Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Неліктен кредитті уақытынан бұрын жабуға болмайды?

Неліктен кредитті уақытынан бұрын жабуға болмайды?

Сәлеметсіз бе?! Мен белгілі бір банктен (белгілі себептермен банк атауы көрсетілмейді) 15.10.2015 жылы 200 мың теңге кредит алдым. Содан оны 6 айдан соң толық жабуға барсам, банк өкілдері 1 жыл өтпей жабуға болмайды дейді. Жапқан күннің өзінде көп мөлшерде пайыз төлеу керек дегенді айтады. 200 мың теңгенің орнына 385 мың теңге қайтаруым керек екен. Сонда кредитті уақытынан бұрын жабуға болмай ма?

Алмас Тоқсанбаев, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Алмас, сізбен банктің арасында қарыз алу шарты жасалған. Осы шарттың талаптарына сәйкес сізге банк несиені белгілі бір мерзімге, ай сайынғы төлемдермен тізім жасап берген. Сіздің жағдайыңызда қарыз алу шартының тармақтарымен танысу керек. Егерде шарттың тармақтарында мұндай талаптар көрсетілсе, банктің сізге қойған талабы заңның аясында болады. Себебі сіз шартқа қол қойған уақытта, шартта көрсетілген талаптарға толық келісім бердіңіз. Соның ішінде бір жыл өтпей несиені толықтай жаба алмау мәселесі мен қосымша төлейтін үстеме пайыздың көлемі де шартта көрсетілуі тиіс. Мұндай талаптарды банк көбінде көбірек үстеме пайыз көру мақсатында келісім шартта көрсетеді.

Алайда бұл келісім шарттың заңға толық сәйкестігін зерделеу үшін, келісім шартты «Заң Ақиқат» заңгерлік компаниясының заңгерлеріне көрсетіп, тегін түрде кеңес алсаңыз болады.

Басқа да түсінбеген сұрақтарыңызбен жұмыс күндері мына телефон арқылы хабарласа аласыз: 8 701 887 55 81

Сұраққа «Заң Ақиқат» заңгерлік компаниясының заңгері Жанат Маликбаевич Бутинбаев жауап берді.


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 775 476 6145 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.

Похожие материалы