Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Nokia медициналық гаджеттер нарығына шығады

Nokia медициналық гаджеттер нарығына шығады

Финляндиялық Nokia компаниясы денсаулыққа мониторинг жасайтын құрал шығаратын француздық Withings компаниясын сатып алмақ. Келісім-шарт құны 170 млн еуро тұрады деп жазады CNews.ru.

Withings өнімдерінің арасында адам денсаулығының жағдайын өлшеп отыратын түрлі құралдар бар. Сондай-ақ франуздық өндіруші ол құрылғылардың жұмысын тексеріп отыруға мүмкіндік беретін 100-ден астам қосымша шығарады. Nokia үшін бұл өндірісті сатып алу интернет заттардың технологиясына (Internet of Things, IoT) қолжеткізуге мүмкіндік бермек. Сарапшылардың сөзінше, 2018 жылы IoT нарығындағы түсім 547 млн долларға дейін жетеді. Медицина - ең табысты салалардың бірі. P&S Market Research зерттеуінің қорытындысы бойынша, бұл сегменттегі орташа жылдық өім 37,6%-ды құрайды. Nokia өзінің мобильді телефондар шығаратын бөлімін 2013 жылы 7 млрд долларға Microsoft-қа сатқан. Қазіргі уақытта компания үшін бизнестің негізгі көзі - желілік құрылғы құрастыру. 2015 жылы компания телекоммуникациялық Alcatel-Lucent вендорын 15,6 млрд долларға сатып алатындығы туралы хабарлады.

Похожие материалы