Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қоғамдық көлікте жеңілдіктерді кім ала алады?

Қоғамдық көлікте жеңілдіктерді кім ала алады?

Алматы қаласы әкімінің басшылығымен өткен V-отырыстың 43-сессиясы барысында жеңілдетілген жол ақысы туралы шешімді қала Мәслихаты депутаттары бірауыздан қолдады. Бұл жөнінде қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Депутаттар «Жеңілдікке мұқтаж Алматы тұрғындарына қоғамдық көлікте (таксиден өзге) жүріп-тұру ақысына жеңілдік беру» туралы мәселені қарастырды. Нәтижесінде, тариф құнының 50 пайыздық жеңілдігін электронды жолақы картасы арқылы мына адамдар ала алады: жалпы білім беретін мектептерде, техникалық білім беру ошақтарында оқитын 15 жастан кейінгі оқушылар, ЖОО-ның күндізгі бөлімінде білім алатын студенттер, жасы жеткен зейнеткерлер. Сонымен бірге, электронды карталар арқылы ҰОС қатысушыларына және 75 жастан жоғары азаматтарға жол жүру ақысы тегін болады.  

Похожие материалы