АҚШ. 6 маусым. 7kun.kz – Нью-Йорк Сенаты келесі екі жылда биткоин өндіруге тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Егер губернатор Кэти Гокул бұл заңға қол қойса, Нью-Йорк блокчейн технологиялық инфрақұрылымына тыйым салатын алғашқы штат болады, деп жазады CNBC.
Демек, Нью-Йорк штаты биткоинді өндіруге арналған кейбір операцияларға екі жылдық тыйым салуы мүмкін. Бірақ оған штаттың сенаторы қол қоюы керек. Нью-Йорк криптовалюталарды өндіруге тыйым салған алғашқы америкалық штат болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл басқа штаттар осындай бастаманы қолдап, ол домино әсерін тудыруы мүмкін.
Қытай Bitcoin өндіруге тыйым салған соң, майнерлердің біразы Нью-Йоркке қоныстанды. Бұл тұрғындар мен қоршаған ортаны қорғаушыларға ұнамады. Алайда кейбір кәсіподақтар бұл заңға қарсы, өйткені ол адамдарды жұмыс орындарынан айырады және мемлекет экономикасына кері әсер етеді деп санайды.