Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды

Назарбаев сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды

Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығының лауреаттарын атады.

«Биыл Назарбаев сыйлығын бір мезгілде екі бірдей адамға берілді. МАГАТЭ-нің бас директоры болған, марқұм Юкия Аманоға және Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербоға беру туралы шешім қабылданды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол Юкия Амано МАГАТЭ  басшысы лауазымында халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, ядролық қаруды таратпауға және ядролық атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласына үлес қосқанын, сондай-ақ Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құруда және Иран ядролық проблемасын шешуде маңызды жұмыстар атқарғанын атап өтті.

МАГАТЭ қызметінің басым бағыт тарының бірі  - обыр ауруларымен күрес және ядролық техн о логияларды су ресурстарын басқару, азық-түлік қауіпсіздігін басқару саласында қолдану болды.

Өз кезегінде Лассина Зербо қызметі ядролық  сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шартты мониторнигілеу бойынша халықаралық желіні құру жұмыстарын 97%-ға аяқтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ол осы шарт ұйымының жастар тобын құруға да бастамашы болды.

«Юкия Амано мен Лассина Зербо ядролық қаруды таратпауға және  әлемдік қауіпсіздікке қомақты үлес қосты. Сондықтан бүгінгі Назарбаев сыйлығы лайықты тағайындалды деп ойлаймыз» - деді Президент.

Естеріңізге сала кетейік, ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлық 2016 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бекітіліп, екі жылда бір рет беріледі (әр тақ жыл сайын). Сыйлықты тапсырудың мақсаты ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу және әлемдік жанжалдарды шешу жолындағы саяси және қоғамдық көшбасшылар мен ұйымдардың еңбегін тану болып табылады. 2016 жылы бірінші лауреат болып Таяу Шығыста жаппай қырып-жою қаруынан азат аймақ құруға және 1,5 миллионнан астам сириялық босқындарды қабылдауға қолдау көрсеткен Иордания Королі Абдалла II болды.

Похожие материалы