Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Құнды қағаздар нарығы дегеніміз не?

Құнды қағаздар нарығы дегеніміз не?

Құнды қағаздар нарығы - қаржы нарғының бір бөлігі. Екінші бөлігін банк нарығы құрайды. Банк құнды кағаздарды шығара отырып (облигациялар, акциялар) олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін.

Қаржы нарығын осылайша бөлу капиталдың айналмалы және негізгі болып бөлінуімен байланысты. Құнды қағаздар нарығы банктің кредит жүйесін толықтырады, өзара байланыста әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктер құнды қағаздар нарығында аралық қызмет атқарушыларға жаңадан шығарылған қағаздарға жазылу үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен сату үшін құнды қағаздардың бір блогын бередi.

Құнды қағаздар нарығының маңызды бөлігі ақша нарығы, онда қысқа мерзімді (бір жылға дейін) қарыз міндеттемелері бар қазынашылық вексельдер (билеттер) айналыста болады. Ақша нарығы қолда бос тұрған ақшаларды мемлекетке берудің икемді жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке адамдардың уақытша бос ақшаларын табыс табуға пайдалануына мүмкіндік жасайды. Онсыз қаржы нарығы толыққанды болмайды.

Құнды қағаздардың тікелей инвесторлары коммерциялық және инвестициялық банктер, биржа фирмалары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, финанстық емес корпорациялар және жеке адамдар (жеке инвесторлар). Олар биржа фирмалары мен инвестициялық банктер арқылы акциялар мен облигациялар сатып алады. Құнды қағаздардың қайталама нарығы эмитент құнды қағаздарды орталықтанған немесе орталықтанбаған сатып алу мен сатуды түсіндіреді.

Құнды қағаздар — спецификалық тауар, барлық тауар сияқты тұтыну құны мен бағасы бар. Құнды қағаздардың тұтыну құнының мәні белгілі дәрежеде табыс келтіреді, яғни процент (облигациялар бойынша) және дивиденд (акциялар бойынша) төлегенде, сонымен қатар құндықағаздардың күн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар. Құнды қағаздардың өздері туралы айтар болсақ, оның үш түрі бар. Олар:    акциялар, облигациялар және олардан туындайтын қағаздар.

Акцияларды корпорациялар шығарады, акциялар шығарудың өзі корпорациялар ұйымдастырудың әдісі. Акцияны ұстаушы корпорация мүлігінің бөлігіне иелік ететін болады. Корпорациялар акцияларды шығарып, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырады. Осылайша, қаржының қуаттылығы артады. Акция иесі корпорация пайдасының бір бөлігін дивиденд ретіңде алып отырады.

Облигацияларды корпорациялар да, үкімет те шығарып отырады. Облигация шығарушылар белгілі бір мерзімде (қарызды) және қарыз процентін төлеуге міндеттенеді. Ол — қарыз арқылы алынатын пайданың бір бөлігі. Дивидендтен проценттің өзгешелігі тұрақты, әрі банк мөлшерлмелерінің   өзгерісіне   тәуелсіз. Сондықтан да облигацияларды белгілі бір табыс әкелетін құнды қағаздар деп атайды.

Акция мен облигациялардың инвестициялық сапасы бірдей емес, яғни инвесторлар үшін тартымдылығы әр түрлі. Облигациялар, әдетте, акцияларға қарағанда жинақты сақталу кепілділігі молырақ. Әсіресе мемлекеттік облигациялардың төлем қабілеті өте жоғары.

Похожие материалы