Экономика
Олжас Құдайбергенов теңге курсына қатысты пікірін білдірді
Қазақстандық экономист, Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов Фейсбуктағы парақшасында теңге курсына байланысты пікірін білдірді.
«Бүгін KASE-де теңгені орташа бағамы 1 доллар үшін 188,38 теңге болды. Бірақ, барлығының максимал сату құны 197 теңге болғанына назар аударғандары заңды. Бұл дәліздің осыған дейінгі қойылған шегі алдағы уақытта орын алатындығының белгісі. Ағымдағы дәлізді қою барысында мұнай бағасының барреліне 55-60 доллар шегінде сақталуы есепке алынып, кейбір бизнес өкілдері талап еткен девальвация талабы қабылдануы тиіс. Мейлі ол бір мезеттік не бірқалыпты болсын, алдағы уақытта қабылданады. Осы сұраққа жақында жауап беріледі деп ойлаймын», — деп жазады экономист.
Құдайбергеновтың жазуынша, жедел девальвацияға өзі қарсы және мұндай жағдайдың болмауы үшін бар күшін салған. «Бірақ, байқауымша бізге шекаралас елдердің басынан өткергенді кешуге тура келетін секілді. Соңына дейін олай бола қоймас деп үміттенемін», — дейді ол.
Бұған дейін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов жедел девальвация қажет деген болатын. Осыған байланысты Құдайбергенов екеуінің арасында пікірталас туған еді. Құдайбергенов бүгінгі жазбасында "жедел девальвация жақтаушылары" теңге бағамына өзгеріс енсе, бизнестегі бәкелестік өсіп, жұмыс орындары сақталып, өндіріс ұлғаяды деген уәде берген болатын. Егер девальвация болса сол "ғажаптардың" орындалуын күтетін боламыз" деді.
Ол сондай-ақ, девальвацияның болуы Ұлттық банкке сенімді азайтады дейді.
«Барлық негативті салдарларды тізбектеп отырудың қажеті жоқ. Болжамдар жасап жағымсыз ақпаратпен елдің көңілін түсіргім келмейді. Бұл негізінен Ұлттық банк пен биліктің жұмысы. Белгісіздіктің зиянды салдарын барынша жою үшін олар бағамға қатысты болжамдылықты жария етуі тиіс. Алайда Ұлттық банк пен теңгеге тұрғындардың сенімі төмендейтіні анық. Бұл жақсы емес”, – деп ой түйеді сарапшы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін еліміздің бірқатар банктері мен айырбастау пункттері доллардың курсын белгіленген дәліздің шекті мөлшері - 198 теңгеге дейін көтерді. 15 шілде күні Ұлттық банк валюта дәлізінің шекті мөлшерін 198 теңге деп
белгілеген еді.