Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Норвегия газ тасымалдаудан Ресейді басып озды

Норвегия газ тасымалдаудан Ресейді басып озды

Норвегия 2012 жылдан бері Ресейді Батыс Еуропаға газ жеткізуден басып озды. Бұл туралы норвегиялық газ операторы Gassco мен ресейлік "Газпромың" есептеріне сілтеме жасап Reuters хабарлайды.

2015 жылдың бірінші тоқсанында Gassco Батыс Еуропаға 29,2 млрд шаршы метр газ жеткізсе, "Газпром" 20,29 млрд шаршы метр газ тасымалдаған. 2015 жылдың бірінші тоқсаны 2014 жылдың соңында жарияланған тенденцияны жалғастырып жатыр.  Өткен жылдың төртінші кварталында "Газпром" Батыс Еуропаға 19,8 млрд шаршы метр, Норвегия 29,5 млрд шаршы метр газ экспорттаған. Газпромдағы тасымалдың төмендеуін Reuters батыс еуропалық сатып алушылардың украина дағдарысына байланысты газ жеткізу дереккөзін әртараптандыруға тырысқандығымен түсіндіреді. Сондай-ақ, "Газпромның" еуропалық тұтынушылары отынның төмен бағасына байланысты сатып алуды қоя тұрған. Ресей газының келісім-шартты бағасы мұнай бағасына тиесілі болғандықтан өткен жылғы баға құлдырауы 2015 жылдың екінші тоқсанында білінуі керек. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Ресей Еуроодақтың ең ірі газ жеткізушісі болып табылады. Еурокомиссияның бағалауынша, ресейлік газ ЕО газ импортының 42% -ын құрайды. Бірақ өткен жылы Норвегияның үлесі 34% -дан 38% -ға артты. 2014 жылы "Газпром" Батыс Еуропа елдеріне 117,92 млрд шаршы метр газ тасымалдады. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 3,7% аз. Орталық Еуропаға тасымал азая түскенімен, Түркияға эспорт көлемі жоғарылаған.

Похожие материалы