Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Олжас Худайбергенов: алдағы 3-5 жылда 5-7 отандық банк қана қалуы мүмкін

Олжас Худайбергенов: алдағы 3-5 жылда 5-7 отандық банк қана қалуы мүмкін
Алдағы уақытта отандық банктердің саны күрт азаюы мүмкін. Бұл туралы экономист Олжас Худайбергенов жазды «Халық пен Қазкомды біріктіру 8,1 трлн теңге активі бар, банк жүйесінің үштен біріне тең супербанкті қалыптастырды. Қазкомды алып тастағанда банктердің саны 31-ге азайды. Тағы үш банкті алып тастау керек (Эксимбанк, Qazaq Banki, Банк Астана - жалпы активтері 530 млрд теңге) - 28 банк қалады. Бұдан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкін алып тастаймыз (активтері 850 млрд теңгені құрайтын коммерциялық емес банк). Қалған 27 банктің 13-і шетелдік банктердің еншілесі. Нәтижесінде 14 отандық банк қалды. Бұдан екі-үш "зомбибанкті" алып тастасақ, отандық банктердің саны шетелдіктерден де азаяды, бірақ соңғыларының активтері 15% аз. Меніңше алдағы үш-бес жылда бес-жеті ірі отандық банк қалады, ал шетелдік банктердің саны сақталып, активтерінің көлемі өседі",-деп жазды экономист. Ол сондай-ақ жалпы банк секторындағы басқару сапасы төмен болғанын айтады. "Банктерден тек атлет сияқты жаттыққан Kaspi Bank-ті ғана атап өтуге болады (Оның бизнес үлгісі өте тұрақты және салымшыларының 2-3 айға дейін "қашуына" төтеп бере алады, ал бұл уақытта кез-келген дүрбелең басылады), тамаша сервистен бөлек, ұялы қосымшамен толықтыра отырып  айналасына тұтас бір электрондық коммерцияның инфрақұрылымын қалыптастырды. Енді осы қосымшаға виртуалды сим картаны қосу ғана қалды. Онда банк телекомсекторға кіреді", - дейді Худайбергенов.  

Похожие материалы