Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Нұр-Сұлтан қаласының басшысы ауысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алтай Көлгінов Нұр-Султанның әкімі болып тағайындалды.
Бұрын ол Батыс Қазақстан облысының әкімі болған. Бұл қызметте ол Бахыт Сұлтановты ауыстырды.
Көлгінов 2001 жылдан бастап 2008 жылға дейін Әділет министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте және Бас прокуратурада түрлі лауазымдарда болды. 2008-2010 жылдар аралығында «Алаш Медиа Групп» бас директорының орынбасары болды. 2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін - Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы департаментінің мемлекеттік инспекторы. 2012-2013 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2013 жылдан бастап 2016 жылдың наурызына дейін - Орал қаласының әкімі. 2016 жылдың 26 наурызынан бастап Батыс Қазақстан облысының әкімі.