмдi өндiру;

— қайта өңдеу өнеркәсiптерi жүйесiн дамыту.

ә) халықтық тұтыну тауарлары өндiрiсiнде:

— отандық шикiзатты қолдануға бағытталу;

— импортты алмастырушы тауарларды өндiру;

— экспортқа бағдарланған онiмдердi шығару.

б) жаңашылдық (инновациялық) қызмет саласында:

— ғылым      сыйымды өндiрiстерде ұйымдастыру және дамыту

— шағын жаңашыл кәсiпорындар жүйесiн, аймақтық инно-вациялық және технологиялық қолдау көрсету орталықтарын да­мыту:

— көлiк, байланыс, құрылыс салалары мен құрылыс материалдары өндiрiсiнде технологиялық және зерттеу парiктерiн, сондай-ақ, бизнес инкубаторларын құру;

  1. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң iрi бизнеспен үйлесiмдiлiгiн нығайту.

Осы бөлiмде Қазақстан Республикасындағы шағын орта және iрi кәсiпкерлiк еркiндiгiн қорғауға және мемлекеттiк қолдауға бағытталғын, қолданыстағы заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және жаңа заңдар мен нормативтi  актiлердi шығару үрдiсi қарастырылады.  Соны­мен қатар, жалпы кәсiпкерлiктi құқықтық тұрғыдан қолдау   және қорғау тәжiрибесi үйретiлiп, кәсiпкерлер одағы    мен бiрлестiгiнiң қатысуымен оларды дамы­ту және жетiлдiру ұсыныстары берiледi.

Үкiметтiң кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi саясаты жеке сектордың экономикадағы өсу қарқынын жеделдетуге қолайлы жағдай жасауға және оның нарыққа кiруiн жеңiлдетуге бағытталуы тиiс. Сондықтан да, кәсiпкерлiк құрылымдарының өкiлдерiмен бiрге пайдаланылмаған өндiрiстiк ғимараттар мен құрал-жабдықтарды, жер учаскелерi мен аландарды, аяқталмаған құрылыс объектiлерiн ша­ғын және орта бизнес кәсiпорындарына беру мақсатында санақтан (инвентаризациядан) өткiзу керек.

Концепцияда ұлттық бағдарлама   үшiн шағын және орта кәсiпорындардың  тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету шарала­ры көрсетiлген.

Кәсiпкерлiктi қаржылық қолдау iсiнiң маңызды шарты инвестициялар болып табылады. Жеке кәсiпкерлiк коғамдары табиғи, адамдық және ұйымдық ресурстарды бiрiктiре отырып, инвестициялардың   барынша  тиiмдi  қолданылуын қамтамасыз етедi.   Сол  себептен шағын және iрi бизнес арасындағы   ынтымақтастық жүйесiн (франчайзинг) қалыптас­тыру мақсатына бағытталған   мемлекеттiк қаржыларды көбейту аса маңызды.

Шағын  және  орта  бизнеске шетелдiк  компанияларды  және жеке кәсiпкерлiктi  қолдау жөнiндегi халықаралық ұйымдар мен қорлардың  қаржыларын  тарту  процестерiн күшейту қажет.

Кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң осы саладағы    басты   жобаларды атқаруыны қолдау көрсету мақсатында  оларды  мемлекеттiк несиелермен  қамтамасыз  ету мiндетi  ұсынылған. Шағын және орта   бизнестiң дамуына негiз болатын экономикалық ортаны жақсартуға  бағытталған сақтандыру iсi, несие   және салық жүйелрiне  қажеттi   өзгерiстерютердi енгiзу қарастырылған.

Сондай-ақ, экономиканың  барлык  салаларда,   әсiресе  халықтық тұтыну тауарлары  мен азық-түлiк өндiрiсiнде  шағын бизнестiң дамуына мүмкiндiк туғызатындай деңгейде  салықтық алымдар мен мiндеттi төлемдер мөлшерiн белгiлей отырып, салық саясатында маңызды толықтырулар жасау қажет.

Тек осы жағдайда ғана елiмiздiң экономикасына   инвестициялық қаржы тартудың нәтижесiнен елiмiз  одан әрi де дами түсетiндiгi  сөзсiз деп бiлемiн.

Инвестициялык климат - капитал салу кезiнде шетелдiк инвесторлардың    қалай    қабылдау жағдайларының  жиынтығы, яғни, инвестордың   капиталды    қай елге салу керектiгiн  есепке алуы. Бұл жерде экономика жағдайы, мәдениет және саяси тұрақтылық   та    орын    алады.

Инвестициялық климатқа саяси, экономикалық және әлеуметтiк   факторлар  әсер бередi.

Саяси     факторлар    қатарына:

- шетел инвестицияларына қатысты мемлекеттiк саясатты, халықаралық     шарттарды сақтау    әдiсiн    жатқызуға   болады;

 - мемлекеттiк   институттардың   берiктiлiгi;

- саяси   билiктiң   үстемдiгi;

- мемлекеттiң  экономикаға араласу деңгейi, мемлекеттiк аппараттық   жұмысының    тиiмдiлiгi.

Экономикалық   факторлар   қатарына:

 - экономикалық   жалпы   жағдайы;

 - елдiң   валюталық, қаржылық және кредиттiк    жүйе   жағдайы;

- кедендiк   режим;

- жұмыс   күшiн    пайдалану   режимi;

Шетелдiк кәсiпкерлер капиталдың еркiн қозғалыска бейiм болады. Осыған сәйкес, курстык тұрақтылығы, инфляциялық процестiң  динамикасы, кредит кушi, салықтық реформалар маңызды   роль алады.

Әлеуметтiк фактор келесiдей ерекшеленедi: қазақстандық қоғамның жеке меншiкке қатынасы, шетелдiк капитал салуға қатынасы; елдiң  әлеуметтiк   және   экономикалық   негiзгi    мәселелер    бойынша   қоғамда   консенсустың      болуы.  Инвесторлардың   құқық    кепiлдiгi    өз    елдерiндегi    капитал  салудың    жағдайына    байланысты. Осыған  сәйкес,   шетелдiк    капитал   салудың   режимдерiнiң    түрлерi    инвесторларға    берiлген[8].

Шетелдiк   инвестицияларды  тарту   iсi   мемлекеттен   нақты қолдау табуы тиiс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру   әр түрлi   нысанда  жүзеге асырылуы мүмкiн, оған шетел банктерi  мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсiпорындарды тiкелей шетел инвесторларының меншiгiне сатуға дейiнгi  әрекеттер жатады. Мұның  өтпелi  формасы ретiнде бiрлескен кәсiпорындар ұйымдастырылуы да мүмкiн. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Бiрiншiден, шетелдiк   инвестициялар елдiң  өндiрiстiк базасын жедел жаңартуға және оның өндiрiстiк мүмкiндiктерiн  арттыруға көмектеседi. Екiншiден, шетел фирмалары жаңа өндiрiс орындарын ашумен қатар, капиталисте бәсекелiк   күресте шыңдалған еңбек пен өндiрiстiк  ұйымдастыру тәжiрибесiн  ала келедi.

Бiздiң экономикаға iрi инвестицияларды келтiру үшiн  бiрнеше шарттарды орындау қажет. Бiрiншiден, мемлекет шетелдiк инвестицияларға қауiпсiздiк кепiлдiгiн  беруi қажет. Екiншiден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуiне жағдай жасауы керек. Шетелдiк инвестициялар қоғамдық санада әлi де болса елдi кiрiптар етудiң, оны шикiзат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретiнде көрiнiп  отыр.

Ал әлемдiк тәжiрибе болса, дамыған рыноктық экономикалардың шетелдiк  инвестицияларды молынан сiңiрiп алып жатқанын көрсетедi Мысалы, XX ғасырдың соңына қарай шетелдiктер АҚШ-та жалпы сомасы 329 млрд. долл. тең өндiрiстiк қорларды иемдендi.  Бұл соманы көзге елестету үшiн  Австралия сияқты дамыған елдiң жалпы ұлттық өнiмiнiң  құнымен тең десек те жеткiлiктi. Бұл, қарапайым американдықтарды мазасыздандыруда, бiрақ   Америка бизнесмендерi  80%-тiк шетел капиталының ел   экономикасына     құйылуын  белсендi    түрде    қолдайды   және    үкiмет    тарапының    да   бұл   жағдай     толық     қолдау    табуда[9].

Қазiр Қазақстанның аумағында көптеген шетелдiк компаниялар қызмет жасауда олардың ең басыларын  атап өтер болсақ олар: Бритш-Петролум, Шеврон компаниясы, Исппат компаниясы, Лукойл, iрi қаржы инстиуттарын айтар болсақ олар  Тексака банк, Кзи- банк, Лариба банк т.с.с. көп.

Қорытынды

Сонымен мен өз жұмысымды қортындылай келiп төмендегiдей тұжырым жасағым келедi, бүгiнгi таңда Қазақстандағы кәсiпкерлiктiң маңызы сөзсiз өте зор деуге болады. Кәсiпкерлiк   қазiр  елiмiзде  жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың өзегi ретiнде   көрiнiс   табуда.   Өйткенi,   нарық   экономикасына   көшудiң    бiрден-бiр   жолы   мемлекет   құрылымындағы   әртүрлi   аяда қызмет атқаратын өндiрiс, кәсiпорындармен тайталаса және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесi бар кәсiпкерлiк құрылымдарын құру, дамьпу  болып табылады.   Демек,  бұл   кәсiпкерлiк   құрылымдардың материалдық базасы  жекеменшiк  инвестициялар   болып  табылумен қатар,   олардың   басқару   бастауында   бiлiктi   жөне қайратты кәсiпкер тұруы кажет. Осыған орай, мемлекетiмiздiң мемлекеттiк  меншiкке   негiзделген  монополизмдi жойып   мемлекеттiк   емес   коммерциялық   құрылымдардың   дамып, өркендеуiне бағытталған деп айта аламыз. Үкiметтiң жүргiзiп отырған әлеуметтiк-экономикалық саясаттарының құрамдас бөлiгi ретiндегi  кәсiпкерлiк   қолдану   мен   дамытуға бағытталған концептуалды    әдiстердi өңдеу және осының негiзiнде бiртұтас мемлекеттiк қолдау механизмдерiн жасау барысында басқару аппараты органдарының қазiргi құрылымын жақсарту.

Осыған  куә  ретiнде  Қазақстан  Республикасы  Президентi мен Үкiметi тарапынан  жасалынып жаткан   кәсiпкерлiктi қолдау оны  жандандырып нығайту туралы шараларды, сондай-ақ осы шараларды материалдық және құқықтық жағынан камтамасыз ету жөнiнде қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердi атап өтуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан  Республикасының  “Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау  туралы”   заңы  19 маусым 1997 жылы.

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шiлдедегi "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау тұралы" Заң;

Битемiров К,Т.   ҚР кәсiпкерлiк   қызметтiң даму   жолдары. Алматы, 1998

11.Б. Исабеков. Кәсiпкерлiктi мемелкеттiк қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру концепциялары Аль-Пари. №4-5. 2002.

Сулейменов М.К.  Прово и предпринимательство в РК. Алматы, "Жетi Жарғы", 1994

Экономикалық  теория   негiздерi. Оқулық.- Алматы, “Санат”, 1998.

Климкин С.И. Предпринимательство  в  Республике  Казахстан.- Алматы,  Баспа, 1997

Предпринимательство: Учебник   для   вузов / Под   ред. проф. В.Я. Горфинкеля, проф. Г. Б. Поляка, проф. В.А. Швандара. – М.: Банки и  биржи, ЮНИТИ, 1999

Савченко В.Е. Государсвтенное  предпринимательство  в   рыночной  экономике. –М.: ОАО “НПО Экономика”, 2000.

Энциклопедия предпринимательства. М., 1993.

[1] ?аза?тан Республикасыны? Азаматты? кодексi Алматы, "Жетi Жар?ы" 1995, 10-бап. 12 бел.

[2] Предпринимателъское право. М., 1993 , с. 19.

[3] ?Р. 1997 жыл?ы маусымны?  19-да?ы “Ша?ын к?сiпкерлiктi мемлекеттiк ?олдау  туралы”   за?ы  1  ж?не   3 бап.

[4] Назарбаев Н. Каза?стан-2030 (Ел Президентiнi?  ?аза?стан хал?ына Жолдауы). Алматы, Бiлiм,1997, 50 б.

[5] Назарбаев Н. ?аза?стан-2030 (Ел Президентiнi? ?аза?сган хал?ына Жолдауы). Алмагы,    Бiлiм, 1997, 81 б.

[6] Б. Исабеков. К?сiпкерлiктi мемелкеттiк ?олдау ж?не дамыту ба?дарламаларын ж?зеге асыру концепциялары Аль-Пари. №4-5. 2002.  97-99.бет.

[7] Басты  мұрат –халықтың әл-ауқаты. Егемен  қазақстан. №79. 2003. 5 сәуiр. 1  бет:

[8] Қ.Т. Битемiров. КазМУ    хабаршысы. № 1 (14).26-27.бет.

[9] М. Байгiсиев. Экономикалық   теория  негiздерi. Оқулық.-Алматы. “Санат”, 1998. 346-347. бет.

Похожие материалы