Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Құны 10-15 мың доллар тұратын автокөліктер дағдарысқа азырақ ұшыраған

Құны 10-15 мың доллар тұратын автокөліктер дағдарысқа азырақ ұшыраған

2015 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Қазақстанда 956 миллион долларға автокөлік сатып алу жүзеге асқан.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАҚ) мәліметі бойынша, 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында 956 млн доларға көлік алынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға аз (1420,9 млн доллар). Бұған себеп - жаңа автокөліктердің ресми нарығындағы сатылым көлемінің азаюы, қайталама нарықта балама ұсыныстардың пайда болуы, теңге девальвациясынан сатып алу қабілетінің нашарлауы, бірнеше көліктердің бағасын ресейліктермен теңестіру мақсатында құнын азайту. Ұлттық өндірушілер еншісінде жалпы соманың 15,05 пайызы (154,9 млн доллар) бар. Өткен жылы аталған мерзімде жаңа автокөліктер өткізілімі 307 млн доллар болған еді. Импорттаушылар үлесіне барлық тапқан соманың 85 пайызы (807 млн долдар) кіреді. Жаңа автокөліктер бағасына негізге тенденция: дағдарыс әсері азырақ тиген көліктер 10-15 мың доллар тұратындар. Олардың үлесінде барлық ресми жаңа көліктер сатылымының 44 пайызы бар. 10 мың доллардан аз тұратын автокөліктер сатылымы 37,2 пайызға төмендеген. Есептік көрсеткіште сатылым азаюы 32,4 пайыз. Мұндай жоғалтуға өткен жылғы фавориттерге арзан баға қою әсер етсе керек. Құнын жоғалтқандар ішінде HyundaiAccent және KiaRio, GAZ 3302 бар.

Похожие материалы