Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Несие алатындар көбейді

Несие алатындар көбейді

Астана. 17 қараша. 7kun.kz - 2016 жылдың 9 айында берілген несиелер көлемі 525 млрд теңгеге артты.  Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

«Банктердің экономикадағы несие қалдығы биыл өзгерген жоқ - 12,7 трлн теңге. Дегенмен, 2016 жылдың 9 айында берілген несиелердің көлемі 525 млрд теңгеге ұлғайып, 7,2 трлн теңге болды», - деді Д. Ақышев.

Оның сөзінше, теңгемен берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі қаңтарында 23,7 пайыз болса, қыркүйекте 16,3 пайызға  дейін төмендеген.

«Ұлттық банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады. Экономикадағы дағдарыс құбылыстары сақталған жағдайда Ұлттық банк қаржы нарығын реттеудің жаңа сипатын ұстанады», - деп қорытындылады Д. Ақышев.

Похожие материалы