Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысынан үнемделетін қаржы 1,2 млрд долларды құрайды

Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысынан үнемделетін қаржы 1,2 млрд долларды құрайды

Алматы. 30 шілде. 7kun.kz — Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтандағы жеңіл рельсті көлік жолы құрылысының жобасы толығымен қайта қаралғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, "елордаға жоба қажет".

"Жоба толығымен қайта қаралды. Оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша үнемдеу 1,2 млрд долларды құрайды", - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-Министр «бірнеше шаралардың нәтижесі бойынша Астана банкіне аударылған 258 млн доллар әкімдікке қайтарылатынын» түсіндірді.

«Бұл жоба Нұр-Сұлтанның дамуына үлес қосатынына сенемін", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы LRT жобасын сынға алды.

"Үкіметке әкімдікпен бірлесіп осы мәселе бойынша" нүкте қоюды", нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Жобаны ұсынған жауапты тұлғалар сұрақтарға жауап беруі тиіс, менің ойымша, бақылаушы органдар", - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, халыққа ыңғайлы, түсінікті, практикалық көлік құрудың орнына қымбат жоба – LRT ұсынылды. Бұл ретте мамандардың, сәулет қоғамдастығының пікірлері ескерілмеген.

Похожие материалы