Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Неге Стив Джобс пен Брэнсон туралы кітапты оқып миллиардер бола алмайсыз?

Неге Стив Джобс пен Брэнсон туралы кітапты оқып миллиардер бола алмайсыз?

Уолтер Айзексон 2011 жылы Стив Джобстың өмірбаяны туралы кітабын шығарғаннан кейін бір апта ішінде 380 000 дана кітап сатылды. Бұл рекорд әлі де жаңармаған секілді. Кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы да үш ай қатарынан Ozon интернет-дүкенінің "Мемуарлық әдебиет" бөлімінде көш бастап тұрды. Өте қысқа мәтінді, 700 беттік бұл кітап рекордтық көлемде сатылды.

Неге табысты кәсіпкерлердің өмірбаяндары (мемуар, сұхбат, лекциялары) қашанда жоғары сұранысқа ие? Оның жауабы өте оңай: адамдар көбіне елге еліктеуге тырысады. Олар біреуден өздеріне құпия, түсінік пен шабыт, кем дегенде пайдалы кеңестер іздейді. Осылай табысқа жеткізетін «сиқырлы кілтті» іздеп табуға ұмтылады. Бір бизнес-тренингте осы типті адам маған келіп: «Сіз тек қалай жасау керек екенін айтсаңыз болғаны, мен барымды салып тырысамын», - дегені есімде.

Алайда, кез келген тәжірибе бірегей. Бір кездері мен IKEA-ның негізін салушы Ингвар Кампрадтан сұхбат алып: оның өмірде жеткен жетістіктерін менің қайталағанымнан нәтиже шыға ма деп сұрағанмын. Швед миллиардері қолын бір соғып, бір жымиып: «Әрине! Дәл қазір пошта бөлімшесіне барып, ісіңізді кем дегенде карточкалар қорабын сатып алудан бастасаңыз - шығады», - деп жауап берді. Алғашқы табысын ол туған ауылында сіріңке, сәлем хат пен қарындаш сатудан бастаған.

Стив Джобс сияқты ұлы адам болу 1955 жылы 24 ақпанда екі студенттің отбасында дүниеге келіп, кейінірек автомеханик отбасына берілген баланың ғана қолынан келетін еді. Жасыратын түгі жоқ, барлығы балалық шақтан бастау алады ғой.

Әрине, өмірде көп қиыншылықтар болады. Ричард Брэнсон оқыған мектептің директоры оған қоштасарда: «Сіз не түрмеге барасыз, не миллионер боласыз», - деген екен. Мінез-құлық, өткір мінездік пен бейімділік мәселесі - бұл басқа әңгіме. Мысалы, Олег Тинков жігерлік, тәуекелге дайындық - жүйке жүйесінің ерекшелігі деп есептейді. Forbes-ке сұхбатында ол мұны былай деп түсіндірді:

«Мен фрирайдпен айналысамын. Бірде шамамен бір статустағы, бір жастағы он адам болып Камчаткадағы тауға шықтық. Үш адам биіктіктен секірді, ал қалғандары соған қарап тұрды. Бизнесте де дәл солай - бірі шешім қабылдауға қорықса, енді бірі - керісінше, батылдық танытады».

Пайдалы кеңестер және мысалдар - иә, олар бар және олар өте қажет. Бірақ бұл әркімнің әр түрлі қол жеткізген нәтижелерін қайталаудан басқа артық ештеңе емес. Біреудің тәжірибесінен үйренуге болатыны сөзсіз. Бірақ дәл солай көшіріп алмаңыз. Өзіндік сынақтар мен қателіктерден сабақ алған – ең жақсы әдіс.

Forbes-тің тағы бір сұхбатын ұсынамын. Дмитрий Костыгин сияқтыларды сериялық кәсіпкерлер деп атайды. Ол - «Юлмарт», «Рив Гош», «Улыбки радуги», «Любимый край» зауытының серіктесі, Colin’s және «Лента» желілерінің бұрынғы акционері. Әрине, біз әңгіме барысында табысқа жету мәселелерін сөз еттік.

«Менен адамдар көбіне миллиондаған еуро-долларды қалай табуға болатынын сұрайды. Менің бар айтарым: тереңірек қазып, алысқа тастаңыз. Шындығында, бұл мәселені қалай шешуге болады? Айталық, әлдебір ресурсты 100 есе көтеріп, көбейтіңіз, менің өзім қалай боларын білмеймін. Бірақ мен оны шешуге тырысып жүрмін. Өткен уақыттағы тәжірибелерім кейбір қорытындыларға алып келді: кем дегенде, қандай әдістермен шешілмейтінін түсіндім», - деп мойындады.

Жақында BBDO лекциялық залында «Мосигра» дүкендер желісінің негізін қалаушы Дмитрий Кибкаламен таныстым. Ол туралы 2011 жылы жазғанымда Мосиградағы орташа айлық кіріс 15 миллион рубль болған. Қазір ол 3,5 есе артқан. Дмитрийдің сөзіне қарағанда, компания «күн сайын қателік жібереді» екен. Ол өзіңнің жеке тәжірибең - ең жақсы оқу көзі екеніне сенімді, ал біздің жолымызда тұрмайтын нәрселердің бәрі бізді тек күшейте түседі. Бірақ бұл жағдайды әлдеқашан басынан кешкен адамнан кеңес сұраған артықтық етпейді. Мүмкін оның да сізге пайдасы тиіп қалар.

Менің ойымша, іскерлік әдебиетті, өмірбаяндарды оқу, соның ішінде, табысты адамдарды тыңдау үшін дәрістер мен форумдарға бару, бәрі де менеджменттің классикалық ережесіне бағынады: бәрін тыңдаңыз, бірақ соңғы шешімді өзіңіз қабылдаңыз! Бұрынғы басшыларымның бірі айтқандай, жалпы алғанда, жетістік пен табысқа жетудің өзі соншалықты алуан түрлі, тіпті әлемде ешқандай «лузерлер» болған жоқ деп айтуға да болады.

Дереккөз: Hipo.kz

Похожие материалы