Bank RBK-ның тәуелсіз директоры Нұргүл Ертаева 1 мамыр күні ресейлік РБК телеарнасынан алғаш рет көрсетілген «Культура как бизнес» бағдарламасының жүргізушісі болды, деп хабарлайды kapital.kz.
Нұргүл Ертаева жүргізген бағдарламаның алғашқы қонағы «Мультимедиа Арт Музей» және «Московский Дом фотографии» музейінің директоры Ольга Свиблова болды. Бағдарламада галерея және музей жұмыстары, өнерге салынатын инвестиция және мемлекеттің музейге деген көзқарасы қандай екені айтылды.
Айта кетйік, Нұргүл Ертаева мұнымен қоса «Classic» радиосында "Игра в бисер" бағдарламасын жүргізеді.