Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев: 2018 жыл ТМД елдері үшін маңызды болады

Назарбаев: 2018 жыл ТМД елдері үшін маңызды болады

Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге келесі жылы өтетін президенттік сайлауда табыстар тіледі және Ресей азаматтары дұрыс таңдау жасайтынына сенім білдірді, деп хабарлайды Sputnik.

«Біз сіздердің ой-пікірлеріңізбен бірлесе отырып, табысқа жетуіңізге тілектеспіз. Осы күрделі кезеңде халық сіздің басшылығыңызды жоғары бағалайтынына сенімдіміз. Осындай кезеңде сіз басшылық етіп отырған еліңізге сенімділік ұялатасыз. Өзіңіздің қызметіңізді берік, әрі тура жолда ұстадыңыз. Біз оған талай куә болып, көзіміз жеткен», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі бейресми ТМД саммитінде.

Қазақстан Президенті 2016 жылы ТМД елдерінде бейбітшілік, тыныштық, адамдар тыныш өмір сүріп, жұмыс істеп, балалар тәрбиелеп, болашағына сенімді болғанын атап өтті.

Похожие материалы