Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Несие тарихы: Коллектордың әлегі

Несие тарихы: Коллектордың әлегі

2015 жылдың желтоқсанында, яғни жаңа жыл қарсаңында 1 000 000 теңге сомасында кепілсіз тұтынушылық несие алдым, сосын тура бір жыл жаптым. Өзімнің жеке басымдағы материалдық дағдарысқа байланысты мәселелер пайда болып, бір жылдан кейін қарызды төлей алмай қалдым. Банк менің несиемнің мәселесін шешуді коллекторлық компанияға тапсырды. Олар маған күнде телефон шалып, хат жазып, жұмыс орныма хабарласып, қорқытып-үркітіп менімен жұмыс істей бастады.

Ақыры бір шешімге келдік. 420 000 теңге төлесем, пеня өсімін және мерзімі өткен берешекті алып тастайтын болды. Кейін машинамды сатып, 420 000 теңгені төледім, сосын пеня өсімі мен мерзімі өткен берешекке түзету енгізу туралы өтініш жаздым. Содан кейін олар үш ай тынышталып қалды. Үш айлық үнсіздіктен соң, оларға телефон шалсам, менімен жұмыс істеген қызды жұмыстан шығарып жіберген, қорытындысында маған күзде хабарласып, пеня өсімі мен мерзімі өткен берешекті 100% алып тастауды жоққа шығарған, тек 60% алып тастайтын жаңа есеп қойыпты. Сомасы да аз емес, шамамен 450 мың теңгедей, әрине, ондай ақша жоқ, болуы да мүмкін емес менде, мен кезінде төлеген кезде өтеп тастап, қайтадан кесте бойынша ретімен төлеймін деп ойлағам. Осылай болып қалды, ана коллекторларға хабарлассам, дұрыс шеше алмайды, жаңа сомаларды үстіме жаба береді, банктен де қайыр жоқ. Ал жақында дебиторлармен жұмыс бойынша қызмет хабарласты, олардікі де сол.

Не істейін енді, кеңес беріңіздерші?

Похожие материалы