Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz – Нұрлан Сыдықов Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұрлан Ерболатұлы Сыдықов 1983 жылы туған, жоғары білімді, 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған.

Бұған дейін ол Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы болған. Түрлі жылдары Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы қызметтерін атқарған.

Похожие материалы