Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Неміс кәсіпкерлері Грекияның еуроаймақтан шыққанын қалайды

Неміс кәсіпкерлері Грекияның еуроаймақтан шыққанын қалайды

Германияның  кәсіпкерлері мен сарапшылары Грекияның еуроаймақтан шыққанын қалайды деп жазады Deutsche Welle. Олар Алексис Ципрастың өз талаптарынан қайтып отырғандарынан қауіптенеді. Немістік кәсіпкерлердің пікірінше, Афинаға салықты емес зейнетақы жасын көтеру қажет.

"Ары қарай ешқандай келісімге бармау керек", - деді Германияның Сыртқы сауда федералды бірлестігінің басшысы Антон Бернер еуроодақ елдері лидерлерінің Афинамен келіссөздерді жалғастыру туралы шешіміне пікір білдіре отырып. Оның сөзінше, тек Грекияның еуроаймақтан шығуы ғана "Еуропа мен еуроны құтқара алады". Бернердің атап өтуінше,  грекиялық премьер-министр Ципрас Еуроодақпен жанжалды әдейі үлкейтіп отыр. Berenberg Bank-тың бас экономисті Хольгер Шмидинг пікірінше, грекиялық үкімет ұсынып отырған шаралар "экономикалық тұрғыдан алғанда ешқандай маңызға ие ие емес. Себебі олар ұзақ мерзімге экономиканы нығайтатын реформаларды емес, тек салықты көтеруді ұсынады". Оның айтуынша, Афинаға зейнетақы жүйесіндегі төлем мөлшерін көбейтпестен бұрын зейнетақы жасын көбейту қажет. Қазіргі уақытта Грекия Еуропалық ОБ, Еурокомиссия және ХВҚ тарапынан қаржылай көмек алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер көмек берілмесе мемлекет қарыздарын да өтей алмайды. Афина зейнетақыны және басқа да  әлеуметтік шығындарды азайту тәрізді несие берушілердің талаптарын орындауға дайын екендігін мәлімдеді.  Грекия кезекті траншын ХВҚ-ға 30 маусымда төлеп бітуі қажет.

Похожие материалы