Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үлестіру, айырбас, және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Несие құннының үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өнідірісте ғана пайда болмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процессінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс сатысымен емес өнімінің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өнідірстегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып саналады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәмле типтерінің формальді ұқсастығы олардың бір атаумен - - «несие» - - бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие, шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез – келген халық шарушылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шарушылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәмле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді.
Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар әр түрлі тарихи кезеңдерге, тауар шаруашылығының алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық бәрінде де болды.
Қарыз мәмлесі ретінде несиені екі көз қараста қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық заңдылық белгілері көзқарасынан , екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір бірініен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмлесінің эконмикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.
Егемен Қазақстанның дамуының он жылдығы елдің әлеуметтік экономикалық жүйесінің кең көлемді және түпкілікті қайта құрылуымен ерекшеленеді. Осы жылдары радикалды реформалар мемлекеттіліктің орнығуы мен КСРО кезеңінде пайда болған терең экономикалық дағдарысты жеңіп шығуы жағдайында жүзеге асты. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары шаруашылық механизмін жетілдіру, командалық – бөлініс жүйесін әлсірету мен тауар өндірушілердің құқықтарын кеңейту, шаруа ісін жүргізудің рыноктық принциптеріне өтудің алғашқы бағдарламаларын іске қосу бойынша қолданылған шаралардың нәтижесі сәтсіз болғаны белгілі. 90 жылдардың басындағы экономикалық өндірістің құлдырауы, кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуі, қаржы – несиелік жүйенің бұзылуы, рубельге деген сенімнің жоғалуы, дүкендердің бос сөрелері мен тауар бөлудің талаптық жүйесі тән болды.
Елді жүйелік экономикалық қайта құру жолындағы өткен он жылдықты белгілі бір кезеңдерге бөліп қарауға болады. Алғашқы кезең 1992 – 1993жж. яғни экономиканы түпкілікті реформалаудан өз төл ақшамызды шығаруға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде макроэкономикалық саясат Ресейде белгіленетін еді. Жалпы республиканың бүкіл экономикасы көрші елді қабылданған шешімдерге тәуелді болатын. Инфляция бұрын болмаған қарқынмен өсті. Өткен жылдың желтоқсанның басындағы процентке шаққандағы тұтынушылық құн индексі 1992ж. соңында - 3060 -ты, 1993ж. - 2265 – ті құрады.
Елдегі нарықтық қайта құрулардың екінші кезеңі 1993ж. қарашадағы ұлттық валютаның енуімен және дербес макроэкономикалық саясаттың қалыптасуымен басталды. Ол салық салу, бюджеттік және банктік салалардағы, сыртқы экономикалық жұмыстардағы, оның ішінде шетел капитал тарту мен кеден ісі, нарықтарды қалпына келтіріп отыратын нормативтік – құқықтық базаның құрылумен ерекшеленеді. Инфляцияға қарсы қатаң саясат жүргізілуінің нәтижесінде қаржы тұрақтылығы бойынша алғашқы айтулы нәтижелерге қол жетті, тұтынушылық құн индексі 1994ж. 1258 – ге, 1995ж 160,3 – ке, 1996ж 128,7 – ге түсіп теңгенің валюталық бағамы тұрақталды, бюджеттегі жетіспеушілік азайды, бірқатар экспортқа бағытталған өнеркәсіп салаларындағы өндіріс тұрақты күйге түсіп, біраз жандана түсті.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – нарықтық экономика жағдайындағы қысқа мерзімді несиелеу проблемаларын зерттеп, сараптау болып табылады.
- Несиенің мәні, құрылымы, атқаратын қызметтері
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы кезеңі шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста болады. Ұдайы өндіріс процессі материалдық игіліктерінің қоғамдық өндіріс процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әр бір саты - өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс базаларына бірлігімен өзара әсері тауар – ақша қатынастарының, құнын тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады.
Екінші жақ – қарыз беруші өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірігей ұдайы өндіріс процесінің субьектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан, несиенің мәні ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құнын белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда болмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатысушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан, несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.
Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оның несиелік қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбас пен өзара әрекет процесінде өндірістің белгілі бір мағынасы бар.
Өндірілген өнім мен оның бөліктері жеке адамдардың қолпына тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады. Өз кезегінде өндіріс және айырбас біртұтас алғанда өндіріс пен және бір бірімен өзара әрекетте болады; Өндіріс осы бөліктермен анықтала алады. Мысалы, нарық ұлғайған кезде, айырбас саласы, өндіріс көлемі өседі және оны жүктелінуіне тереңдей түседі. Үйлестірудің өзгерісімен өндірісте өзгереді; Мысалы, капиталдың шоғырлануы мен қала мен ауыл арасындағы әр түрлі үлестірумен және тағы басқа несие үлестірумен байланысты, бірақ ол үлестіру қатнасын білдіреді. Үлестіруге екі маңызды жағдай тән:
Үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір жеке адам өндірілген өнімге қатысады;
Ол қоғамнан келіп шығатын көз ретінде анықталады.
Айырбастың үлестіруден айырмашылығы біріншіден, ол жеке адамға үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін белгілі бір өнімдерге қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге жеке адамнан шығатын көз ретінде анықталады. Үлестіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар ұдайы өндіріске қатысушылар арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын қатнастарды негіздеп есептеуде мүмкіндік береді. Алдағы және несиелік қатнастар құн қозғалысы кезіндегі өндіріс уақытымен құн уақыты арасындағы, оның ақша формасында шоттарда уақытша тұрып қалуы мен оларды тауар өндірісінде пайдалану қажеттілігі арасындағы қарама – қайшылықтарды шешудің табиғи процесі ретінде пайда болды.
Біріншіден, қоғам босатылған ресурстарды бекерге доғарылуын болады.
Өндіріс уақытымен айналыс уақыты арасындағы сәйкес келушілік, құндық субстанциясы бар жиынтық ұлттық өнім қозғалысына да қатысты. Босатылған ресурстар жиынтық ұлттық өнім құнын барлық бөліктерінің -«С» , «V» және «H» - өнімдері болуы мүмкін. Мысалы, жалпы экономика көлемінде өндірістік процесінде жұмсалған өндіріс құралдарын қалпына келтіру қоры бірден жұмсалмайды: амортизациялық аударымдар жинақталады, бос ресурстар өз қозғалысында тоқтап қалған және өнімді пайдалануда талап ететін құндар түрінде тұрып қалады. Ұдайы өндірістің обьективті процестеріне байланысты құн өндірісте толығымен қатыспайтын, «V» - да осындай көрініс байқалады, оның кейбір бөлігі уақытша пайдаланылмайды және ақшалай формада банктегі шоттарда тұрып қалады. Әрине бұл қоғамдық өнім оның уақытша босатылған бөлігі несиеге негізделіп жинақталады, қарыз ақша түрінде өз қозғалысын жалғастырады. Мұнан басқа «М» түрінде жаңадан жасалған құнның бөлігі несие арқылы қайта бөлу сферасына тартылады, несие қозғалысына құндық сипат беруі мүмкін.
Тауар шаруашылығы жағдайында өндірістік капиталдардың (негізгі және айналым) шеңбер айналымы және айналымы несиенің обьективті қажеттілігін толық түрде түсіндіре алмауын атап өту керек. Уақыт бойынша капиталдың шеңбер айналымы мен айналымының кеңістікте бір қалыпты еместігі тек қаражаттардың бір буында босатылуы және басқа буында оларға қажеттіліктің бар болуын сипаттайды. Демек, тауар шаруашылығында капиталдардың шеңбер айналымы және айналымында несиелік қатнастардың пайда болу мүмкіндігі қаланған. Несие мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар қажет. Олар кем дегенде екеу; бірінші, несиелік мәмлеге қатысушылар - қарыз беруші және қарыз алушы экономикалық байланыстардан келіп шығатын міндеттемелердің орындалуына материалдық кепілдік беретін заңды дербес субьектілер ретінде болуы керек. Несиелік қатнасқа түсуші заңды тұлғалар өз қызметтерін нарық заңдары және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге асырулары қажет; екіншісі – несие қажеттілігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет болып табылады. Несиелік мәмле жасалуы үшін оның қатысушылары өзара ықылас білдірулері қажет. Экономикалық қатнастар бірінен бұрын мүдделер ретінде көрінеді. Бұл мүдделер соңында өндірістік қатынастың қатысушылардың еркімен реттелетін қандайда бір субьективті нәрсе емес. Әрекетті тудыратын кез – келген мүдде бәрінен бұрын обьективті процестерге, өзара мүдделікті болдырмай қоймайтын нақты жағдайларға сүйенеді. Несиелік қатынастар, бір жағынан, қарыз берушімен қарыз алушы арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру;
Екінші жағынан, оларды алу кезінде мүдделілік пайда болған жағдайда ғана жүзеге асады. Осылайша, несиелік капиталдардың шеңбер айналымы және айналымында белгілі бір жағдайларда несиелік қатынастардың пайда болу мүмкіндігі шындыққа айналғанда қажет болады. Несиелік субьектілері өзара мүдделерге негізделген эконмикалық байланыстар тұрақтылығымен, бірқалыптылығымен сипатталады, біртұтас жүйе ретіндегі несие шеңбері мен анықталады. Қажеттілік категориясы көбімен обьектінің тереңдей таным дәрежесін, яғни оның мәнін заңдылығын ашып, ақиқат өмірдің ішкі тұрақты қайталанып отыратын жалпылама қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.
Несиенің мәнін ашу – бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның қозғалысын қарастырып көрейік. Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмлесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмлесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды, оны осы мәмле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы қарыз мәмлесі болып табылатын өндірістік сипаттайды. Қарыз мәмлесі тауар шарушылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмлелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәмле типтерінің формальді ұқсастығы олардың бір атаумен - - «несие» - - бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие, шарушылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез – келген халық шарушылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шарушылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәмле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы, өндірістік экономикалық категориясы ғана емес, тауар шарушылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан қолға өтуі қарыз келісім арқылы жүзеге асатын әр түрлі обьектілердің айырмашылығынан көрінеді.
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді, бақыланатын халық шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрінен бұрын қоғамдық өмірде несие деп аталатындары іріктелініп алынады, сонан соң бұл құбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді.
Олардың барлығына тән белгілері;
Бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады.
Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар әр түрлі тарихи кезеңдерге, тауар шаруашылығының алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық бәрінде де болды.
Қарыз мәмлесі ретінде несиені екі көз қараста қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық заңдылық белгілері көзқарасынан , екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір бірініен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмлесінің эконмикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.
Бұл жағдайда былайша түсінуге болады. Несиені оның техникалық – заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процессін жүзеге асыратын мәмленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданды.
Несиелік ресурстар
Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады. Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидумға үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін белгілі бір өнімдерге қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген қателіктерге сәйкес бөлініп қойғанды қайта бөледі.
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің көзқарасымызша, эконмикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы.
Коммерциялық банктер қарыз беру процессінде пайдалану үшін жинақтайтын несиелік ресуртар келесі көздер есебінде құрылады:
Дипозиттер
Банк аралық заимдар
Депозиттік емес көздер
Коммерциялық емес көздер
Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкте белгілі бір талаптардың бар екенін куәләндыратын банктік шоттардағы жазулар немесе
клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі.
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі:
Несие түрлері
Несиенің түрлері белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі .
Түрдің формадан айырмашылығы – диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуі анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Несие теориясы оны техникалық - заңдылық категория ретінде емес, қоғамдық- экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның шартты - заңдылық, белгілері жағына оқып білетін несиелік мәмлені тек меншіктің қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ерекше түрі ретінде түсінуі үшін маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде емес несиелік мәмлені ерекше тарихи заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.
Осылайша, несие өндірістік қатнастарды білдіретін экономикалық категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория екенін атап өту керек. Бұл өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар. Несиенің және несиелік қатнастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар шаруашылығы болып табылады. Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді: Біріншіден, тауар тек натуралды формасы және құны әсер болған жағдайда ғана тауар бола алады. Тұтыну құндары өзінің екі жақты сипатына байланысты тауар бола алады. Біріншіден олар бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болады, екіншіден, қандайда бір заттар бір біріне тауар ретіндегі катнаста болуы үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті, өз меншігіндегі тауарды иелігінен шығара отырып, басқа тауарларды өзіне иеленуде ықыласы бар меншік иелері ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрулары қажет.
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы саласының несие үшін маңызы зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну иелері экономикалық қатнасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған айырбас саласынан іздеу қажет.
Қолдан-қолға тауарлардың қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы несие жағдайындағы қатнастың пайда болуына негіз болып табылады. Осыған байланысты бір маманның мынандай пікірін атап өту артық болмайды: «Бірте-бірте айырбас саудаға айналды, саудамен арнайы адамдардың жаңа тобы – көпестер пайда болды, жәрменкелер яғни уақытша нарықтар құрылды. Көпестер мен жәрменкелер яғни жалпы сауда мен бірге алғашқы несие пайда болды, жылдың белгілі бір уақытында көпестер мен сатып алушылар кездесетін ерекше орындар пайда болды. Егер саудагер тауарды сатудан бұрын оны сатып алуға тиіс болса, онда осы уақыт ішінде несие алуға деген қажеттілік яғни бұл адамға қарыз беру мүмкіндігіне деген сенім пайда болады.»
Несие қарыз мәмлесі ретінде де, орта ғасырльқ қол өнер, крепостнойлық шаруашылықта да және дамыған тауар шаруашылығында да кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз алушы бір қарыз мәмлесінде кездесіп тұрдық, бірақ осы мәмлелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы осы мәмлелер болып табылатын өндірістік қатнастардың әр түрлі шаруашылық жүйелерінде бір-бірінен өте қатты айырмашылықтар болады. Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процессінде пайда болатын негізгі өндірістік қатынастармен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шегінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруына қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады. «өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам деп аталатындарды құрайды және сонымен бірге тарихи дамудың белгілі бір соммасында тұрған, өзіне тән ерекше сипаты бар қоғамды құрайды».
Қоғамды негізгі өндірістік байланыстарынан сүйенген несиелік қатынастар жекелеген тұлғалармен кәсіпорындар, кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарыньң арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болды.
Айналыс сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастар мен анықталады. Осылайша, белгілі бір өндіріс, белгілі бір тұтынуға, үлестіруге, айырбасқа және осы әр түрлі жағдайлардың бір-біріне белгілі бір қатынасына себепші болады. Өндіріс жағдайындағы айырбас құны немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тәрізді әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар айналысының бір формасы болған мәмле типі болып табылады. Тауар айналысының бір формасы өндірістің ерекше шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың иеліктен шығарылуы уақыт бойынша олардың бағасының өткізуіне бөлініп қалады. Бұл шарттар мынаған байланысты: тауарлардың бір типі өз өндірісінің көп уақытты, ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді. Әр түрлі тауарлардың өндірісі жылдың әр түрлі мезгілімен байланысты. Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарықта сапар шегуі қажет. Сондъқтан, әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алушылар бұрын сатушы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмлелердің бір тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарларды сату шарттары олардың өндіріс шарттарымен реттеледі. Екінші жағынан, тауарлардың бір турін пайдалану. Көп жағдайда сатып алушы тек мерзімі өткеннен кейін ғана шын мәнінде тауардың тұтыну құнын алады. Сондъқтан да ол тауарды төлемі төленгеннен бұрын алады.
Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де себептері болып табылады. Жай тауар шаруашылығы жағдайында тауар айналысының формасы ретіндегі қарыз мәмлесі қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда өндіріс шарттары несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды. Тауар айналысынан ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің қажеттілігі туралы түсінікті тереңдетеді Айырбас шаруашылығы жағдайында құн қозғалысы капиталдардың шеңбер айналымында және өндірістік айналымда нақтылы түрде көрінеді және ол несиелік қатынастар пайда болды, дамитын нақтылай экономикалық негіз болып табылады. Артынан несиелік қатынас өзінің табиғаты бойынша құндық болады.
Несиенің құрлымы белгілі бір мәнге арналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Бұл несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Кұрылымды талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәмледе қатнас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы_болады. Қарыз беруші мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісің тауар айналысы негізінде жүреді.
Қарыз беруші - несиелік мәмлені тек қарызды ұсынушы жағы қарыз берушінің қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерімен алынған ресурстар бола алады. Банктердің құрылуымен қарыз берушілердің шоғырлануы жүреді. Банкирлер басқа қарыз берушілердің өкілі болады. Банкирлер ұжымдық қарыз берушілер бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдалана алмайтын ресурстарды жинақтай алады. Кейбір жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға беріледі. Коммерциялық несие кезінде қарыз беруші сатуға жататын тауарларды қарыз алушыға береді. Қарыз беруші ретінде басқа шаруашылық иесін белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлга болады. Қағида бойынша қарыз беруші ерікті түрде болады. Қарыз алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімін еріктілігі бұзылады, қарыз алушымен анағұрлым қатаң қатнастарға әкеп соқтырады. Қарыз берушілердің әсер болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімін өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінде барысына байланысты.
Қарыз алушы несиелік қатнастың, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағдай болып келеді. Борышкер және қарыз алушы бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш -міндетті жолы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмлеге сәйкес борышкер туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.
Тарихи жағынан қосымша ресурстар деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлгалар болды. Бастапқыда олар өз еңбектерімен құн көруші ұсақ шаруалар, қолөнершілер болған еді. Өсімқорлық несиенің әсер болуының басқа формасы. Банктердің құрылуы мен қарыз берушілердің шоғырлануы жүреді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашыльқ ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының қарыз берушіден айырмашылығы ол несиелік мәмледе темендегідей ерекшеліктерге ие:
Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардъң уақытша иесі ретінде болады, өзіне тиісті емес, бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді.
Екіншіден, қарыз алушының қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өпдіріс сферасында да пайдаланады. Қарыз беруші өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына ала алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған кезде қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы қарыз берушімен жеткілікті түрде есеп айырысумен қоса қарыз пайызында төлейді.
Төртіншіден, қарыз алушы өзінің қарыз берушісі қойған талаптарды орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының қарыз берушімен экономикалық тәуелділді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануы, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді. Қарыз беруші және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз мақсаттарымен мудделерінің бірлігі көрсетіледі. Несиелік қатынастар шеңберінде қарыз беруші мен қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін. Қарыз беруші қарыз алушыға, қарыз алушы қарыз берушіге айналады.
Қарыз беруші мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың бірлігі сипатында болады. Несиелік қатынастардың қатысушылары ретінде қарыз берушінің қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады. Сондай-ақ, несиелік қатынастар қурылымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға қарай кері қозғалатын объекті болып табылады. Беру объектісіне қарыздылық құн жатады.
- Несиенің экономикасының тұрақтандырудағы маңызы
Несиенің мәні оның қозғалысының заңдылықтары мен тағы толығырақ ашылады. Төмендегідей түрде несиенің қозғалысын көрсетуге болады: несиенің орналастыру (НО)- қарыз алушының несиені алуы, (НА) - - несиені пайдалану (НП) - ресурстардың болуы, (РБ) – несиені пайдалану (НП) -ресурстардың босауы (РБ) - уақытша алған құнның қайтарылуы (ҚҚ) -несие формасында орналастырылған қаражаттарды қарыз берушінің алуы.
Несиені орналастыру (НО) - оның қозғалысындағы маңызды кезең. Кредитор өзінің ресурстары анағұрлым тиімді формада орналастырылғанына сенімді болуы керек. Банктер кредитор ретінде аяқтаушы кезеңнің талаптарына сәйкес несие беруі -қарыздың қайтарылуы, демек оның тиімді пайдаланылуы. Қарыз алушының несиені алуы (НА) -қарызға берілген құнның белгілі бір уақытқа ұсынылғанын білдіреді. Несиені пайдалану (НП) процесінде берілу объектісі ретінде оны тұтыну құны өткізіледі. Ресурстардың босауы (РБ) - қарыз алушының шаруашылық процесінде құнын шеңбер айналымы актінің ақталуымен сипатталады. Сондықтан несие қозғалысының бұл кезеңі оның шеңбер айналымының келесі жағы фазасына өтуі үшін материалдық алғы шарт болып табылады.
Несиенің қайтарылуы (НК) - уақытша алынған құнның қарыз алушыға кредиторға өткенін білдіреді. Несие қозғалысының соңғы сатысы бұл уақытша пайдалануға берілген (ҚА) құнды кредитордың алу актісі болады. Осылайша несие зандылықтарын талдау процессінде біз бұл қозғалысты барлық сатылары қарызға берілген құнын шеңбер айналымы бөліктері ретінде өзара байланыста және өзара шартты екенін көреміз.
Несиелеу теориясында оның келесі функцияларын атап көрсетуге болады: Қайта бөлу; нақты ақшалар несиелік операцияларының алмастыруы. Кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынас айырбас процессінде уақытша босаған құнын қарыз алушыға берілуі жолымен қайта бөлу сатысында пайда болады, содан соң бұл құн өзінің алғашқы несие қайта оралады. Осыған байланысты несиенің қайта бөлу функциясын көрсету керек. Бірінші жағдайда кредитор қарыз мәмлесі арқылы қарыз алушыға тауарлы материалдық, құндылықтарды бере алса, басқа жағдайда ақшалай қаражаттарды береді, бірақ екі жағдайда да беру объектісінің формалары әр түрлі болғанымен оның мазмұны біреу -құн қайта бөлінеді. Қайта бөлу қандай белгілер бойынша жүретініне байланысты мынандай түрлерге бөілінеді:
- Аумақ аралық
- Сала аралық
- Шаруашылық аралық
- Сала ішілік.
Қайта бөлудің барлық түрлеріне берілген құнға меншік иес1 кредиторда сақталады.
Егер несиелік қатынаста кредитор мен қарыз алушы ретінде олардың орналасқан жерінде тәуелсіз әр түрлі заңдылық тұлғалар түсетін болса, қунның қайта бөлінуін аумақ аралық деп атауға болады. Сала ішілік қайта бөлу салалық банктерден несие алған кезде орын алады. Егер құн бір саланың өкілі болып табылатын кредитордан, басқа саланың кәсіпорны болып табылатын қарыз алушыға берілген жағдайда несиенің көмегімен сала аралық қайта бөлу орын алады. Егер кредитор бір шаруашылық субъектінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартып, оны басқа субъектілерге қарызға беру көзі ретінде пайдаланылса, онда қунның шаруашылық аралық қайта бөлінуі орын алады. Несие аралық ресурстардың қайта бөліуін әр түрлі деңгейде қарастыруға болады. Несиелік қатынастардың субъектілері деңгейінде құнның жеке шеңбер айналымында және айналысында тауарлы материалдық құндылықтардың да ақшалай қаражаттардың да қайта бөлінуі журеді. Халық шаруашылығы деңгейінде құнның жиынтық шеңбері айналымға оның қозғалысы несие арқылы жиынтық ұлттық өнім мен ұлттық табыстың қайта бөлінуіне ұласады. Несиенің қайта бөлу қызметі құнын жалпы қайта бөлінуін емес, уақытша босаған құнын қайта бөлінуін қозғайды.
Несиені қайта бөлу функциясы төменде берілгендей ерекшеліктері бар:
- Біріншіден, несиенің көмегімен тек материалдық игіліктердің яғни жалпы ұлттық өнімнің құны ғана бөлініп қоймайды, сонымен қатар елдің экономикасы дамуының алдыңғы кездерінде жасалған құны да қайта бөлінеді.
- Екіншіден, несиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы қайта бөлінуін қозғамайды, уақытша босаған құнын қайта бөлінуін сөз етеді.
- Үшіншіден, қайта бөлу функциясының мәнділігі уақытша босаған құнды уақытша пайдалануға беру процессі болып табылады.
- Төртіншіден, несиенің көмегімен уақытша босаған құнның берілуін нарықты экономикаға тән делдал банктердің және басқа несиелік мекемелердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Несиенің тағы бір функциясы ретінде нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы болып табылады. Тауар шаруашылығында нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Қазіргі тауар шаруашылығында қарызға берілген құнның шаруашылық айналымына енуі ақшаның жалпылама орнын басу функциясын орындамайды, ал экономикалық айналымда олардың уақытша орнын басу функциясын орындайды. Қарыз алушының алған және шаруашылық айналымға енген қарызға берілген құн ақша тән «жұмысты» орындай бастайды, Нақты ақшалардың орнын несиелік операциялар басуының келесідей алғы шарттары бар:
- Біріншіден, банк жүйесінің дамуы және төлем айналымын ұйымдастыруда оның рөлінің жоғарылауы.
- Екіншіден, экономикада төлем міндеттемесінің немесе талабы бар құжаттардың дербес айналысы.
- Үшіншіден, Орталық банктердің несиелік ақшаларды эмиссиялауы.
Несие теориясында оның келесі функциялары бөлініп шығарылады: қайта бөлу; нақты ақшаларды несиелік операциялардың ауыстырылуы.
Қайта бөлу қандай белгілер бойынша жүретініне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді: аумақаралық, салааралық, салаішілік шаруашылықаралық. Қайта бөлудің барлық түрлерінде берілген құнға меншік иесі кредиторда сақталады.
Несиенің қайта бөлу функциясының төменде берілгендей ерекшеліктері бар:
- несиенің көмегімен тек материалдық игіліктердің, өндіріс құрал - жабдықтарының және тұтыну затының, яғни бір жыл ішінде өндірілген жалпы ұлттық өнімнің құны ғана бөлініп қоймайды, сонымен қатар елдің экономикасының дамуының алдыңғы кезеңдерінде жасалған құнда қайта бөлінеді.
- Несиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы қайта бөлінуін қозғамайды, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін сөз етеді.
- Қайта бөлу функциясының мәндігі уақытша болмаған құнды уақытша пайдалануға беру процесі болып табылады.
- Несиенің көмегімен уақытша босаған құнның берілуі нарықтық экономикаға тән делдал банктердің және басқада несиелік мекемелердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Несиенің тағы бір функциясы ретінде нақты акшалардың орнын несиелік операциялардың ауыстыруы болып табылады. Тауар шаруашылығында нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Қарызға берілген құнды тауарлы-материалдық құндылықтар, қызметтер, өзара талаптарды есептеуді аяқтау, аккредетивтер ашу, тұрғындардың тұтыну тауарларын алуы үшін шоттарды төлеуге пайдалану, қолма-қол ақшалай төлемдерді қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, осылайша айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауар шаруашылығында қарызға берілген құнның шаруашылық айналымы ақшаның жалпылама орнын басу функциясын орындамайды, ал экономикалық айналымда олардың уақытша орнын басу функциясын орындайды, қарыз алушының алған және шаруашылық айналымына енген қарызға берілген құн ақшаға тән «жұмысты» орындай бастайды (тауарла-материалдық құндылықтарды алу үшін жалақыны төлеу және т.б. пайдаланылады).
Несиелік қатынастар пайыз дербес экономикалық категория ретінде тіркелген тікелей негіз болып табылады.
Қарыз пайызының мәні оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері-қарыз пайызының тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Несиеге қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен арластыруға болмайды.
Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:
- Қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;
- Несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық құқықтық айырмашылық;
- Қарызға берілген құн мен пайыз төлеу сомасы қозғалысының әр түрлі бастамасы;
- Несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс процесінің әр турлі сатыларында пайда болуы;
Бұл айырмашылықтарды толығырақ қарастырамыз.
1.егер несие-бұл қайтарымдылық негізінде құнның қозғалысы болса, онда пайыздық соманың төленуі құнының белгілі бір бөлігінің эквивалент алмай берілуін сипаттайды. Несиені пайдаланғаны үшін төленген пайыз қайтарылмайды, оның сомасы толығымен субъектіге көшеді, яғни пайыздық соманы алушыға.
- несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық шарт бойынша қарыз алушы мен кредитор арасындағы ек1 міндеттемеде көрсетіледі: несиені қайтару міндеттемесі және оны пайдаланғаны үшін пайыз төлеу міндеттемесі. Кредитор үшін қаражаттарды авансылау тән болса, ал қарыз алушы үшін пайыз сомасын төлеу құнын шеңбер айналымының аяқталғанын, қаражаттардың белгілі бір сомасының қарыз алушыдан кредиторға өткенінш білдіреді.
- несиеге және пайызға байланысты қатынастарда қозғалыстың басталуы әр түрл1 сияқты. Қарызға берілген құнның қозғалысы кредитордан қарыз алушыға қарай басталса, пайызды төлеу кері бағытта-қарыз алушыдан кредиторға қарай жүреді.
- несие және пайыз бір - бірінен олардың ұдайы өндіріс процесімен әр түрлі сатыларында пайда болатындығымен де ажыратылады. Егер несие айырбас сферасында пайда болса, ал пайыз бөлу фазасында пайда болады. Егер несие қайта бөлу категориясында болса, ал пайыз бөлу категориясы ретінде болады.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруащылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстарының типі ретінде алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады.
III. ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НЕСИЕЛІК НАРЫҚТЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫН ТАЛДАУ
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен тәуелсіз банк жүйесін құруы барысында еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қызметі заң жүзінде 1993 жылдың 13 сәуірінде қабылданған «ҚР Банктер және банк қызметі туралы» Заңымен бекітілген болатын. Алайда, банктердің салымдарды тарту қызмет1 толығымен 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР Банктер және банк қызметі туралы» Заңымен реттеледі.
Банк жүйесін реформалау қажеттілігі Қазақстанның эвалюциялық
дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуінің қажеттігінен туындады. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығ'ында Қазақстан Республикасының банк жүйесі реформалаудың ұзақ та, киын кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде еліміздің банк жүйесінде тек сандық емес, сонымен бірге сапалы өзгерістер болды деп айтуға болады.
Банктің несиелік саясаты мен несиелік портфелінің қалыптасуына әсер ететін факторларға келесілерді жатқызуға болар еді. Клиент тұрғысынан алғанда:
- экономикалық катынасқа түсетін субъектілердің мудделерінің сан алуандығы;
- географиялық жағдайлар;
- ұлттық дәстүрлер;
- әлеуметтік топтардың ерекшеліктері;
- салымшылардың орташа жастары;
- клиенттердің рухани, саяси, әлеуметтік мүдделері;
- отбасылық жағдайы;
- білімділік деңгейі;
- сақтандыру жүйесінің даму деңгейі. Банк тұрғысынан алғанда:
- бәсеке деңгейі;
- қызмет ауқымын кеңейту бағыттары;
- «бәрі де клиент үшін» саясаты;
- банктік қызметтердің сапасын арттыру;
- тәуекел деңгейін ескеру;
- банк қызметкерлерінің біліктілігі;
- банк технологиясының деңгейі.
Мұнда, клиенттерге қажетті қызмет түрлерін банк тарапынан ұсыну өте маңызды болып келеді, ал ол үшін маркетингтік зерттеулерді жүзеге асыра білген жөн. Егер де банктер өздерінің қызмет түрлерін тартымды ете алмаса, онда, банк саласындағы сырттан тартылған каржылар банк саласынан басқа салаларға құйылуы мүмкін.
Қазіргі кезде банктердің экономикалық қызметтерінің көз
назарынан несиелік операциялардың табыстылығын кұраушы бірнеше
көрсеткіштер қалып қоюда. Оларды анықтау, топтастыру, талдау,
тиімді басқару өзекті мәселелерге айналуда. Әрине деректер ағымының қалыптасқан мониторингісіз займдық операциялардың нәтижесін болжау мүмкін емес. Есепті кезеңдегі банктің несиелік қызметін талдау, талдау қызметінің жұмысының бөлігінің бірі болып табылады. Қазіргі кездегі қызметтің негізгі кезеңі банктің Несиелік саясатының бағыттарын болжау. Қазіргі кезде ресурстарды тарту және орналастыру бойынша экономикалық негізделген шешімдерді банк ішінде өтетін экономикалық процестер ғана емес оның сыртындағы процестер жөнінде де жан жақты ақпаратсыз қабылдау мүмкін емес. Мысалға несиелік портфельдің тиімділігін анықау үшін тартылатын және орналастырылатын ресурстардың көлемінің, несиелік операциялардың табыстылығын және несиелік тәуекелдер көрсеткіштері мен инфляцияны ескергендегі шығындардың, сыйақының орташа ставкаларының және пайыз маржасының салыстырмалы талдауынсыз анықтау мүмкін емес. Қазақстанның филиалдармен тармақталған ірі банктерінде орталықтанған Несиелік саясатты жүргізу тәжірибеге ендірілуде. Бұл сыйақы ставкаларының банктің жоғарғы басшылығымен реттелуінен болып отыр. Ал, ол келесі себептермен болады: біріншіден, банктік нарық реттелінетін ставкалар және тарифтер режимінде қызмет етеді, және де екіншіден, олардың вариациялары банк имиджіне әсерін тигізіп, олардың клиенттермен, бәсекелестермен өзара қатынасы бір өнімді өзге өніммен ауыстыруға ықпал етеді. Мұндай көзқарастар банк басқармасы жүргізетін орталықганған Несиелік саясат пен олардың филиалдарының нарықтық мақсаттары арасында алшақтық туындайды. Сыйақы ставкалары бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Екінші жағынан әрбір аймақтық нарықтың өзінің ерекшеліктері бар. Ол нарықтарда тек осы нарыққа тән өздерінің клиенттері мен банк өнімдері мен қызметтеріне қажеттіліктер бар. Осыған байланысты, біздің ойымызша филиал басшылары сыйақы ставкаларын басқаруы тиіс, және де оларға банк басшылығымен несиелік саясатты жүргізуде икемділік берілуі тиіс. Әртүрлі қарыз алушылар үшін несие беру және қызмет ету технологиялары және процедураларын уйымдастыруға әртүрлі көзқарастарда аймақтық нарықтарды дамытумен байланысты бірқатар факторлар бар.Олар банктің несиелік саясаттарына үлкен әсерін тигізеді. Мұндай факторларға жататындар сыртқы аймақтық ерекшеліктер, жалпы аймақтық өнімдер, филиалдың өзінің және халықтың табысы.
Қазіргі кездегі қысқа мерзімді несиелеудің бірнеше ерекшеліктері бар:
1) Несиелеудің қазіргі кездегі схемасы ымырашыл болып келеді; басшылық нұсқаулармен сипатталмайды, клиент нақты бір банкке бекітілмейді, ол өзге қажетті банкті өзі таңдайды.
2) Несиелеу схемасын бір жүйеге келтіру, оның негізі ірілендірілген объектісін несиелеу болып табылады.
3) Несиелеу келісім шарт негізінде жүзеге асырылады және коммерциялық сипатта болады. Несиені беру процессі бойынша барлық сұрақтар банк пен қарыз алушы арасында тікелей шешіледі.
4) Қазіргі кездегі несиелеу жүйесінің банк ресурстары мен пруденциалдық нормативтерге байланысты болады. Басқаша айтқанда, біріншіден, берілетін несиелер көлемі банктің сырттан тартқан каржыларының көлеміне байланысты болып келеді. Екіншіден, ҚР Ұлттық Банкі белгілейтін пруденциалдық нормативтері сырттан тартылатын қаржылардың ең жоғарғы көлемін реттейді, яғни банктің несиелеу шегі анықталады.
5) Әлемнің банк тәжірибесінде кеңінен қолданылатын несиені қайтаруды қамтамасыз ету. Мұндай көзарас банктің несиені қайтарып алудағы мүдделерін сақтауға және тәуекел деңгейін төмендетуге бағытталған.
Қазақстанда, қазіргі кезде өкінішке орай, әлі толық құнды несие рыногы қалыптаса койған жоқ. Бірақ өкімет орындары оның қалыптасуы мен дамуы үшін әр түрлі бағдарламалар жасауда. Бұл ең алдымен несиелік ресурстарға қажеттілігі бар кәсіпорындардың төлем қабілеттілігінің төлем болуымен байланысты.
Банк үшін маңызды міндеттердің бірі несиелік ресурстар рыногын қалыптастыру болып табылады. Несие операциялары банктің ресурстық базасын жайғастыруда банктің активті қызметінің негізгі бөлігін құрайды (80%-ке жуық). Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процесінде жұмыс жасайтын етуімен сипатталады.
Екінші жерде несие нарығындағы жағдай қалай қалыптасып отырғандығын бакылап көрейік.
Несие нарығы қаржы нарығының ең тез дамитын бөлігінің бірі болып қалып отыр. 2005 жылы экономикаға банктердің кредиттері 51,7%-ға өсіп, 1484,3 млрд. теңгеге жетті.
Кредиттер құрылымында валютаның түрлері бойынша да, мерзімдері бойынша да оң өзгерістер болды. Ұлттық валютадағы кредиттердің өсуі шетел валютасындағы кредиттермен салыстырғанда басым озу сипатына ие болды. Ұлттық валютадағы кредиттер 64,1%-ға өсіп, 714,4 млрд. теңгеге, ал шетел валютасындағы кредитгер 41,9%-ға өсіп, 769,9 млрд. теңгеге жетті. Нәтижесінде теңгелік несиелердің үлессалмағы 44,5%-дан 48,1%-ге дейін өсті.
2005 жылда ұзақ мерзімді кредиттер 60,3%-ға өсіп, 975,4 млрд. теңгеге, ал қысқа мерзімді кредиттер 37,6%-ға өсіп, 508,9 млрд. теңгеге жетті Ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 62,2%-дан 65,7%-ға көбейеді. Елдің несие нарығының даму кезеңінің ең көп жоғарылауы 2005 жылда (2,5 есе) көрініс тауып отыр. Нәтижесінде халъққа берілген несиенің үлес салмағы 2005 жылдағы экономикаға салған несиенің жалпы көлемінде 12,5% тен 20,5% ке дейін жоғырылады. Кіші кәсіпкерлікке берілген несиенің көлемі 47,0 % ке өсіп жыл аяғында 288,4 млрд, теңгені құрады.
Кредиттер бойынша ставкалардың динамикасы әртүрлі бағыттағы сипатқа ие болды. Мәселен, 2005жылы жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы кредитгері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 20,3%-дан 20,6%-ға дейін өсті, ал заңды тұлғалардың кредиттері бойынша 14,9%-дан 14,5%-ға дейін темендеді.
Ұлттық валютадағы депозиттер 61,0%-ға көбейіп, 624,2 млрд. теңгеге, ал шетел валютасындағы депозиттер 60,1%-ға өсіп, 553,0 млрд. теңгеге жетті. Нәтижесінде, депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгелік депозиттердің үлес салмағы шамалы ғана көтеріледі (52,8%-дан 53,0%).
Кесте 1
Валюта депозиттері
Валюта депозиттері | Көбеюі % | өсуі (млрд) |
Ұлттық валюта депозиті | 61,0% | 624,2 млрд |
Шетел валюта депозиті | 60,1% | 553,0 млрд |
Жалпы көлеміндегі теңгелік депозиттердің үлес салмағы | 52.8% | 53,0% |
Қаржы секторының тұрақты дамуы және халықтың нақты кірістерінің көбеюі жағдайында 2005 жылғы қаңтар-қарашада халық
салымдарының өсуі жалғасты. Халъқ салымдары (резидент еместерді есепке
алғанда) 22,6%-ға өсіп, 420,9 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте долларландыру
деңгейінің төмендегені байқалды.
Кесте 2
Екінші деңгейдегі банктердің экономика бойынша кредиттері
2003 ж. | 2004ж. | 2005ж. | |
Барлық кредиттер | 978128 | 1484010 | 2592090 |
Өнеркәсіп | 273486 | 289614 | 437727 |
Ауыл шаруашылығы | 117354 | 125204 | 163990 |
Құрылыс | 75178 | 158799 | 313488 |
Көлік | 31453 | 56200 | 96049 |
Байланыс | 7730 | 19670 | 21697 |
Сауда | 276892 | 398624 | 638347 |
Өзгелер | 196035 | 435899 | 920792 |
Қысқа мерзімді | 369775 | 508596 | 869136 |
Өнеркәсіп | 100101 | 99580 | 186750 |
Ауыл шаруашылығы | 45345 | 48220 | 61471 |
Құрылыс | 25362 | 52240 | 109368 |
Көлік | 8845 | 12696 | 37373 |
Байланыс | 1285 | 8647 | 8176 |
Сауда | 146417 | 207791 | 303956 |
Өзгелер | 42420 | 79422 | 162041 |
Ұзақ мерзімді | 608353 | 975414 | 1722953 |
Өнеркәсіп | 173385 | 190034 | 250976 |
Ауыл шаруашылығы | 72010 | 76984 | 102519 |
Құрылыс | 49817 | 106559 | 204120 |
Көлік | 22608 | 43505 | 58675 |
Байланыс | 6444 | 11023 | 13521 |
Сауда | 130475 | 190833 | 334390 |
Өзгелер | 153615 | 356476 | 758751 |
Кесте 3
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу объектілері бойынша кредиттері
2003ж. | 2004ж | 2005ж. | |
Барлық кредиттер | 978128 | 1484010 | 2592090 |
Айналым қаражаттарын сатып алуға | 510022 | 604104 | 1019851 |
Негізгі құралдар сатып алуға | 116332 | 183723 | 282022 |
Жекешеліндірілетін мемлекеттік объектілерді сатып алуға | 383 | 285 | 161 |
Жаңа құрылыс және қайта жаңарту үшін | 106781 | 152167 | 262641 |
Азаматтардың тұрғын үй салуы және сатып алуы үшін | 37339 | 129099 | 268563 |
Азаматтардың тұтыну мақсатына | 63306 | 144422 | 320501 |
Бағалы қағаздар сатып алуға | 20010 | 20279 | 18058 |
Кесте 4
Банктердің халыққа ипотекалық кредит беруі
2003ж. | 2004ж. | 2005ж. | |
Барлық кредиттер | 29509 | 99366 | 220504 |
Ұлттық валютада: | 6728 | 11439 | 45181 |
Қысқа мерзімді | 347 | 305 | 105 |
Ұзақ мерзімді | 6381 | 11135 | 45076 |
Шетел валютасында: | 22782 | 87927 | 175323 |
Қысқа мерзімді | 91 | 290 | 198 |
Ұзақ мерзімді | 22691 | 87637 | 175125 |
Кесте 5.
Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне берген кредиттері.
2003ж. | 2004ж. | 2005ж. | |
Барлық кредиттер | 196212 | 288367 | 470168 |
Ұлттық валютада: | 104434 | 171541 | 261121 |
Қысқа мерзімді | 48249 | 71860 | 100628 |
Ұзақ мерзімді | 56185 | 99681 | 160494 |
Шетел валютасында: | 91778 | 116826 | 209046 |
Қысқа мерзімді | 32334 | 25692 | 40804 |
Ұзақ мерзімді | 59444 | 91134 | 168243 |
Кесте 6.
Банктердің берген кредиттері және олардың сыйақы мөлшерлемелері
2003ж. | 2003ж. | 2004ж. | 2004ж. | 2005ж. | 2005ж. | |
Млн.теңге | % | Млн.теңге | % | Млн.теңге | % | |
Барлық берігені соның ішінде | 2206113 | 13,7 | 2753694 | 13,1 | 4057155 | 13,3 |
Ұлттық валютадағы | 1049880 | 16,1 | 1379253 | 15,3 | 2290782 | 14,8 |
Қысқа мерзімді | 756457 | 16,1 | 1197609 | 14,4 | 1490541 | 14,6 |
Ұзақ мерзімді | 293423 | 16,0 | 181644 | 20,9 | 800240 | 15,2 |
Шетел валютасында | 1156233 | 11,6 | 1374441 | 11,0 | 1766374 | 11,2 |
Қысқа мерзімді | 789987 | 10,4 | 1159044 | 10,2 | 939753 | 9,5 |
Ұзақ мерзімді | 366245 | 14,0 | 215397 | 15,1 | 826620 | 13,2 |
ҚОРЫТЫНДЫ
Несие беру екінші дейгейлі банктердің негізгі экономикалық қызметі болып табылады. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде реформалау процессі жүруде. Сондықтанда банктер қысқа мерзімді несиелеу саясатын жүргізуді қалайды.
Несиені – экономикалық категория ретінде өндірістік қатынастар деп анықтауға болады. Қарыз - мәміле формасы, ал несие – осы мәміле негізінде пайда болатын және дамитын немесе онда көрініс табатын өндірістік байланыстарды өрнектейді. Несие тауар айырбас сатысында пайда болады. Қоғамның негізгі өндірістік байланыстармен негізделген несиелік қатынастарға тауар айналысы сферасында пайда болады және тауар өндірісі шарттарына туындайды.
Несиенің қажеттілігі ұдайы өндіріс процесі фазаларының бірлігімен өзара әсерін қамтамасыз ететін тауар – ақша қатынастарының тауарлай және ақшалай формаларының бар болуымен түсіндіріледі. Экономикалық категория ретінде несиені қарыз мәмілесі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік қатынастар ретінде анықтау керек. Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі өз бетінше сипаттамайды, ал жүзеге асыру формасы қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесінде несиелік қатынас субьектілері қалай өзгергенімен де несиенің формасы оның экономикалық категория ретіндегі мазмұнын білдіреді. Қарыз мәмілесінде қатынас субьектілері қарыз беруші және алушы ретінде көрінеді. Банктердің құрылуы мен қарыз берушілердің жинақталуы қатар жүреді. Банктер барлық басқа қарыз берушілердің өкілдеріне айналады. Қарыз алушылар ретінде барлық заңды және жеке тұлғалар бола алады.
Несие теориясында оның екі негізгі қызметін бөліп көрсетеді – қайта бөлу және нақты ақшалардың орнына несие операцияларының басуы. Банктік ссуда шегінде ссудалардың жекелеген түрлерін көрсетеді. Ол көптеген белгілерге байланысты болады.
Нарықтық экономика жағдайында заңды және жеке тұлғаларды несиелеудің ерекшелігі несиелік мәміленің келісімді сипаты болып табылады. Қарыз алушының міндеттемелері несиелік келісім шарттардың орындалуының алғы шарттарын растайды. Заңды тұлғалардан алып қарағанда несиелік келісім шарттың бір қатар ерекшеліктері болады. Өзінің табиғаты бойынша, несиелік келісім шарт келісімге қатысушы жақтардың белгілі бір талаптарын орындауға дайын екендігін білдіреді. Банктің несиелік саясатын жүзеге асыруының негізгі – клиенттің несиелік қабілетін анықтау болып табылады. Қарыз алушының несиелік қабілеті – несиелік келісім шартқа сәйкес заңды және жеке тұлғалардың толығымен және мерзімінде өз міндеттемелерін орындау қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау – несиені өтеу көздерін талдаудан басталады. Оны талдау көптеген қаржы көрсеткіштерінің көлемімен жүзеге асырылады. Берілген көсеткіштер арқылы баға беру өте маңызды болып табылады. Несиелік талдау тәжірибесінде қолданылатын көрсеткіштердің төрт топқа бөлуі; өтімділік көрсеткіштері айналымдылық көрсеткіштері, қаржыларды тарты көрсеткіштері, табыстылық көрсеткіштері.
Осы көрсеткіштердің мәндеріне қарай, қарыз алушылар несиелік қабілетті анықтауға мүмкіндік беретін класстарға бөлінеді.
Қазіргі кезде бардық сұранушыларға несие бере алмауымыздың басты себептеріне банктердің капиталдарынын жеткіліксіздігі болып табылады. Сондықтан ұсынып отырған шаралар: консорциалдық несие нарығын игеру; банктерге деген клиент сенімдерін арттыру; несиелік қабілет деңгейін анықтау процедурасын жеңілдету мақсатында несиелік ақпарат бюросын қалыптастару қажет: ипотекалық несие жүйесін дамыту; микронесиелеу жүйесін дамыту.
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Ашимбаев Т.Е Экономика Казахстана на пути к рынку. А.,1994.
- Конституционный закон «О государственной независимости Республики Казахстан». От 16 декабря 1991 г.
- Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. А., 1992.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан, 1997 , 11 қазан.
- Назарбаев Н.А. Жанымызда жатталсын, татулық дейім сақталсын // Егемен Қазақстан, 1998, 16 қаңтар.
- Саниев Б.Қ. «Ақша Несие Банк» Алматы 2001 ж.
- «Қазақстан республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» ҚР Президентінің 1993ж. 12 – қарашадағы жарлығы.
- Указ Президента РК имеющий силу Закона «О нацианальном Банке Республики Казахстан» 30 марта 1995 г.
- Указ Президента РК имеющий силу Закона «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» 31 августа 1995 г.
- Правила Республики Казахстан 11 деабря 1994 г.
- Гамидов Г.М. Банковское и кредитное дело М.: Издательское обьеденение «ЮНИТИ» 1994 г.
- Елубай А.Б. Казахстанские банки в системе регулирования кредитно – финансового рынка: Автореферат А.: 1999 г.
- Калиев Г.Т. Кредитное дело Алматы: Қаржы – қаражат 2001 г.
- Сейткасымов Г.С. Банковское дело Алматы: Қаржы – қаражат 2001г.
- Асипов М. Кредит для предпринимателей //Новое поколение 2000 г. 29 мая.
- Бобряшова О. Способы обеспечения обязательств: залог, задаток / //Предприниматель и прав 1996 г. №4
- Зубченко Л. Микро кредитование и принципы классического кредитного бизнеса //Финансист 1997 г №8.
- Искакова Л. В банк за кредитам // Деловая неделя 2000 г. октябрь №42.
- Ким И. Задаток или залог? : Правовой практкум // Ваше право 1998г. апрель №24
- Кулекеев Ж.К. Роль денежно – кредитной политики в оздоровлении экономики //Банк Казахстан 2003 г. №2 Куц А. Принципы синдицированного кредитования// Финансист 2002 г.
- Марченко Г. Современное состояние и перспективы развития финансового рынка и банковской системы Казахстана //Банки Казахстана 2003г. №3
- Нестеренко с. Как пожывает программа микро кредитования //Казахстанская правдв// 1999 г.
- Смагулов А. Микро кредит // Заман Казахстана 1998г.
- Утеулин Е. Основные операции банков // Банки Казахстана 2000 г. №3
- Чилинбаев А.Д. Определения рейтинга кредитной работы филиалов банков // Аль Пари 1998г. №2
- Ғ.С. Сейтқасымов * АҚША, НЕСИЕ, БАНКТЕР *